Аны?тауыш болатын с?з таптары та?ырыбына саба? жоспары (8-сынып)
Сыныбы: 8 «в» , қазақ тілі
Мерзімі: 2.11.2015
Пән мұғалімі:Умбеталиева С.Н.
Тақырыбы: Анықтауыш болатын сөз таптары, түрлері
Жалпы мақсат: а) білімдік — анықтауыш туралы білім деңгейін көтеру, тереңдету;
ә) дамытушылық — түрлі әдістермен оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылыққа баулу;
б) тәрбиелік - ұжымшылдыққа, нақтылыққа тәрбиелеу.
Оқу нәтижесі: Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып,
оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау
Сабақта қолданылатын материалдар: Интерактивті тақтамен жұмыс, кеспе қағаздар, плакаттар
Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пайдалану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Амандасу, сыныпты тексеру, тазалыққа көңіл бөлу. Әр оқушыны бір-бір зат иесі етіп, адамдарға хат жаздыру. Өзін бір затпын деп есептеп, адамдарға хат жазады.
Қызығушылықты ояту «Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді. Талдау,жинақтау,қорыту
Жаңа тақырып б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Сөйлемде зат есімнен немесе заттық ұғымда жұмсалған басқа да сөз таптарынан болған мүшелерді сындық,сапалық,сандық,иелік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені анықтауыш дейміз.Соған сәйкес сұраулары: Қандай? Қай? Қанша? Неше?Кімнің? Ненің? Керімбаланың осы әніне орай қып,Оралбай да бір кербез әнге шырқай жөнелді.Оның әні – «Гауһар тас». Бірінші сөйлемде әніне деген толықтауышты екі анықтауыш сипаттап тұр.
Анықтауыш өзі анықтайтын мүшесімен қабыса,матаса байланысады.Мысалы, Керімбаланың әніне дегенде матаса байланысқан, осы әніне дегенде қабыса байланысқан.
Анықтауыш бірнеше сөз таптарынан болады.Анықтауыштар құрылысына қарай дара,күрделі және үйірлі болады (кестеге қараңдар)
Анықтауыштар құрылысына қарай Мысалдар
Дара Құстар шыршалы орманды жақсы көреді
Күрделі Қылқан жапырақты ағаштың ең үлкені – алып қарағай.
Үйірлі Ыстық шаңға құмыққан Байжан купенің терезесін қайта түсіріп жіберді.
Талабы бар жігіт жерде қалмайды.
Анықтауыш болатын сөз таптары Мысалдар
Сын есімдер Қысқа жіп – күрмеуге келмес.
Зат есімдер Сәндікке күміс жүзік тағатын болды.
Сан есімдер Адамның үш жұрты болады: ағайын жұрты,нағашы жұрты,қайын жұрты.
Есімдіктер
Есімше Осы жылқы – жүйрік.
Жалбыраған бұтақтары жерге тиіп тұрады.
Ілік септікте тұрған есім сөздер Шыршаның қабығы жырым-жырым,ал май қарағайдың діңі жып-жылтыр.
Жаттығумен жұмыс: 49-жаттығу. Мәтіндегі қарамен жазылған анықтауыштардың сұрақтарын қойыңдар.
Шығармашылық жұмыс: «Адамның жақсы,жаман болмағы-өзінен» деген тақырыпта ойтолғау жазыңдар.
Тақырыпқа қатысты тест жұмыстарын өткізу.
Шығармашылық жұмыс
БББ кестесі
Білемін Білдім Білгім келеді
Оқушылар сұрақтарға жауап береді
Білу, түсіну, қолдану.
Үйге тапсырмасын беру 50-жаттығу
Үй тапсырмасын білу, түртіп алу
Бағалау Оқушыларды бағалау Рефлексия Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру «Екі жұлдыз, бір тілек »