Планирование, Тіршілік ?шін к?рес
Пәні: биология Күні 9.02.17 9 - сынып Пән мұғалімі: Қалдарбекова А.Қ.
Сабақтың тақырыбы Тіршілік үшін күрес. Түрішілік күрес. Түраралық күрес
Мақсаты Тіршілік үшін күрестің түрлерін білу, олардың жүру себебін түсіну, бір-бірінен ажыратып нақты мысалдармен талдау
Оқыту нәтижесі Тіршілік үшін күрестің түрлерін біледі, олардың жүру себебін түсінеді, бір-бірінен ажыратып нақты мысалдармен талдайды
Ресурстар Оқулық, суреттер, сызбанұсқа,бейнежазбалар, үлестірме қағаздар
Қолданылған модульдер Оқыту және оқудағы жаңа тәсілдер, Оқыту және оқу үшін бағалау, СТО, АКТ, оқушыларды жас ерекшелігіне сай оқыту,
Сабақтың жоспары Ұйымдастыру: сәлемдесу, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, бағалау парақшаларын тарату.
Кері байланыс. «Баспалдақ»
Үйге тапсырма §40. Оқып мазмұнын түсіну, сұрақтарға жауап дайындау.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті
Білу
Суреттер сөйлейді.
Мені тап. Жасырылған сөзді табу
Табиғи сұрыпталу, ... іріктеп, ... жоятын, ... негізінде жүреді.
Ғаламшардағы барлық ... қоршаған ортаға қалай болса да бейімделген.
Нашар ... табиғи сұрыпталу барысында ...
Табиғи сұрыпталу дегеніміз - ... нәтижесі
Суреттер және мәтінде жасырылған сөздер бойынша өткен тақырыпты пысықтайды.
Түсіну
Қызығушылықты ояту. бейнежазба көрсету
«Тіршілік үшін күрес» - тірек сызбасымен жұмыс
176403013144501230630131445047815513144500 Тіршілік үшін күрес
Түраралық Түрішілік Сыртқы ортамен
47815529845010591802984500137350529845011620529845
Тура жанама тура жанама Бейнежазба көру арқылы тақырыпты түсінеді.
Тақырып туралы жалпы мәлімет көреді, тыңдайды.
Қолдану
Мағынаны тану
1-топ. Бір түр мен екінші түрдің арасындағы күрес
2-топ. Бір түрге жататын даралардың арасындағы күрес
3- топ. Түрішілік және түраралық күрестегі тура және жанама күрес
4-топ.Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайымен күресі Жаңа тақырыпты өз беттерінше, сосын топ болып, мәтінмен жұмыс жасайды, бір-біріне түсіндіреді.
Талдау 1-топ. swot әдісі.
Бір түр мен екінші түрдің арасындағы күрес туралы мысалдар келтіріп түсіндіріңдер
2-топ. Сызбанұсқа бойынша. Бір түрге жататын даралардың арасындағы күрес туралы мысалдар келтіріп түсіндіріңдер
3- топ. «Т» кестесі. Түрішілік және түраралық күрестегі тура және жанама күрес туралы мысалдар келтіріп түсіндіріңдер
4-топ. Сурет бойынша. Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайымен күрес туралы мысалдар келтіріп түсіндіріңдер Берілген тапсырма бойынша постер жасап, ортаға шығып қорғайды.
Жинақтау Үлестірме материалдар тарату. Мына өлең жолдарында тіршілік үшін күрестің қай түрлері туралы айтылғандығын анықтаңдар.
1-топ.
Томағасын тартқанда бір қырымнан,Қыран құс көзі көріп самғағанда.Төмен ұшсам түлкі өрлеп құтылар деп,Қандыкөз қайқаң қағып шықса аспанға,Көре тұра қалады қашқан түлкі,Құтылмасын білген соң құр қашқанға.Аузын ашып, қоқақтап, тісін қайрап,О да талас қылады шыбын жанға.
(Қансонарда бүркітші шығады аңға. Абай)
2-топ.
Жаздыгүнгі жапырақтың
Бірінде тамақ, бірінде үй,
Жапырақ кетті, жаз кетті,
Күз болған соң кетті күй.
Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,
Өкінгеннен не пайда?
Суыққа тоңған, қарны ашқан
Ойын қайда, ән қайда?
Оныменен тұрмады,
Қар көрінді, қыс болды.
Сауықшыл сорлы бүкшиді,
Тым-ақ қиын іс болды.
Секіру қайда, сүрініп,
Қабағын қайғы жабады.
(Шегіртке мен құмырсқа. Абай аудармасы)
3-топ.
