Ашы? саба? Тіл дамыту п?ні: «Тіл –халы? ?азынасы»


Уақыты: 02.09.2015ж
Тәрбиеші: Шонаева Жанат Орынбасаровна
Білім беру саласы: «Қатынас»
Білім бөлімі : Тіл дамыту.
Мақсаты: Өз тілін ардақ тұтып,құрметтеуге үйрету.
Ана тілінің жақсылыққа жаны құмар, таза, инабатты,сыпайы болып өсетіндігін және ұлттық қасиеттерімізді жоғалтпаудың бірден-бір қайнар көзі екендігін айтып түсіндіру.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: туған жері,тілі туралы әңгімелесу.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын
Тақырыбы: «Тіл –халық қазынасы»
Қажетті көрнекі құрал жабдықтар : ойынға арналған сандар, асықтар,шаңырақ ,әр түсті ленталар.
Билингвальді компонеттері:Отан-Родина,ана тілі-родной язык.
Іс әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық қозғаушы бөлімі Шаттық шеңбері:
«Туған елім» әнінің ырғағымен қимылдар жасау. Балалар бірге айтып, жаттығулар жасайды.
Іздену ұйымдастырушы бөлімі
Балалар, біз қай республикада тұрамыз?
-Республикамыздың ел ордасы қалай аталады ?
-Дұрыс айтасыңдар.Бұрынғы Ақмола қаласы-қазір республикамыздың Астанасы.
-Қане айтайықшы, біз қай ұлтпыз?
-Дұрыс айтасыңдар.Біздің ұлтымыз-қазақ.,біздің тіліміз-қазақ тілі.Басқа ұлттармен сөйлескен кезде орыс тілінде сөйлейміз.Өйткені орыс тілі көптеген ұлттардың ортақ тілі.
Ғажайып сәт:Осы кезде ұлттық киім киген орыс қызы келіп амандасады.
-Здравствуйте, ребята!
-Бізге қонақ келді,аты-жөнін сұрайық кім екен?
Как тебя зовут?
-Наташа.
-Балалар Наташа қай тілде сөйлеп тұр?
-Мен қазақ тілінде де өте жақсы түсініп, сөйлеймін,-деді Наташа.
-Олай болса ,Наташа ,сен біздің балаларға бір тақпақ айтып бересің бе?
Наташа жарайды.
Тақпақ айтады.
-Қандай жақсы айттың,
Наташа, сен бізге қонақ болып отыра ғой.Көрдіңдер ме, балалар Наташа өз ана тілімен бірге біздің қазақ тілін де өте жақсы біледі екен.Көп тілді білу білімділікке жатады.Адамзат жаралғалы бері ана тілі ар-ождан, адамгер- шілік айнасы болып келеді.
Ана тілі –әр халықтың өзінің төл белгісі.Әрбір адам өз ана тілімен бақытты, ана тілімен биік,әрі асқақ.Өз еліңнің, жеріңнің, халқыңның мерей –мәртебесін биіктету үшін қазынаң – ана тілін жетік білуі қажет.
Балалар, Қазақстан
Республикасында көптеген
ұлт өкілдері тұрады. Олар: орыстар, өзбектер,татарлар,түріктер,
қытайлар, кәрістер,ағылшындар.
Осы аталған ұлт өкілдеріінің барлығы ана тілін білуі керек.
Балалар, біз неге өз тілімізді-ана тілі дейміз?
-Дұрыс айтасыңдар.Тіл –рухани байлықтың баға жетпес құдіретті, қуатты қайнар бұлағы.Оның бұлағынан жас бала ана сүтімен ауызданады, алғашқы уілінен бастап сөйлеуді үйреніп ,тілі шыға бастайды.
М.Мақатаев « Үш бақтым» өлеңді оқып беру.
Ойын : «Шаңырақ».
-Балалар ,біз халықтың жан дүниесін ана тіліміз арқылы танып білеміз.Біздің ана тіліміздің байлығы ұрпақтан-ұрпаққа жазу жоқ кездеңде шешендік сөздер, ертегілер,аңыздар,ауыз әдебиеті арқылы жеткен.Мысалы: эпостық жырлар, батырлар туралы Алпамыс батыр,Қобыланды батыр,Ер Тарғын, Қамбар батыр сонымен бірге мақал-мәтелдер,жаңылтпаштар .Той-томалақ, жиындардарда айтыссыз өтпеген.айтыс-суырып салма ақындар сөзталасы. Айтыс атадан қалған мұра,оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін мына сендер.
Билингвальді компонеттері:Отан-Родина,ана тілі-родной язык. Қазақстан Республикасында.
-Астана
Біздің ұлтымыз-қазақ
- Здравствуйте.
-Орыс тілінде.
Қазақ тілінде-ана тілімізде.
Себебі ,біз өмірге келген күннен бастап бұл тілді анамыздың аузынан естиміз.Осы тіл арқылы бүкіл жақсы қсиеттерді бойымызға жиямыз. Сондықтан да анамыз сөйлеген тілді ана тілі дейміз.
Рефлексивті
коррекциалаушы бөлім Орыс қызы Наташаға асықтармен ұлттық ойынды үйрету. Әртүрлі ленталар арқылы бір-біріне тілектерін айтып, оқу іс-әрекеттерді қортындылап, қонақпен қоштасу. Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: өз ана тілін құрметтеуге үйренді.
Қандай түсініктерді игерді: туған жеріне ,еліне, деген сүйіспеншілікпен қарауды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: өз халқымыздың батырлар жырлар,ауыз әдебиеті туралы.