Сценарий ??тты болсын жа?а жыл детский сад
«Құтты болсын, Жаңа жыл!» Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Қатысушылар: жүргізуші, Аязата, Ақшақар, Қоян, Клоун, балалар, ата - аналар.. Музыка ойнап тұрады.
Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата - аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіндер. Мына жерде орман аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!
Жүргізуші: Жаңажылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөзін мектеп директоры Қыдыралиева Лайсира Батырқызына беріледі.
Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша!
Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын айтып береді екен?
Аделья:
Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншығын балалар,
Шыршаға әсем іліпті.
Жансая:
Әсем шырша сәнденген,
Өз аңдарын күтеді.
Жаңа жылмен бірге біз,
Орманға кеп жетеді.
Арай:
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Жүргізуші: Жарайсындар, қандай жақсы тақпақтар! (шыршаның жанына жақындап келіп) бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астыңда бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша, келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік. (көңілді муз. Ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Клоун атып шығады.)
Клоун: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жалды қарсы алайыншы, сендермен
бірге ойын ойнап ән салайыншы.
Жүргізуші: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, ата - аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетпейді?
Балалар: Аязата, Ақшақар.
Жүргізуші: қәне, онда Аязатаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық. Балалар: Аязата, Ақшақар (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да, Қоян кіріп келеді.)
Қоян: Ойбай түрлерін қара! Неге тамақтарынды жыртып жатырсыңдар?!
Жүргізуші: Ал, сен неге амандаспайсын? Әдепті адам алдымен амандасып алады тегенді білмейсің бе?
Коян: Білсем бұйырмасын!
Жүргізуші: Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі. Ал, саған тіпті ұят. Саған ешкім үйреткен жоқ па?
Коян: Жоқ.
Жүргізуші: Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аязатаны шақырып едік қой?!
Коян: Ал, мені мерекеге неге шақырмайсындар? Аязата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды ха - ха - ха (деп секіреді)
Жүргізуші: неге олай еттің? Аязата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек?
Коян: Ә, бәлем, солай ма екен! (осы кезде боранның гуілдеген дыбысы естіледі. Қоян тоңа бастайды да, біреулердің киімдерінің астына кіріп, ата - аналарға тығлып, соңында шыршаның астына тығыла бастайды )
Алыстан Аязатаның дауысы естіледі.
Жүргізуші: Аязата, Ақшақар келе жатыр гой деймін, шақырайық, қол соғайық,қарсы алайық
Балалар: Аязата, Ақшақар! (деп 2 рет қайталайды)
Аязата: Сәлематсыңдар ма, балалар!
Күнтізбеде қалыпты жалғыз гана бір парақ,
Дайындалдым жыл бойы,
Жолға шығар келді уақ!
Шақырымды жүздеген
Басып өту мен үшін
Жаңа жылдың түнінде
Жасыл шырша түбінде.
Кездессем деп сендермен,
Таратсам екен сыйлықтар,
Одан асқан не сый бар.
Қуаныш сыйлау балаға
Одан зор бақыт бола ма!
Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!
Жаңа жыл: Кім десеңдер, мен жаңа жылмын, Мешінмін. Мен әкелген жаңа жыл сендерге үлкен табыс, денсаулық ала келдім.
Ақшақар: Сәлематсыңдар ма, балалар! Орманды көктей өтіп жеттім - ау сендерге. Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Мен білемін бір ойын:
Үйретейін сендерге
Мен бастайын, ал, сендер аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр, келе жатыр....
Балалар: Жаңа жыл!
Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты білсең атын тез ата, келеді бізге
Балалар: Аязата!
Ақшақар: Шырша бүгін кәделі! Сендер әрі....
Балалар: Әдемі!
Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ, ойын - күлкі таралсын.
Құтты болсын
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)
Аяз ата:Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!
Балалар: Бір екі үш шырша жарқырай түс (3 рет айту керек)
Шырша жарқырайды.?
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар.
Қош келдіңіздер Аяз ата Ақшақар!.Алыс жолдан шаршап келдіңіздерме? отырып демалыңыздар. Бүлдіршіндеріміздің жаңа жылға деген тартуларын тамашалаңыздар. Жүргізуші: Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән кұрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.
Ән: Шырша жыры»
Би: Қуыршақ биі»
Жүргізуші:Аяз ата біздің бүлдіршіндер жаңа жылға арнап тақпақтар дайындап келіпті
Бақдәулет:
Мұздан моншақ тағынып,
Күміс қырау жамылып.
Ортада тұр Ақшақар,
Көптен күтіп сағынып.
Анзор:
Кел билейік сенімен,
Деймін тартып жеңінен
Еріп кетпе Ақшақар.
Адамдардың демімен
Арай:
Міне тағы келіп тұр,
Жаңа бір жыл балалар.
Жадыратып жер үстін
Төрімізге ол шыққан.
Жанерке:
Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап,
Жаңа жылда келеді
Бізге карай жылыстап.
Гүлзат:
Жүзімізге күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз.
Аязата: Бәрекелді, ал, енді балалар тақпақтарын айтып берсін.
Айзере:
Бізді байтақ далада,
Асқар тауда қалада.
Биыл ғажап іс болды,
Таң ғажайып қыс болды.
Саян:
Жаңа жылмен, жаңа жылмен,
Құттаймыз әрине.
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрін де!
Ойын : « Мимикамен табу»
Би: Өзбек биі
Алинұр
Бір топ бала сырғанап,
Би билейік зырлайық.
Қалды артта қар алып,
Іздерінен қар ұшып.
Қанат:
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл.
Қызыл ала шапаны,
Сағындым Аязатаны.
Даркен:
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады,
Жап-жалтар боп жатады.
Айсұлу:
Жылдың әнін бастайын,
Аяз - Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Балғаным
Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
Гүлсезім
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.
Камшат
Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем берді жұртына.
Би: «Лизгинка»
Илгар
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Ерлан
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Динара
Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп
Ернұр
Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Олда көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан,
Аяз Ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.
Дінмұхамед
Жасыл желек жамылған,
Жасыл моншақ тағылған,
Міне, сұлу шыршамыз.
Көптен күтп, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер
Алижан:
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.бәріміз
Ойын: «Күлдіргіш»
Би: « Балапан» .
Жүргізуші: Кәне, балалар, бәріміз «Аппақ аппақ жапалақтап» әнін жақсылап айтып - жіберейік, Аязатамызбен Ақшақарымызбен, Жаңа жыл бар, Клоун бәріміз!
Ән: «Аппақ аппақ жапалақтап»
Би: Аяз атамен
-Аязата мен Ақшақар сыйлықтар таратады. Ақшақар: Мінекей, балалар, сендермен қоштасатын да кез келді. Сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі бала екенсіңдер.
Аязата:
Жаңа жылда, балалар, тек қуаныш көріңдер. Ауырмаңдар ешқашан, мықты болу өзіңнен.
Ақшақар:
Жаңа жылда, балалар, тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық қастарыңда болмасын.
Сау болыңдар, балалар
Балалар:Сау болыңыздар! Рахмет сіздерге!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар балалар! «Кұтты болсын Жаңа жыл» атты ертеңгілігіміз аяқталып қалды.Осындай керемет мерекеге атсалысқандарыңызға рахмет айтамыз. Жаңа жылымыз құтты болсын! Отбастарыңызға тек бақыт қуаныш нұры жаусын.