«?лты ?лы?та?ан ?лы т?л?а» (президент к?ні)
«Ұлты ұлықтаған ұлы тұлға» (президент күні)1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне арналған ашық тәрбие сағатыМақсаты: 1 желтоқсан «Елбасы» мерекесі екенін айта отырып, балаларға қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беру;Балаларға Президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі өнеге ету; Елжандылыққа, өз отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.Көрнекілігі: Н.Ә. Назарбаевтың түрлі жанрларда түскен суреттері, кітаптары, слайдтар.Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұран орындалады.ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі:Балалар, бүгінгі «Ұлты ұлықтаған ұлы тұлға» атты тәрбие сағатына хош келіпсіздер! Еліміздің түпкір-түпкірінде 1-желтоқсан «Елбасы» мерекесі тойлануда. Жас ұрпақтың жақсы, терең білім алуы үшін барлық жағдай жасалған. Еліміздің ертеңі, болашағы –сендерсіңдер. Сондықтан білімді, тәрбиелі, іскер, талапты бола отырып, еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосайық!ІІІ. Негізгі бөлім:Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалықоқу орнын бітірді. Экономика ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академиясының, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. 1960-1991 жылдары-Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.1960 жылғы ақпан сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды.1990 жылдың сәуірінен – Қазақстан Республикасының Президенті.1991 жылдын 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті.Сайлау нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті.(Экраннан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың түрлі жанрларда түскен суреттерін слайд арқылы көрсетіп,таныстыру)Балалардың баяндауы:«Нұр-ата» атты өлең оқылады.Оқушы:Қазақтың елі – кенен ел,Басшысы жайсаң кемелді ер,Зейіні зерек, өзі алғыр,Нұр – ата сынды кемеңгер.Оқушы:Қазақтың туын ұстаған,Болашақ жолын нұсқаған,Нұр – ата аян ғаламға,Беделі биік күшті адам.Оқушы:Достықтың керіп желісін,Үйлесім менен келісім.Шешімін құптап көп басшы,Қол соқты жақтап Ер ісін.Мұғалім:Балалар, сендер Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?Оқушылар:Отан-біздің ауылымыз, жеріміз, еліміз т.б.-Жақсы, балалар 1996 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің 24 қаңтардағы жарлығымен мемлекеттік символдар бекітілді:Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы.Қазақстан Республикасының мемлекеттік ЕлтаңбасыҚазақстан Республикасының мемлекеттік ӘнұраныОқушы:Әркім тілін сүйеді,Қадірлейміз мұны біз.Қазақ тілі киеліМемлекеттік тіліміз.Оқушы:Желбірейді шалықтап,Қазақстан жалауы.Көкте қыран қалықтапҚанат қағып барады.Оқушы:Көк аспанда нұрлы күн Күлімдейді далама.Бақыт тілеп тұр бүгінОл барлық пәк балаға.Оқушы:Ұлттық өрнек мұрамызАдастырмас мұраттайНық көтеріп тұрамызЖалауды біз құлатпай.Оқушы:Қазына бар бұл тілде,Анам айтқан жыр әнімЖоғалуы мүмкін беӨлмейтұғын мұраның?!IV. Астана – бас қала!Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен 1997 жылдын 10 желтоқсанынан бастап Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының жаңа астанасы болып жарияланды.1998 жылдың 6 мамырдағы жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып өзгертілді.Астана қаласының кескін –келбеті күн сайын сәулеттеніп, аумағы өсіп келеді.(Экраннан Астананын фотосуреттерін балаларға көрсетіп, таныстыру)Оқушы:Астана арман қала,Бағы бір жанған қалаТұрады ол жас болыпМен үлкен болғанда да.Оқушы:Төкті оған нұрын дала,Астана сұлу қала.Біз оны анамыздайСүйеміз шынында да.Оқушы :Жүректе сақтап атын,Жүретін салтанатым.Астана биігімізБиіктер күнге жақын.Қорытынды:«Ақ тілектер» (Менің Елбасына, еліме деген тілегім қандай болмақ)Оқушылардың жауабы:Мұғалім:Бүгінде Елбасымыздың іскерлігімен алға нық басып келеміз.Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін халықтың басын біріктіріп, өз алдына ел қылды. Елбасымызға мың алғыс!