Орманға балтасымен келді Мұжық,Аралап ағаш таңдап жүрді кезіп.«Апырмай, аман қалсақ жарар ед», - деп,Жанынан көрген Ағаш тұрды безіп.Мұжыққа бір жас Ағаш айтады сөз:«Құдайдан тілеуші едім келтір деп кез.Мың да бір алғыс саған берер едім,Осы үлкен Ағаштардан құтқарсаң тез.Тынышыма бұлар мені өсірмейді,Тасалап, күннің көзін түсірмейді.Осылар тұрғаннан соң, жер тар болып,Еркінше тамырларым көсілмейді.
(Жас ағаш. А.Байтұрсынов)
4-топ.
Тұмсығында ірімшік,
Ойланып қарап тұр еді,
Бір қу түлкі сорына
Жақын жерде жүр еді,
Ішіне сақтап қулығын,
Ептеп барып барлайды,
Бұлғақтатып құйрығын,
Қарғаның көзін алдайды.
Тәтті тілмен, тәтті үнмен
Сөйлесуге айналды:
"Қарағым, не еткен сұлу ең!"-
Деп таңырқап таңданды,-
Осы көрікпен, Бұл жүнмен,
Әншілігің белгілі,
Ұялмай, қалқам, бір сайра,
Біз де алалық үлгіні.
Құс төресі біздерге
Сіз боларсыз бір күні".
Басы айналды қарғаның
Сұмның айтқан сөзіне.
Қуанғаннан бөртініп,
Бір мастық кірді өзіне.
Өзіне біткен өңешін
Аямастан қарқ етті,
Ірімшік жерге салп етті,
(Қарға мен түлкі. Абай аудармасы) Ақындардың өлең жолдарын оқи отырып, тіршілік үшін күрестің түрлерін анықтайды.
Бағалау Күрестің қай түрі барлығынан күштірек өтеді және неге? Тақырыптың маңызды лығын бағалайды. Өз ойын жеткізеді, дәлелдейді.
Сабақ барысынан көріністер
Бейнежазбаны көріп, тыңдау
Топтық жұмысты қорғау
Өлең жолдарында тіршілік үшін күрестің қай түрлері туралы айтылғандығын анықтау
Кері байланыс «Баспалдақ»
1-топ.
Томағасын тартқанда бір қырымнан,Қыран құс көзі көріп самғағанда.Төмен ұшсам түлкі өрлеп құтылар деп,Қандыкөз қайқаң қағып шықса аспанға,Көре тұра қалады қашқан түлкі,Құтылмасын білген соң құр қашқанға.Аузын ашып, қоқақтап, тісін қайрап,О да талас қылады шыбын жанға.
2-топ.
Жаздыгүнгі жапырақтың
Бірінде тамақ, бірінде үй,
Жапырақ кетті, жаз кетті,
Күз болған соң кетті күй.
Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,
Өкінгеннен не пайда?
Суыққа тоңған, қарны ашқан
Ойын қайда, ән қайда?
Оныменен тұрмады,
Қар көрінді, қыс болды.
Сауықшыл сорлы бүкшиді,
Тым-ақ қиын іс болды.
Секіру қайда, сүрініп,
Қабағын қайғы жабады.
3-топ.
Орманға балтасымен келді Мұжық,Аралап ағаш таңдап жүрді кезіп.«Апырмай, аман қалсақ жарар ед», - деп,Жанынан көрген Ағаш тұрды безіп.Мұжыққа бір жас Ағаш айтады сөз:«Құдайдан тілеуші едім келтір деп кез.Мың да бір алғыс саған берер едім,Осы үлкен Ағаштардан құтқарсаң тез.Тынышыма бұлар мені өсірмейді,Тасалап, күннің көзін түсірмейді.Осылар тұрғаннан соң, жер тар болып,Еркінше тамырларым көсілмейді.
4-топ.
Тұмсығында ірімшік,
Ойланып қарап тұр еді,
Бір қу түлкі сорына
Жақын жерде жүр еді,
Ішіне сақтап қулығын,
Ептеп барып барлайды,
Бұлғақтатып құйрығын,
Қарғаның көзін алдайды.
Тәтті тілмен, тәтті үнмен
Сөйлесуге айналды:
"Қарағым, не еткен сұлу ең!"-
Деп таңырқап таңданды,-
Осы көрікпен, Бұл жүнмен,
Әншілігің белгілі,
Ұялмай, қалқам, бір сайра,
Біз де алалық үлгіні.
Құс төресі біздерге
Сіз боларсыз бір күні".
Басы айналды қарғаның
Сұмның айтқан сөзіне.
Қуанғаннан бөртініп,
Бір мастық кірді өзіне.
