Т?уелсіз мені? ?аза?станым атты ?деби кеш


Тақырыбы: «Тәуелсіз менің Қазақстаным» 
Мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру арқылы оқушылардың отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, Атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін ояту; өз елінің тарихын сыйлауға үйрету,. Өз елін, жерін қорғайтын және тілін құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу. .
Сабақтың түрі: сыныптан тыс сабақ Пән аралық байланыс: тарих, әдебиет,музыка Көрнекілігі: Мемлекетіміздің рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә.Назарбаевтың портреті. Нақыл сөздер, суреттер, слайдтар.
Іс-шараның барысы: 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
Мұғалім сөзі:
Армысыздар! Құрметті ұстаздар мен қонақтар және оқушылар! Биыл үлкен мереке. Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толды. Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз. Еліміздің көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болсын, Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі, Мықты болсын елімнің керегесі. Тату - тәтті халқымызға бақ қонып, Кетпесін туған жердің берекесі, дей отырып, бүгінгі біздің сыныптан тыс іс-шарамызда шәкірттеріміздің Отанымызға , мемлекеттік тілімізге қандай құрмет жасайтындығын байқап көрейік. Ендеше кезекті оқушыларға береміз.
«Шабандоз қыздар» биі.
Орындайтын: аудандық, облыстық, өнер фестивальдарының лауреаты «Ақмаржан» бишілер тобы. Жетекшісі: Садыкова Зина
1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум құрметті қонақтар!
2-жүргізуші:Армысыздар ұстаздар мен оқушылар!
1-жүргізуші:
Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ – нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп- қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайсың.
2-жүргізуші:
Ананың ақ сүтіне,уызына жарыған адам қашан да Отаншыл, ұлтжанды болмақ.Әркімнің өз ана тіліне деген құрметі,өз ұлтына,өз анасына,өз Отанына деген құрмет деп білу керек дей келе Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерей тойы қарсаңында өткелі тұрған аудандық семинардың қорытынды кеші «Тәуелсіз менің Қазақстаным» атты әдеби кешті бастауға рұқсат етіңіздер!.
Кезекті көркемсөз орындайтын оқушыларға береміз.
1-оқушы:
Тілім менің-тірегім,дінім менің,
Тілсіз қандай болады күнім менің?!
Өз халқыма жетеді өз мәнінде,
Өз тілімде оқылса жырым менің.
2-оқушы:
Тілім менің қуатым,күшім менің,
Күшім кетсе не болар ісім менің?!
Тілсіз өмір бар десе түсінбедім,
Тілімменен тірлікті мүсіндесем.
3-оқушы
Тілі менің-асылым,арым менің,
Арым кетсе не пайда,барым менің.
Бас кескендер тілімді кесе алмаған,
Тілден бұрын кетеді жалын демім.
4-оқушы
Тілім менің-қазынам,қасиетім,
Қасиетім бар әлем бас иетін.
Тілі жоқтың түрі жоқ,түбірі жоқ,
Бола көрме,Ана тіл қасіретім.
5-оқушы
Тілі өлсе болмайды тірі халық,
Бірі өліп,тұра алмас бірі қалып.
Басқа емес өз Ана тілінде тек,
Тіршілігін білдірер ұлы халық.
(5 оқушы Ана тіліне тағзым етеді)
1-жүргізуші:
Тіл құдіреті ерекше.Оның бітпесті бітіретін,жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі бар.Бір ауыз сөз опық жегізіп,өмір бойы өзегіңді өртесе,бір ауыз орынды айтылған сөз жадыңда жатталып,бақытқа жеткізеді.
2-жүргізуші:
Тіл-ұлттық жан дүниесі.Расында,қазақ халқының басында талай қиын нәубет,зұлматтың,қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі.Сондай ауыр сәттерде,сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқын халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы,ана сүтімен санасына дарыған ана тілі ғана.
Сахналық көрініс. «Тіл - асыл қазына»
(С.Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі орындалып тұрады. Ортаға Хан шығады)
Хан: Балалар мен қазақ тілі туралы білсем деймін.
