К к дыбысы мен ?рпі ашы? саба?
Тақырыбы: К к дыбысы мен әрпі
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға К к дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы сөздерді тізбектей оқыту.
Дамытушылығы: К к дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық іс- әркеттерін, шығармашылығын, сөздік қорларын дамыту. Тәрбиелігі: Оқушыларды пәнге қызығушылығын арттырып, ұқыптылыққа, сауаттылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топтастыру, тізбектей оқу, ойын, шығармашылық тапсырма, сурет арқылы сөйлем құрау
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер,буындар, ребустар, жұмбақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ә) Бір, екі, үш,
Сынып іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
Ой шақыру
а) Дыбыс деген не?
ә) Әріп деген не?
б) Дыбыстар нешеге бөлінеді?
ІІ. Үй тапсырмасы: Е е дыбысы мен әрпі
а) Е е дыбысы қандай дыбыс?
ә) Е е дыбысынан келетін сөздерді оқу.
б) “Сөз ойла, тез ойла” ойыны
в) Е дыбысынан келетін сөздерді буынға бөлу.
бес
емен
шешен Е
жер
жел еден
немере
- Балалар, бүгін біз « Әріптер бағына » саяхатқа шығамыз.
- « Әріптер бағына » қандай көлікпен барсақ екен?
- Ал, балалар, ол баққа мен « Білім » көлігімен барғым кеп отыр. Ал сендер осы көлікке отыруға дайынсындар ма?
- Онда қарап отырмайық.
ІІІ. Қызығушылығын ояту
Ал, балалар, ойнайық
Ойнайық та ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да
Шешпей оны қоймайық .
ІҮ. Жаңа сабақ
Жұмбақ шешу
Қызықтап күнде сен
Суретін көресің,
Оқисың одан сен
Әріптің төресін (кітап)
Кітап сөзі қандай әріптен басталып тұр. К к әрпінің баспа және жазба түрін ілу.
К к дыбысын хормен айтқызу.
Өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында кедергіге ұшырап айтылып тұр. Бұл дауыссыз дыбыс.
Ү. Оқулықпен жұмыс
1.Хормен оқу
2.Тізбектей оқу
Кеме терек мереке кебеже
Кесе шелек береке текемет
Суретпен жұмыс
Мәтінді сурет бойынша түсіндіру.
ҮІ. Сергіту сәті
ҮІІ. Дәптермен жұмыс
1.Ауада жазу
2.К к әрпін жазу.
3.Берілген сөздерді жазу.
Мағынаны тану
Сурет бойынша К к дыбысының орнын анықтау.
ҮІІІ. Кеспе әріппе жұмыс
Шелек, кесе сөздерін жазу.
Ой тұжырым
К к дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында жазылады
ІX“Адасқан буындар”
Буындардан сөз құрау
X. Шығармашылық жұмыс
Суретке қарап, күз мезілі туралы сөйлем құрап айту.
XІ. Семантикалық карта
Сөздер Әріп саны Дыбыс саны Буынға бөлу
ана бала сабақ XІІ. Сабақты қорытындылау
К к қандай дыбыс?
Сөздің қай жерінде жазылады?
Дауыссыздың қай түріне жатады?
XІІІ. Үйге тапсырма
Сөздерді, мәтінді оқу.
XІҮ. Оқушыларды мадақтау
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!