Тема Ф дыбысы ж?не ?рпі


Пәннің аты:
Сауат ашуУақыты:16.03.16 Кабинет Мұғалім:
Бөлеубаева ГСабақтың атауы Ф дыбысы және әрпі.
Мақсаты 1. Оқушыларды Ф әрпімен таныстыру. Оқушыларға Ф әрпінің жазылуын, оқылуын меңгерту.
2. Сөздік қорларын дамыту.
3. Сауатты жазуға, еңбекті сүюге баулу
Күтілетін нәтиже Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, буындар, суреттер.
Сабақтың барысы:
Психологиялық ахуал Шаттық шеңбері
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге
Жаттығу жасайды.
Қызығушылығын ояту
. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылардың оқу құралдарын тексеру.
ә) Зейіндерін сабаққа аудару.
II. Өткен сабақты пысықтау.
Балалар, біз өткенде қандай дыбыспен таныстық?
- В дыбысы.
- Қане, В дыбысын қарастырып сөздер ойлап жіберейік. Вагон, велосипед, вокзал. .
Енді осы сөздерден сөйлем құрайык.
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтарын оянып,ерекше ынтамен кіріседі
Мағынаны тану
Суреттерге қарап заттарды атау. кофе, фонтан,телефон т.б.
Осы сөздердегі ең бірінші әріпке көңілдерін бөлу.
Ф әрпін ауада, тақтада жазу.
Ф жазба түрі.
Ф баспа түрі.

Суреттерге қарап, сөздерге дыбыстык талдау жасау.
Буын сөздерді хормен оқу.
Тордағы әріптерден сөз құрау. Те/ле/фон сөзіне дыбыстық талдау жасау. Суретпен жұмыс.
Сурет бойынша әңгіме құрайды, одан сөйлемді бөліп алып, ал сөйлемнен Ф дыбысы бар сөзді табу.
Жұмбақтар шешу.
Бір құлағы сөйлесе,
Бір құлағы тыңдайды.
Білсең айтшы ендеше,
Жұрт не дейді мұндайды?
(Телефон)
Тапсырмалар.
а) Жалғасын тап.
Фут-, фон-, магнито-, теле-, т.б.
ә) Сөзде неше әріп бар екенін цифрмен көрсет.
Фатима финал кофта фонар т.б.
б) Ф дыбысын қатыстырып создер ойла.
Сергіту сәті Оңға ,оңға түзеу тұр,
Солға ,солға түзеу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары –төмен қарайық,
Орнымызды табайық. Балалар қимыл қозғалыспен жаттығуды қайталайды.
Ой толғаныс
Жұмбақтар шешейік!
Арқасы тіреп жабысып,
Екі "р" қалған қабысып,
Бұл қай әріп? (Ф)
Иілген ұршық -
Қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп? (Ф)
Қос бүйірін таянып,
Тұратұғын қай әріп? (Ф)
"Орамал тастамақ" ойыны. Орамалды алған бала ф дыбысы бар сөз айтады, ал келесі бала ол сөзден сөйлем құрайды.
Үйге тапсырма Буын сөздерді оқып келу. Бағалау Сабаққа жақсы қатысқан балаларды бағалау. Кері байланыс