6-оқушы: Аружан
-Сонау V-VІ ғасырдан бастап,уақыт санына төтеп беріп, бүгінгі күнге дейін жеткен Орхан-Енисей,Талас сына жазулары қазақ тілінің кезінде өркендеп, гүлденген дәуренін айғақтайды.Сонымен қатар қазақ тілі Әйтеке би, Төле би,Қазыбек билер сынды шешендердің, Абай,Жамбыл, Ахмет,Мағжан,Сәкен, Мұхтар сияқты алып жазушылардың,Қажымұхан,Бауыржан сияқты батыр- лардың тілі.Қазақ тілі-қазақтың жоғын жоқтап өткен Шоқан Уалиханов пен Тұрар Рысқұловтай арыстың тілі.
Хан: Балалар, енді мен туған тілім туралы өлең тыңдасам деймін.
7-оқушы: Айзат
Туған тілім-бабам тілі-өз тілім!
Туған тілім-ана тілім-өз тілім!
Туған тілім-далам тілі-өз тілім!
Туған тілім-адам тілім-өз тілім!
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді сурып-ақ алыңдар.
Хан: Енді, балалар, дүниеде не ащы? Дүниеде не тәтті?
1-жүргізуші:
Мұның жауабын білу үшін «Данышпан атаға» хат жазған болатынбыз.Бүгін сол хатымыздың жауабы келді.
(балалар хатты ашып оқиды Гүлзат)
Хатта:
О,Хан ием!Дұрыс сөйлей білу де өнер,жүйесін тауып сөйлеген сөз жүрекке жетіп,жүйкені босатады.Сондықтан да тіл тәтті. Жебе салған жара жазылар, балтамен оталған орман қайта өсер,бірақ тілдің жарасы жазылмас.Сондықтан да тіл-ащы.
Хан:
Тілдің құдіреті осы де.Балалар сендерге көп рахмет.
Ал енді мен барып үш ұлымды сынап көрейін.
2-жүргізуші:
Патша ұлдарын қалай сынағанын көрейік.
-Патша бірінші ұлына қонаққа барады.Тамақ салынып,ет асылады.
-Қарағым,балам,анау еттің жақсы жерінен кесіп берші?-дейді.
-Әрине, деп баласы санның етінен кесіп береді.
-Енді балам жаман жерінен кесіп берші-дейді.
-Тіс өтпейтін сіңір ғой дейді.
Патша екінші ұлына қонаққа барады.Екінші ұлыннан да осындай сый-сияпат көреді.
Содан соң патша үшінші ұлына келіп:
Хан:Балам еттің жақсы жерінен кесіп берші?-дейді.
Баласы: Тіл береді.
Хан: -Енді жаман жерінен кесіп берші?-дейді.
Баласы: Тағыда тілден кесіп береді.
Хан:Мұның қалай балам,жақсы жерінен десем де,жаман жерінен десемде тіл кесіп бердің?-дейді.
Баласы: Ой,әке жақсы да,жаман да,ұрыс-керіс те,өсекте осы тілден шығады. «Екі елі ауызға төрт елі қақпақ» дегендей,әр адам өз тіліне сақ болса,еш уақытта ұрыс-керіс болмас еді. «Басқа пәле-тілден».
Патша:-Дұрыс екен,балам.Бүгін мен көп нәрсені ұққандаймын.Енді қайтайын.Айтарым,ақылыңнан ажырама.
1-жүргізуші:
Тіл адамды жақсы да,жағымсыз да көрсетеді. Тіл адамды өсіреді,өшіреді де.
Өйткені жанға жайлы жақсы сөздерді жиі айтсаң,адамдар арасында сыйлы боласың,өз тіліңді жетік біліп, оны дамыта алсаң,сондай-ақ басқа елге барғанда туған тіліңде сөйлесең,олар осындай халық бар екенін біледі.
2-жүргізуші:
Демек,халқымызды басқа ұлттарға танытсақ, халқыңды өсіресің.Егер,сенің ана тіліңде ешкім сөйлемесе,халқың өшеді.Сондықтан да ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың
«-Сүйемін туған тілді,анам тілін,Бесікте жатқанымда-ақ берген білім»-деген жолдарын ұмытпайық!
