?Р мектепке дейінгі т?рбие мен о?ытуды? мемлекеттік жалпы?а міндетті стандартын ендіру жа?дайында балаларды ерте дамытуды? т?жырымдамалы? ?дістері, т?сілдері мен формалары
-752757-41529000ҚР мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын ендіру жағдайында балаларды ерте дамытудың тұжырымдамалық әдістері, тәсілдері мен формалары
Автор: Абаукеева Құралай Айткуловна
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды. Бүкіл әлемдегі сияқты, Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек», деп бағыттаған болатын. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр.
Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты.
Яғни, педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті. Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру - басты мәселенің бірі. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары жасалып енгізілуде.
Білім берудің алғашқы баспалдағы балабақшадан басталады. Ал, мақсаты- мектепке дейінгі білім балалардың білімді болуына бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Әрбір жаңашыл тәрбиеші терең теориялы, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шебер, бадалардың жанын түсінетін тұлға болу керек. Сондықтанда қазіргі таңда әрбір әдістемені, жаңа технологияны тиімді пайдалану, баланың жеке басының сапасын қалыптастыру - педагогдың міндеті.
-764046-39271300
Мектепке дейінгі оқу тәрбие жүйесін жетілдіру мақсатында баланың өмірде интелектуалды, танымдық қабілеті дамыған тұлға болуы үшін ерте даму әдістемесінің маңыздылығы өте жоғары.
Қазіргі таңда ерте даму әдістемесі тақырыбы өте әйгілі болып тұр, бұл әдістеменің бас июшілері қаншалықты көп болса , қарсыластары да аз емесқалай болғанда да, ата-аналардың ерте даму әдістемесін қолдану я қолданбау өз еріктерінде , ал егерде қолданған жағдайда қайсысына тоқталғаны жөн. Бұл жағдайда тәрбиешілер көмек береді.
Қазіргі заманда ерте жастан даму әдістемесі өте танымал және ең талап етілген әдістемелердің бірі болып тұр. Адамзаттың осы әдістемеге деген көзқарасы өмір сүруге құқылы және ғылыми тұрғыдан да негiзделуде. Зерттеулер нәтижесінде , баланың миі ересек адаммен салыстырғанда бір жасында 60%-ға дамиды, ал үш жасында 80 %-ды бірақ көрсетеді екен. Бұдан, біздің бөбегіміздің бізбен бірдей болуы әбден мүмкін, сондықтан неге осы потенциалды дамытуды жүзеге асыруға үйренбеске. Логика қарапайым- егер табиғат солай жаратқан болса, неге біз осы мүмкіндікті балалардың игілігі үшін қолданбасқа?
Ерте жастағы балалардың дамуының еректіліктерін зерттеу барысында көптеген педагогтар мен зерттеушілер баланың дамуын жеделдеуге мақсатты ықпал ету мүмкіндігін анықтады. Бұл арнайы және өте тиімді ерте жастан даму әдістемелерін жарыққа шығару мүмкін болды. Қазір осы әдістемелер баланың жан-жақты ерте жастан дамуына кеңінен қолдануда.
Ерте жастан дамыту әдістемелері өте көп!!! Біз сіздермен ішіндегі кеңінен таралып, қолданыста жүргендерін ғана қарастырып өтеміз:
Вальдорф мектебі
Мария Монтессори әдістемесі
Глен Доман әдістемесі
Н. А. Зайцев әдістемесі
Масару Ибука-767503-39299500
Вальдорф мектебі
Вальдорф әдістемесінің негізін қалаған австриялық философ-мистик, жазушы Рудольф Штайнер. Вальдорф мектептері – бұл балалық шаққа құрмет негізінде құрылған білім жүйесі. Оның мақсаты – әрбір баланың табиғи қабілеттерін дамыту және ересек өмірінде қажет болатын өзіне деген сенімділігін нығайту. Орта мектептегі білімнің негізі мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш мектеп кезінде-ақ қаланады . Бұл кезеңде вальдорф мектебі эмоциялық жетілу, инициатива мен іске шығармашылық тұрғыда келу , дұрыс көзқарас пен жоғары жауапкершілікпен қарау сияқты сапаларды дамытуға тырысады. Вальдорф педагогикасының негізіне енгізілген басты идея – бұл жалпы адамдық білім идеясы. Мектеп адам болашағын ашудан басқа,өз алдына басқа да мақсаттар қоймауы тиіс. Балалық шақ пен жастық шақ ересек «өмірге» дайындық емес. Олар тұлғаның физикалық, психологиялық және рухани денсаулығын анықтайтын және қалыптастыратын дамудың ерекше, бағалы кезеңдерін ұсынады. Барлық педагогиканың барысын және ұйымның жұмысын бастаушы ұғымы болып «тұтастық», «барлық адамға, оның санасына, сезіміне, еркіне немесе, басқа сөзбен айтқанда оның басына,жүрегіне және қолына білім беру ниеті» саналады.
-762635-41529000
Мария Монтессори әдістемесі
М.Монтессоридің ерте даму әдістемесінің маңыздылығы өте жоғары. Қазіргі кезеңде баланың ерте дамуы өте танымал болуда.
