Тіл дамыту ??сты? ?ясы
МҚКК мемлекеттік тілде оқытатын №12 сәбилер бақшасы
Тақырыбы: « Құстың ұясы »
Тәрбиеші: М.С.Ергазина
Павлодар қаласы
2016-2017ж.ж.
Білім беру саласы: «Қатынас»Бөлімі: «Сөйлеуді дамыту»Тақырыбы: «Құстың ұясы»Мақсаты: Сурет салудың дәстүрден тыс әдістері арқылы балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылықрарын арттыру.Эстетикалық тәрбиеге баулу.Міндеттері:
1. Жалпы құстар туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы мағлұмат беру.
2. Балалардың белсенділігін, қызығушылығын, сөздік қорын, ой - өрісін дамыту.
3. Құстарды қорғауға, қамқоршы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу. Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, ойын, сергіту, сұрақ –жауап, қызықты сәт,мадақтау, қайталау.Көрнекіліктер: Құстар суреті, мнемо кесте,таратпа карточкалар.
Сабақ барысы:Т:Балалар бүгін бізде ерекше күн! Бүгін біздің топқа қонақтар келіпті, қане амандасайық.
-Ал қанекей шеңбер жасап тұрағаламыз!
Арайлы таң атты,Алтын сәуле таратты.Жарқырайды даламыз,Жарқырайды қаламызҚайырлы күн қонақтар!Қайырлы күн достарым!Жарайсыңдар Балалар! Тамаша!Т: Қазір жылдың қай мезгілі?
Б:- Қүз мезгілі
Т:Ия қазір,күздің соңғы айы қараша!
Т:-Балалар,айтыңдаршы сендер құстар туралы не білесіңдер?
Б:-Құстар үй және дала құстары болып екіге бөлінеді.
Т:-Ал үй құстарының бізге тигізер пайдасы қандай?
Б:-Олардың етін жеиміз,олар бізге жұмыртқа береді!
Т:-Ал,балалар,сендер құстарға қандай қамқорлық жасар едіңдер?
Б:-Оларға жем береміз,үйшік саламыз!
Т:-Ал егер қанаты сынған торғайды тауып алсаңдар сендер не істер едіңдер?
(Көгершіннің дауысы)
Т:-Балалар
Т:-Бүгін біз Спандияр Көбеевтің (балаларға автордың портретін көрсету)«Құстың ұясы» деген әңгімемесімен танысамыз!
( аудио жазба тыңдайды)
Құстың ұясы
Спандияр Көбеев
Балалар ойнап жүріп, ағаштың үстінен бip құстың ұясын көрді. Бұл
ұяның iшiндe балапандар отыр екен. Балалар балапанды алып үйіне әкелді.
Әкесі баласына айтты: «Бұл балапанды ұядан неге алдың,- деп. - Шешесіз
балапандар тұра алмайды: балаларынсыз шешeci қайғырады, далада құр өліп
қалады ғой»,- деді.
Балалар балапанды аяп, ұясына апарып қойды.
35218949205395029421876 Сергіту сәті: «Ұшты-ұшты ойыны»
Т:-Балалар әңгімедегі балалар ең алдымен нені көрді?
Б:-Ағашты көрді!
Т:-Ендешеағаштардың қасына барып тапсырмасырмаларды орындайық!
Тапсырма: «Артығын тап» Ортаңғы топ
Мақсаты:Карточканың ішіндегі артық құстарды тауып оны қоршау.
2 кіші топ
«Қандай құс,құрастыр»
Шарты:құс бөліктерін бір-біріне қосып,құсты құрастырып шығу.
Т:-Жақсы балалар тапсырмадан сүрінбей өттіңдер тамаша!-Ал жаңағы балалар ағаштың үстінен нені көреді?
Б:-Ұяны көреді!
Т:-Балалар құстардың дыбысы шығып жатқан жаққа барайықшы!
(Ұяның артындағы тапсырманы орындайды)
Ойын: «Үй және дала құстары»
Шарты: Әуен ойнап тұрғанда барлық құстар шашылып жүреді,әуен тоқтағанда үй құстары тауық қораға,дала құстары орманға қашады.
Т:-Жақсы,ал содан кейінқайда барады?
Б:Үйге барады!
Тапсырма: Тіл ұстарту жаттығуларын біргше қайталау
«Ғай-ғай мынау отырған торғай», «Қарға қарға қарғалар,қар үстінде жорғалар»
-Жарайсыңдар балалар,үйде олар кімге келді?
Б:-Әкесіне келді!
-Әкесі оларға не деді?
-Балалар мұнда балалардың әкесі бір белгілерді қалдырып кетіпті,қараңдаршы бұл белгілер нені білдіреді?
Б:-Ағашты сындыруға болмайды!
-Құстың ұясын бұзуға болмайды!
Т:Сонымен ,балалар құстың ұясымен не істеді?
Ағашка апарып қойды!
(Тәрбиеші балалармен бірге ұяны апарып қояды)
Т:-Ал, балалар сонымен біз бүгін қандай автордың әңгімесімен таныстық?
-Әңгіменің аты қалай?
-Сендерге бұл әңгімеде не ұнады?
-Соныымен құстарға бізден қандай қамқорлық керек екен?
-Жарайсыңдар,балалар,қоштасатын сәт келді. Келген қонақтарға рахметімізді айтып қоштасайық.Қол ұстасып тұрайықШеңбер жасап құрайықКөріскенше күн жақсыСау –саламат болайық!