?й жануарлары туралы білімдерін ке?ейту.Бізді? ?олымызда ?мір с?ретін ?й жануарларыны? жа?дайын ба?ылай білуге т?рбиелеу. ?й жануарларымен ?алай т?ртіп са?тау керек екенін т?сіндіру. Адамны? ?й жануарларына ?андай ?ам?оршылы? жасау керек екенін айту(тама?
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің айы:ақпан
технологиялық картасы күні: 5.02.2016 ж
ІІ кіші тобы «Жұлдыз» Тәрбиеші: Байдильдина.Д.Б.
Білім саласы: «Қоршаған ортамен танысу»
Кіші сала: Көркем әдебиет Тақырыбы: : «Үй жануарлары» Мақсаты:Ауыл тұрмысымен таныстыру.Үй жануарлары туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, оларға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.Үй жануарларының адамға пайдасын түсіндіру. Блингвалдық компанент:жануарлар Сөздік жұмыс: ақ-белый,күшік-щенок,қой-баран, ешкі-коза,сиыр-корова
Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің қызыметі Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Балалар шеңберге тұрады:
Жануарлар туралы жұмбақтар шешіледі. Әр жануарды мінез құлығынан танып айтады.
Ұйымдастырушылық ізденіс Ауылға саяхаттап,үй жануарларымен танысу.Ауыл тұрмысымен таныстыру
Жануарларды экраннан көріп танысады
Жылқы жануары бізге не береді?
Сиырдан қандай өнім аламыз?
Тауықтан не аламыз?
Қойдың адамға пайдасы?
Сергіту.
Қуыр қуырмаш
Балапанға бидай шаш
Әжен келсе есік аш.
Қасқыр келсе мықтап бас.
Сұрақтарға жауап алу.
Слайдқа назар аударып,жануарлар мен құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу.Пайдасын айту.
Д/о «Дыбысты ажырат. »Д/о «Не жоқ» Балалар ауыл тұрмысымен үй жануарларымен танысады.
Жануарлар туралы толық танысады
Жылқы бізге ет береді,қымыз береді. Сиырдан айран,май,құрт,қаймақ аламыз Тауықтан жұмыртқа.жұмыртқадан торт жасайды. Қой жүнін,етін,сүтін береді. Жүнінен киім тоқиды.
Сергіту.
Сұрақтарға жауап береді.Білімдерін ортаға салып,сабаққа белсенді қатысады.
Дыбыстарды ажыратады.
Ойынға қызығушылық білдіріп ойнайды.
Рефлекстік түзету Қорытындылау.
Не туралы айттық?Олар қайда тұрады? Оларды бір сөзбен қалай айтамыз? -Жануарлар,құстар.
Олар адамдармен жақын болғасын үй жануарлары деп атайды.
Күтілген нәтиже:Жануарлардың ерекшелігін: ұғынады
Адам үшін олардың пайдасы жайлы: түсінеді
Үй жануарларының атауын айтуға қолданады