М. Монтесоридің әдістемесінің негізгі бағыты- бала әрекетіне еркіндік беру, таңдауына, қызығушылығына және пікіріне құрметпен қарау, баланың өзіндігінен дамуын бақылау. Ал әдістеменің басты қағидаттары
Өзін-өзі тәрбиелеу
Өзін-өзі оқыту
Өзін-өзі дамыту
Тәрбиеші-мұғалім емес жетекші мәжбүрлемеу керек , тіркеп қою керек; жалқауланбау, баланың мүмкіндігін ашуға көмектесу қажет.
Әдістеменің ұраны: «Мұны өзім жасауға көмектес!» Демек, Монтессори әдістемесін балабақшада пайдаланудың тиімділігі – бала өзінің даму ортасында еркін, өз пікірін алға тарта отырып жұмыс жасайды. Бала өзін қоршаған ортасынан және әлеуметтік ортасынан ерекше әсер алады. Ересектер ортада баланың дамуы үшін өзіне қажеттінің және пайдалының бәрін таба алатын, әр түрлі және бай сенсорлық (сезімдік) әсерлер алатын, дұрыс сөздерді, позитивті әлеуметтік жүріс-тұрысын, заттармен рационалды ортада жұмыс жасайды. Яғни, үлкендердің міндеті балаға
Затты зерттеуге мүмкіндік
беру үшін заттық дамыту ортасын жасау
-749300-40195500
Балаға өздігінен әрекет жасауға бөгет жасамай, қажет кезінде ғана көмектесу
Баланың білімге деген құштарлығын қолдау
Глен Доман әдістемесі
Глен Доман – әскери дәрігер, «Баланы жедел дамыту институтының» негізін қалаушы ХХ ғасырдың 40-шы жылдардың аяғында жүйке жүйесінің ауруына шалдыққан балаларды оқытумен айналысқан. Балаларға қызыл ірі шрифтпен жазылған сөздерді көрсетіп, қатты дауыстап оқиды, сонымен қатар әр түлі санда ірі салынған нүктелердің санын атап көрсетеді (математиканы үйрету). Карточкаларды бірнеше секунд ішінде өте жылдам көрсетіледі. Мұндай
сабақтар күніне оншақты болып өткізілген. Нәтижесінде – төсек тартып параличте жатқан балалар жәймен қимылдай, одан әрі еңбектей бастайды, одан қала берсе жүре, жүгіре бастайды. Кәдімгі сау болып туылған балалар сияқты. Глен Доман көру жүйесін дамыта отырып, ми жұмысын белсендірудің амалын тапқан. Доманның тұжырымы – баланың миын жұмыс жасауға мұқтаждау қажет.
-744855-38481000
Н. А. Зайцев әдістемесі
Н.А.Зайцев 1939жылы Санкт Петербург қаласында дүниеге келген. Балабақшада тәрбиеші, жасөспірімдер колониясында, ақыл-ойы төмен балалар интернатында және орыс тілі мен шеті тілі мұғалімі боп қызмет еткен. «Білім беру жүйесіндегі стандарттан тыс технология» деген орталықтың негізін салушысы және басқарушысы. Ол ұлы педагог-новатор, «Зайцев кубиктері» атты еңбектің авторы.Оның барлық еңбектері, әсіресе ең әйгілісі «Зайцев кубиктері» еңбегінде – баланың дамуына, яғни денсаулығына, жақсы көңілде болуына бағытталған. Барлық материалдары ойын түрінде ұсынылғаны соншалықты, балалар үлкен қызығушылықпен бұл кубиктермен топ болып та және жеке болып та ойнайды. "ЗайцевКубиктері " –балалардың кіші жасынан бастап оқып үйренуге мүмкіндік береді. Комплект құрамына кубиктердің картон бөліктері, оны толыктырып отыратын басқада бөліктері, сабаққа арналған әдістемелік құралдары, буындарды әндете айтылатын аудио жазбалар. "Зайцев кубиктерінің" тиімділігін әрбір елдің педагогтарымен бірлесе отырып тексерілген.
Зайцев бойынша оқыту- ойын арқылы оқыту деген. Еркіндік – сабақтың негізгі ережесі. Зайцев орталығындағы сабақта балалар секіріп, шулап, көп қозғалыс жасап жүре беруіне болады. Балалар көп қозғалады: таблицадан кубикке көшеді, кубиктен тақтаға қарай, шапалақтайды, аяқтарын топылдатады.Мұның барлығын жан дүниесімен жасайды. Бірақ жәй демалу үшін жасалатын сергіту сәті емес. Н.Зайцевтің айтуы бойынша, кез-келген ойынның негізі ізденіс пен өзіндік қалауды құрайды.
-777240-41592500
Масару Ибука119380012065
Масару Ибука, инженер, кәсіпкер (1908-1997 г.), “Sony” компаниясының негізін салушылардың бірі.
