Тіршілік ?шін к?рес Биология 9-сынып


№142 орта мектепБиология пәнінің мұғалімі Әбенов Жасұлан Сабақтың мақсаты :Оқушылардың сұрыптау түрлерін және тіршілік үшін күрес туралы алған білімдерін жетілдіру, топтық,жұптық,жеке жұмыс жасауға үйрету. Күтілетін нәтиже: Оқушылар тіршілік үшін күрестің қалай және қандай мақсатта жүретінін,оның эволюциядағы маңызын біледі. Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі - Сәлемдесу. - Оқушыларды топқа бөлу: 1-топ: Түрішілік; 2-топ:Түраралық; 3-топ:Өлі табиғатпен қарсы күрес. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру“Көпір” тапсырмасы.Сұрақтарға жауап беріңдер. 1.Эволюцияның негізгі қозғаушы күштерін ата. 2.Тұқымқуалаушылық дегеніміз не ? 3. Өзгергіштік дегеніміз не? 4. Дарвин тұқым қуалау өзгергіштігінің қандай формаларын ажыратып берді? 5. Модификациялық өзгергіштіктік пен мутациялық өзгергіштіктер арасында қандай айырмашылық бар? 6.Табиғи сұрыпталу дегеніміз не? 7.Табиғи іріктелудің алғы шарттары қандай? Жаңа тақырып:Тіршілік үшін курес,оның себептері мен түрлері. Ч. Дарвин тіршілік үшін күрес өзара бірін-бірі ығыстыратын екі себеп деп есептеді, ол себептер:Тірі ағзалардың көбеюге шексіз бейімділігі.Екінші тараптан табиғи ресурстардың шектеулілігі. Дәстүр бойынша тіршілік үшін күрес 3 түрге белінеді.Түрішілік.Түраралық күрес.Абиоздық факторлармен немесе әлі табиғатпен күрес. Түрішілік күрес негізгі үш бағытта іске асады.Қорек үшін.Жыныстас әріптесі үшін.Аумақ үшін күрес. Түрішілік күрес. Түрарлық күрес. Абиоздық факторлармен немесе әлі табиғатпен күрес 1.Тіршілік үшін күрес дегенді қалай түсінесіңдер? (Топтық жұмыс)Шығармашылық жұмыс ( Постермен жұмыс) 1 топ- «Түрішілік»2-топ- «Түраралық»3-топ-«Абиоздық факторлармен-өлі табиғатпен күрес» Оқушылар өздеріне берілген тақырыптар бойынша дайындаған суретті сызбаларын түсіндіреді. 2. Суреттермен жұмыс.Күрес түрлері бойынша анықтау,түсіндіру.  IV.Қорытынды. Жеке жұмыс. Тест1.Тіршілік үшін күресті анықтаған ғалым:А)Дарвин Б)Ламарк С)Линней2.Күрестің қай түрі үш бағытта іске асады?А) Түраралық Б)Түрішілік С)Қолайсыз жағдайлармен3.Аталықтары аналығын қақтығыссыз-ақ сайрау арқылы шақыратын құстардың бәсекесі:А)Тура күрес Б)Жанама күрес С)Жай күрес4.Аталықтары аналығын иелену үшін қақтығыс-жарысқа түсуі:А)Жанама күрес Б)Түраралық күрес С)Тура күрес5.Даражарнақтылар мен қосжарнақтылардың бәсәкесі:А)Түраралық Б)Жанама күрес С)Аумақ үшін күрес6.Қандай күрес басқалармен салыстырғанда күштірек:А)Жанама күрес Б)Түраралық С)Түрішілік7.Тіршілік үшін күрес неге жеткізеді?А)Тұқымқуалаушылыққа Б)Табиғи сұрыптауға С)Өзгергіштікке8.Түрішілік күреске мысал-А)Жыртқыш-олжа Б)Маусымдық өзгерістерге бейімделуС)Бұғылардың күйлеу бәсекелестігі V. Үйге тапсырма: «Тіршілік үшін күрес» тақырыбына өз ортаңмен,өмірмен тығыз байланыстыра шығарма жазу. Назарларыңызға рахмет!