Өзіне біткен өңешін
Аямастан қарқ етті,
Ірімшік жерге салп етті,
№ Критерийлер Дескрипторлар Ұпай Баға
1 А
Түсіну, білу Тақырыптың мазмұнын білемін
Түсінемін, ойымды жеткізуге қиналамын
Тек оқып түсінемін
3
2
1 3
2 В
Қолдану, талдау
Тіршілік үшін күрестің формаларын мысалмен талдай аламын
Мысалдар келтіремін, қай күреске жататынын талдай алмаймын
Тіршілік үшін күрестің формаларын ажырата алмайды 6
5
4 4
3 С
Жинақтау, бағалау Тіршілік үшін күрестің неден туындайтынына қорытынды шығара аламын
Өзіндік пікір танытып, қорыта аламын
Тіршілік үшін күрестің жүру себебін анықтап, зиянды жақтарын да білемін 9
8
7 5
№ Критерийлер Дескрипторлар Ұпай Баға
1 А
Түсіну, білу Тақырыптың мазмұнын білемін
Түсінемін, ойымды жеткізуге қиналамын
Тек оқып түсінемін
3
2
1 3
2 В
Қолдану, талдау
Тіршілік үшін күрестің формаларын мысалмен талдай аламын
Мысалдар келтіремін, қай күреске жататынын талдай алмаймын
Тіршілік үшін күрестің формаларын ажырата алмайды 6
5
4 4
3 С
Жинақтау, бағалау Тіршілік үшін күрестің неден туындайтынына қорытынды шығара аламын
Өзіндік пікір танытып, қорыта аламын
Тіршілік үшін күрестің жүру себебін анықтап, зиянды жақтарын да білемін 9
8
7 5
№ Критерийлер Дескрипторлар Ұпай Баға
1 А
Түсіну, білу Тақырыптың мазмұнын білемін
Түсінемін, ойымды жеткізуге қиналамын
Тек оқып түсінемін
3
2
1 3
2 В
Қолдану, талдау
Тіршілік үшін күрестің формаларын мысалмен талдай аламын
Мысалдар келтіремін, қай күреске жататынын талдай алмаймын
Тіршілік үшін күрестің формаларын ажырата алмайды 6
5
4 4
3 С
Жинақтау, бағалау Тіршілік үшін күрестің неден туындайтынына қорытынды шығара аламын
Өзіндік пікір танытып, қорыта аламын
Тіршілік үшін күрестің жүру себебін анықтап, зиянды жақтарын да білемін 9
8
7 5
Пәні: биология Күні 23.02.16 9 - сынып
Сабақтың тақырыбы Органикалық молекулалардың абиогендік синтезі. Тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар
Мақсаты тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастары туралы түсіндіру, мәтінмен жұмыс жасап қорытынды шығарып, салыстыру, өз ойларын жеткізуге дағдыландыру
Оқыту нәтижесі тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастары туралы түсіндіреді, мәтінмен жұмыс жасап қорытынды шығарып, салысты рады, өз ойларын жеткізуге дағдыланады
Ресурстар Оқулық, суреттер, бейнежазба, сұрақ – жауап, сызбанұсқа
Қолданылған модульдер Оқыту және оқудағы жаңа тәсілдер, Оқыту және оқу үшін бағалау, СТО, АКТ оқушыларды жас ерекшелігіне сай оқыту,
Сабақтың жоспары Ұйымдастыру: сәлемдесу, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, топқа бөлу.
Үйге тапсырма §47. Оқып мазмұнын түсіну, сұрақтарға жауап дайындау.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті
Өткен тақырыпты пысықтау
10 мин
Менен сұрақ, сізден ұтымды жауап
Тіршілік деген ұғымға түсініктеме беріңдер
Тіршіліліктің пайда болуы туралы қандай теориялар бар?
Ф.Реди қандай тәжірибе жүргізді және қорытындысында нені дәлелдеді?
Тіршіліктің өздігінен пайда болмайтынын Пастер тәжірибе жүзінде қалай дәлелдеді?
Миға шабуыл.
Органикалық қосылыстардың абиогендік жолмен түзілуі үшін қандай жағдайлар қажет деп ойлайсыңдар?
Берілген сұрақтарға жауап береді, алған білімдерін пысықтайды.
Жаңа сабақ
5 мин Тіршіліктің пайда болуы туралы бейнежазба көрсету. Тақырып туралы жалпы мәлімет көреді, тыңдайды, түсінеді.
Мағынаны тану
20 мин 1 – тіршіліктің пайда болуының 1,2-ші кезеңдері
2 - тіршіліктің пайда болуының 3 –ші кезеңі
3 - тіршіліктің пайда болуының 4- ші кезеңі
4 – Опариннің көзқарасына ұқсас пікірлер
Жаңа тақырыпты топ болып, мәтінмен жұмыс жасайды, түсіндіреді. Ұнаған топтың жауаптарын өзара
бағалайды.
Сабақты бекіту
10 мин
Сызбанұсқа құрастыру
Ғалым
Қай жылы
Нені ашты Өз беттерінше орындайды, бір – бірінің жұмысын тексереді, бағалайды