Ән : «Қазақпын».Орындайтын: 9 д сынып Пірназар Гүлзат
1-жүргізуші:
Тәуелсіздік! Осы бір қасиетті сөзді естігенде қалайша тебіренбейсің! Бодандықтың бұғауынан, қыспағынан құтылған қазақ халқы еркіндік, азаттық ауасымен тыныстауда. Қанымызда бар ұлттық қасиеттеріміз қалпына келуде. 
2-жүргізушіТәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік, ең алдымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел. 
Ән: «Жаса Қазақстан».Орындайтындар:1 «ә» сынып оқушылары Жәнібек Шахжаһан мен Жарас Смағұл және биші қыздар.
9-оқушы Айдана
Кімсің мені дейсің бе?Мен қазақтың ұрпағы!
Қарапайым қашаннан өз елінің ұлтаны.
Жоңғарларды жайпаған Райымбектей батырдың,
Қыздырумен жанымды атша тулап тұр қаны.
Кімсің мені дейсің бе? Мен Төле би ұрпағы!
Билігінде Төленің болған емес бұл тағы.
Сол Төле би қолынан шықты емес-пе кешегі,
Басын қосқан үш жүздің Абылайдай сұлтаны.
1-жүргізуші:
Енді кезекті оқушылар шығармашылығына береміз.
Ортада: Аудандық жас ақындар мүшайрасының жүлдегері
10 а сынып оқушысы Оразалы Мадина.
10 д сынып оқушысы Өменбай Бақтыгүл.
2-жүргізуші:
Ән: «Қазақ тілі». Орындайтындар: 10 д сынып
Сапаралы Назерке мен Советқызы Тұрғанай
10-оқушы: Аян
Мерейім – нұрлана бер, азат Күнім
Көрейін бақытымның азаттығын.
Тауымды тамылжытқан бостандықтан
Танылды бар әлемге қазақ бүгін.
Құттысың тәуелсіздік – киелі күн!
Құт күшім – егемендік иелігім,
Уақыттың биігінен шуақ төгіп,
Бақытым – еркіндік боп үйілер күн
11-оқушы: Мадина
Мәңгілік азат елдің Сен белгісі,
Мемлекет мерейінің сенген күші.
«Жасасын, еркін Қазақ!»-деп шаттанар,
Шалқалап сол биіктен көрген кісі.
Шарықта, шарла көкті көк Байрағым
Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.
Мен сенің салтанатты сағатыңа,
Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.
Ал самға әлем кезіп, Әнұраным,
Қалықта Елтаңбасы – шаңырағым.
Көк Байрақ, көгерт менің көсегемді,
Аспандат Атам қазақ Аруағым!
1-жүргізуші:
Ән: «Тек, алға!». Орындайтын:аудандық, облыстық, республикалық байқауларының жүлдегері Изғали Динара
Ән: «Қазақ жастары». Орындайтын: 1 б сынып оқушысы Кескенбай Нұриман
1 – жүргізуші:
Еліміз әрдайым биіктен көрініп,аспанымыз ашық болғай!Әрқашан болашағымызға сеніммен қарап,ел үмітін ақтайық.Елбасымыздың «Мәңгілік ел идеясы» атты жолдауындағы арман мақсаты,тұрмысы бақуаты,түтіні түзу шыққан,ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді.Біз бұл арманды ақиқатқа айналдырдық.Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткіздік.Біз еліміздің жүрегі,тәуелсіздігіміздің тірегі-мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағына баянды етуге арналады.
2-жүргізуші:
Ендеше,қазақ елінің ұлттық идеясы «Мәңгілік ел»-деді Елбасымыз. «Мәңгілік ел»біздің еліміздің қолында.Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылдыруымыз керек.Байлығымыз да,бақытымыз да болған мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.
1-жүргізуші:1
Қорытынды:
-Олай болса, болашақта дамыған елдермен терезесі тең дәрежелі ел болып «Мәңгілік ел» атанып, көк туымыз мәңгі биікте желбіреп,аспанымыз ашық,бейбітшілік заманда өмір сүрейік!!!
2- жүргізуші:
Ән: «Бейбітшілік заман».
Орындайтын: 4 ә сынып оқушысы Жарқынбай Нұргүл