?дебиет п?нінен ?бдіж?міл Н?рпейісовті? «Балы?шылар»(«?ан мен тер» романынан ?зінді) та?ырыбыны? жоспары
Пән: Қазақ әдебиетіСынып: 6 «А»
Күні: 09.02.13
Сабақтың тақырыбы: Әбдіжәміл Нүрпейісов «Балықшылар» («Қан мен тер» романынан үзінді).
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға Ә.Нүрпейісовтің өмірі, шығағармашылығы туралы мәлімет бере отыра, әңгіменің мазмұнын игерту;
2. Тәрбиелік: адамгершілікке, еңбек етуге тәрбиелеу;
3. Дамытушылық: ой-өрісін дамытып, ойын дұрыс, нақты жеткізе білу қабілеттерін дамыту, мәтінмен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: дәстүрліСабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, мәтінмен жұмыс.
Көрнекілік: Ә.Нүрпейісовтің портретіСабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: а) сәлемдесу; ә) оқушыларды түгендеу.II. Үй тапсырмасын тексеру:
«Қара өлең» жатқа сұрау.
Карточкалар арқылы оқушылардан М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін тексеру.
1. М.Мақатаев қай жылы және қай жерде дүниеге келген?
2. М.Мақатаевтың қандай отбасында дүниеге келген?
3. М.Мақатаев қандай оқу орындарында оқыған?
4. М.Мақатаевтың «Қайырлы түн» өлеңі не жайлы?
5. М.Мақатаевтың «Қара өлең» өлеңі не жайлы?
6. М.Мақатаевтың «Елім барда» өлеңі не жайлы?
7. М.Мақатаевтың «Анау - аспан, мынау - бақ» өлеңі не жайлы?
III. Жаңа сабақты түсіндіру:
Балалар, мына суретте жазушы Әбдіжәміл Нүрпейісов бейнеленген.
Әбдіжәміл Нүрпейісов кім деген сұраққа жауап беретін болсақ. Ол:
II Дүниежүзілік соғыс ардагері
жазушы қоғам қайраткері
саяси қызметкер
Ал енді, балалар, Ә.Нүрпейісовтің өмірбаянына тоқталып кетейік.
ЖЫЛЫ ОҚИҒА
1924 жылы 22 қазанҚызылорда обл. Арал ауданының Құланды поселкесінің Үшкөң ауылында дүниеге келген.
1942 жылыОрта мектепті бітіріп, әскер қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысына қатысады.
1943 жылы наурыздаЛейтенант атағын алады.
1946 жылы желтоқсанӘскерде жүргенде бос уақыты «Курляндия» романын жазумен болды.
1947 жылыҚазақ Мемлекеттік университетінде оқиды.
1954 жылыМәскеудегі М.Горький атындағы әдебиет институтына түседі.
1956 жылыОсы институттағы оқуын аяқтайды.
1962-1964 жылдарыҚазақстан жазушылар одағының органы - «Жұлдыз» журналының бас редакторы болды.
Ә.Нүрпейісов «Курляндия», «Күткен күн» романдары және «Қан мен тер» трилогиясын жазған болатын. «Қан мен тер» романына 1978 жылы Әзірбайжан Мамбетов пен Юрий Мастюгин екі бөлімнен тұратын кино түсірген болатын.
IV. Сабақты бекіту:
1-кезең. Ал қазір біз оқулықта берілген «Қан мен тер» романынан «Балықшылар» деген үзіндісін оқи бастайық.
2-кезең. Осы үзіндідегі кездескен кейіпкерлерді тауып жазып отырайық.
Кейіпкерлер:
ӘлизаМөңкеЕламанРай
ДосАндрей
Әзір
Курнос Иван
Федоров Борис Николаевич
Есбол Итжемес Құлтума Жалмұрат Кәлең
3-кезең. Әңгімедегі 1,2 бөлімге ат қойыңыз. (1-бөлім «Балықшылардың балық аулауға шығуы», 2-бөлім «Еламанның Федоровқа қарсы шығуы»).
V. Сабақты қорытындылау:
- Ә.Нүрпейісов ол кім?
- Ә.Нүрпейісовтің қандай шығармасымен таныстық?
- «Балықшылар» ұзіндісі не жаййлы?
VI. Үй тапсырмасы: Ә.Нүрпейісовтің өмірбаянын және «Қан мен тер» романындағы «Балықшылар» деген үзіндісін мазмұндау.
VII. Бағалау: