?аза?сты? ?лтты? би ?нері
Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебі
Саз пәні мұғалімі: Жаманкулова Жанылсын Суйенқызы
Пәні: Музыка
Уақыты: 10.01.2017
Сыныбы: 5 в сынып
Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық би өнері»
Сабақтың мақсаты: Халық күйі арқылы қазақтың көне әдет-ғұрыптарын, салт – дәстүрлерін баланың бойына сіңіру, күйді тыңдата білуге баулу.
Білімділік мәні: Халық күйлерін, аңыз - күйлерінің шығу тарихын насихаттау.
Дамытушылығы: Музыкалық қабілеттерін ашу, есте сақтау, қабілеттерін қалыптастыру, әнді сүйемелдеумен әндету әдісін дамыту.
Тәрбиелік мәні:Оқушыларды мейірімділікке,адамгершілікке халық күйлері арқылы тәрбиелеу .
Сабақтың әдісі : Жаңа сабақ.,әңгімелеу ,әндету , талдау,тыңдау ,сауат ашу , бейнелеу.
Көрнекілігі: әр түрлі суреттер,Ш.Жиенқұлова,Б.Аюханов портреттері,т.б суреттер.
Пәнаралық байланысы: Әдебиет,тарих,жаратылыстану.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу.
Оқушыларды түгендеу.
Үй жұмысын тексеру.
II. Үй жұмысын тексеру.
1.Музыкада неше дыбыс бар?
2.Бір-біріне параллель жатқан бес сызық қалай аталады?
3.Нота сызығының басына қойылатын белгі?
Жаңа сабақ: Қазақтың ұлттық би өнері.
Би - музыка өнерімен сабақтас халық өнерінің бір түрі .
Қазақтың ұлттық би өнері ерте замандардан бастау алып , күні бүгінге дейін өркендеп келеді. Би өнері халқымыздың салт – дәстүр , тұрмыс – тіршілігіне байланысты туындаған.
Ертедегі қазақ билері үй ішінде биленетін болғандықтан , Дененің алуан түрлі қимыл – қозғалыстары , бет - әлпет құбылулары арқылы бейнеленген . Белгілі музыкалық шығармалар , күй әуендері биді сүйемелдеу үшін пайдаланған.
Мысалы: «Қаражорға» ,«Бүркіт биі» ,«Қазқатар» ,«Аю би», «Киіз басу» , «Өрмек тоқу» , «Аққу» , «Ортеке» билері .
XIX ғасырда өмір сүрген белгілі өнер иесі ел аузында Ағашаяқ атанған Рахымберді шөктірілген тоғыз түйенің үстінде секіріп жүріп, би қимылдарын жасайтын болған. ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылының бас кезінде Диуана атанған, ел жұртқа белгілі өнерпаз Зәрубай “Қоянды” жәрмеңкесінде қоян болып киініп, күлкілі “Қоян биін” орындаған.
Сондай- ақ кезінде драммалық театрдың артисі болған Рахым Асылбекұлы да “Қаражорға”, “Қазақ биі”, “Ортеке” билерін асқан шеберлікпен орындаған.
Қазақтың ұлттық би өнері отызыншы жылдары сахналық өнердің бір түрі ретінде тағы бір сатыға көтерілді.Оның басында жан – жақты өнер иесі , әрі артист, әрі ұстаз , асқан шебер биші Шара Жиенқұлова болды.
Шара «Қыз Жібек» , «Жалбыр» , «Ер Тарғын» , сияқты алғашқы қазақ операларындағы би көріністерін орындаумен бірге ұлттық би өнеріміздің әрі қарай қалыптасуына көп еңбек сіңірді. Шара Жиенқұлова - ұлттық би өнерінің көптеген өкілдерін тәрбиелеген ұлағатты ұстаз.
Болат Аюханов- Шара апамыздың шәкіртінің бірі. Әлемге әйгілі биші
өнертану ғылымының профессоры, ҚазақстанныңХалық әртисі, Халықаралық
“Фомгед” би фестивалініңжүлдегері (Стамбул).
Сендерге «Қара жорға » биінің шығу тарихын айтып берейін.
Қара жорға биінің шығуы жөніндегі аңыз алғашқы саз аспабы (қобыздың) пайда болған, жылқы түлігін үй жануары ретінде қолға үйреткен заманға жетелейді. Түз жылқысын шалмалап ұстап алған жігіт оны қолма-қол үйретіп, ауылына мініп келеді. Жылқы қара, әрі жорға екен. Өз табысына қуанып шаттанған әлгі жігіт алдымен атын ойнақтатып, ат үстінде, онан соң жерге түсіп билейді. Осыдан бастап би Қара жорға аталыпты-мыс.
Ендеше оқушылар қазақтың қандай ұлттық билерін білесіңдер, соны билеп көрейік.
«Қамажай» «Қара жорға»
Бүгін балалар, сонымен қатар басқа ұлттардың да би өнерімен танысамыз. Мен сендерге суреттерін көрсетіп, музыкасын тыңдатам сендер тауып айтуларың керек.
- орыс халқының, украйн, кавказ, ұйғыр, молдаван
Би өнерінің тағы бір түрі – эстрадалық би түрі, оған- вальс, самбо, реп, танго т.б
Сергіту сәті: «Анаға сәлем» әнін айту.
Қорытындылау :
· Ұлттық би өнері .
· Бидің қандай түрлерін білесіңдер?
· Ежелгі би өнерінің үлгілері туралы әңгімелеу.
· Ұлттық билерді ата.
· Шара Жиенқұлованың шығармашылығы.
Үйге тапсырма:
* Би өнері туралы өзімдік жұмыс жасау.
* Ұлттық би өнерінің шебер бишілерін ата.
* Ұлттық бимен кәсіби бидің айырмашылығын әңгімеле.
* Ежелгі би өнері қалай дамыды.