Елі: Жапон
Шығармасы: «3 жастан кейін бәрі де кеш» атты кітабы 1971 жылы жарық көрген, 1991жылы орыс тіліне аударылған
-751490-41526800
Тұжырымдама негіздері
Адамның мінезі мен қабілеті туылған мезетінде емес, көбіне оның өмірінің белгілі бір кезеңінде калыптасады;
Баланың ақыл-ой қабілетінің дамуының кілті- бұл баланың өмірінің алғашқы үш жылындағы танымдық жеке іс тәжірибесінде болады;
«Артта қалған бала болмайды – барлығы оқыту әдістеріне байланысты» (Шиничи Сузуки);
Баланы ерте жастан дамытудың жалғыз мақсаты – ол бала терең ойлы мен тәні сау болып, бойында зеректілік пен рақымдылық қасиеттері табылатындай етіп білім беру.
Мидың құрылымы 3 жасқа қарай қалыптасады
Егер алғашқы үш жылда мықты база орын алмаса , үйретудің бәрі бекер, бұл жақсы нәтижеге жету үшін нашар компьютерде жұмыс жасаумен тең.
Бөтен адамның алдында баланың жасқаншақтық танытуы – бұл баланың бейнелерді танып білу қабілетінің дамуының дәлелі.
Заманауи тәрбие беруде «қаталдықты» «бәрі боладымен» алмастырып үлкен қателік жасайды.
Баланың өмірінің алғашқы жылдарында қаталдық пен мейірімділік қатар орын алу керек. Жас кезеңде араласпай, кейін есейген шақта қысым көрсету бала бойындағы талапты басып, қарсы мінез-құлыққа әкеліп соқтырады.
Ересектердің «қиын» және «оңай» түсініктері бала үшін жарамайды
Баланы қызықтырған кез –келген зат оның зейінін түгелдей өзіне аударады. Оның керемет асылтас болсын я болмаса жәй тас болсын.
Бала өзіне қызық нәрсені ғана есіне сақтайды
«Бір құмалақ қарын майды шірітеді» - деген сөз бала тәрбиесіне өте жақын
Ерте жаста берілген тәлім – тәрбие, баланың бүкіл өміріне азық болмақ. Сондықтан ата-ана берген тәлім-тәрбие игілікті де пайдалы болуын қамтамасыз ету қажет
-758075-42227500
Бала үшін не пайдалы?
Баланы қолға көбірек алыңыз Баланың жылағанына мерзімінде көңіл аударыңыз Қатты еркелетпеңіз Балаға көңіл аудармау, еркелеткеннен де жаман Жаңа туылған балаға ата-ананың ұрысы қатты әсер етеді
Әке баласымен көбірек уақытын өткізгені жөн
Отбасында неғұрлым бала көп болса соғұрлым , баланың қарым-қатынасқа түсуі оңтайлы
Ата мен әженің ролі өте жоғары
Баланы қіші жасында ғана шапалақтауға болады
Басқа балалардың алдында балаңызды келемеждемеңіз
Баланы жекігеннен гөрі мадақтаған оңайТәрбие берудің принциптері
Тәртіпке ынталандыру
Қызығушылық – ізгі ниетҚызық нәрсені бала дұрыс деп, ал қызық еместі бұрыс деп есептейдіБаланың қызығушылығын қуаттауды қажет етедіБаланың қиялы мен фантазиясы шығармашылық қабілетін дамытадыБалаға шындықты айтыңыз
Күн тәртібі балада уақыт сезімін дамытады
Ерте жаста мінезді тәрбиелеу
Музыкалық үйлесім ерте жаста жақсы дамиды
Тақпақ жаттау баланың есте сақтау қабілетін дамытады
Балаға ең жақсыны беруге тырысу қажет
Бір істе жақсы нәтижеге жеткенде, келесі іске деген сенімділік береді
Болашаққа көзқарас
Ерте жастан дамыту- балабақшаға даярлық емес
Ерте жастан дамыту- қаражат пен уақытты қажет етпейді
Бала тәрбиесіне маңызды еш нәрсе жоқ
Өз балаңнан үйрен
Сіздің балаңыз сізден жақсы болсын
Бала сіздің жеке меншігіңіз емес
-760164-42629900ҚОРЫТЫНДЫ
Балабақшадағы мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу ісінде баланың отбасымен тығыз қарым-қатынаста болу қажетті, өйткені ата-аналар бала тәрбиесіне жауап береді, олар баланы тәрбиелеу мен оқытуда өздерінің рөлін сезінуі тиіс. «Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселелеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек», - деп Елбасымыз «Қазақстан – 2050» жолдауында атап өткендей, балалар – мемлекетіміздің болашағы! Қоғамымыздың өрлеп дамуы өсіп келе жатқан жеткіншектердің ой-санасына рухани- адамгершілік тәрбие бере білуімізге байланысты. Еліміздің болашақ өрендерін тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңіз өнегелі де өрелі болсын!
№34 «Бақыт» балабақшасы МКҚК
Баяндама:
“М.Монтенссоридің ерте кезеңнен даму әдістемесі балабақшада”
Әдіскер-тәрбиеші: А.О.Токтамысова
Тараз қаласы 2014 жыл