Суретті басу?а дайындау. Суретті басу
Күні: ___________
Сыныбы:__________
Сабақтың тақырыбы : §18 Суретті басуға дайындау. Суретті басу. Практикалық жұмыс
Сабақтың мақсаты : Paint –пен сурет салуды үйрету, принтерде басып шығаруды үйрету.
Оқушылар үйренуі тиіс : суреттің масштабын әртүрлі тәсілдермен өзгертуді, көлбеуді, суретті бұруды және сурет бөліктерін өзгертуді.Беттің параметрлерін баптауды, орындауды, баспаға беруді.
Сабақтың барысы :
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
IV Білімін өзектендіру
1. Масштабтың көмегімен не істеуге болады
2.«Трансформация» сөзі латын тілінен түрлену, алмасу деп аударылады.
3. Кескін тобындағы Қырқу, Мөлшерді өзгерту, Бұру бөлігін қалдыратын бұйрықтарының
қалай жұмыс істейді?
4.Қырқу – суреттің тек ерекшеленген бөлігі .
Практикалық жұмыс
Мына тақырыптардың біріне суретті салып , суретті басуға дайындаңдар :
Шыршаның суретін салу ;
Мектептің суретін салу;
Мерекеге арналған құттықтау хат ;Армандаған қаланың дизайні.
Оқушылардың дайындаған суреттерін ашып көремін. Тапсырманы принтерге жібермей тұрып, суреттің біз ойлаған түрде көрінетіндей етип, оған көз жеткізейік. Беттің параметрлері терезесін шақырыңдар: Paint терезесін басып шығару батырмасын басып, беттің параметрлері. Беттің толтырылу бағытын, ортаға түзеуді, масштабты өзгертіңдер. Сендердің суреттерің көлденең сызылған тікбұрыш сияқты болып көрінеді. Қарап шығу терезесінде беттің өзгертулерін қадағалаңдар.Бетті баптағаннан кейін келесі қадамға – алдын ала қарауға көшуге болады. Бұл терезеде сендер таңдаған параметрлермен суреттің бетте қалай орналасатынын көруге болады. Бәрі сендер ойлағандай болса- тапсырманы печать батырмасын шертіп, сенімді түрде басып шығаруға жөнелтіңдер. Егер бір нәрсе өзгерту керек болса, онда беттің параметрлері терезесіне қайта оралуға тура келеді.
Беттің параметрлерін баптау,Алдын ала қарау терезесі VІ Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындауОқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
VІІ Қорытынды
1.Суреттің фрагментін қалай бұрамыз ?2.Дөңгелекті шағылдырса не болады ?3.Суреттің фрагментін қалай ұлғайтуға болады ?4.Paint –те орындалған соңғы қағазша амалдан бас тартуға болады ?5.Басып шығаруда суреттің масштабын қаншалықты өзгертуге болады ?6.Ортаға түзеу нені білдіреді ?
7.Қағаздың қандай мөлшері қолданылады ?8.Суреттің мөлшері қандай ? Ол қанша бет болады ?9.Суретті басып шығаруға жіберу үшін пернелердің қандай тіркесімі қолданылады ?10.Қандай пернемен алдын ала қарау терезесін жабуға болады ?VІІІ Үйге тапсырма § 18оқып келу, тест сұрақтарына жауап беру