?ытай Мон?олия слайд 9 сынып
Үй тапсырмасы Жапония
Жапонияның Ұлттар Лигасынан шыққан жылы: А) 1930 ж. В) 1943 ж. С)1933 ж.Жапонияның 1939 жылы Монғолияға жасаған басқыншылық шабуылының нәтижесі: А) Жеңіліп қалды В) Жеңді С) Келісімге келді Жапония, Германия, Италия біріккен “Үштік пакт” соғыс одағының құрылған жылы: А) 1939 жылы В) 1940 жылы С) 1941 жылы4. 1938 жылы 30 қыркүйектегі Мюхен келісімінде бөліске салынған ел? А) Қытай В) Монғолия С) Чехославакия5. Антикоминтерндік “ Берлин - Рим Токио ” басқыншылық блогы құрылды. А) 1935 В) 1937 С) 1933
6. Екінші дүниежүзі лік соғыс кезінде толық бейтараптық саясат ұстанған Батыс Еуропадағы ел: А) Швейцария В) Стамбул С) Бішкек7. Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан елдер саны. А) 25 В) 36 С) 388. Екінші дүниежүзілік соғыс қатысқан елдер саны ? А) 40 В) 53 С) 619. Екінші дүниежүзілік соғыс қай мемлекеттің жеңілуімен аяқталды: А) Италия В) Қытай С) Жапония10. Жапонияның 1932 жылы Қытайдың Солтүстік - Шығыс өлкесінде құрған қуыршақ мемлекеті: А) Маньчжоу – го В) Ирландия С)Швейцария
Жапония
Қытай.Монғолия.
Жоспар: 1. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Қытай .2. Шанхайда «30 мамыр оқиғасы» және революцияның басталуы .3. Қытайда Гоминьдан билігінің орнауы. Чан Кайши саясаты.4.1927-1937 жылдардағы азаматтық соғыс.5. 1937-1945 жылдардағы Қытай халықтарының Жапония басқыншылығына қарсы күресі.6. Монғолияның саяси экономикалық даму жолдары.7. 1924-1940 жылдардағы Монғол Халық Республикасы.
1917 жылы Қытай үкіметі Антанта блогының жағына шығып, Германияға қарсы соғыс жариялады. Соғыс жылдары Еуропа елдерінің Қытайға экономикалық ықпалының әлсіреуі Қытай кәсіпорындарының дамуына едәуір мүмкіндік туғызды. Париждегі бітім туралы конференцияда Қытайдың ұлттық мүддесі ескерілмеді. Германия иелігінде болған Қытайдың Шаньдун провенциясын Жапонияға беру жөніндегі империалистік державалардың әділетсіз шешімі жарияланды.
Осы әділетсіз шешім Қытайдағы 1919 жылдың “4 мамыр “ қозғалысына себеп болды. Қозғалыстың басында студент жастар тобы тұрды. Кейін оларды әлеуметтік топтар қолдады: жұмысшылар, қаладағы ұсақ және ұлттық буржуазия өкілдері –саудагерлер, қолөнершілер, қаланың кедей топтары. 1921 жылы сәуірде Кантонға жиылған парламент мүшелері Сунь Ятсенді Қытай Республикасының президенті деп жарияланды. Астана Кантон қаласы болып, осы қалада жаңа үкімет құрылды. Сунь Ятсен қайтыс болған соң Гоминьдан басшылығына келген ірі ұлттық буржуазияның өкілі генерал Чан Кайши билік басына келді. Бұл үкімет қанды террор жолына түсті. Нанкин Қытай Республикасының астанасы болып жарияланды.
Сунь Ятсен (1866-1925)Қытайдың көрнекті революциялықдемократы және мемлекет қайраткері. Ол Гуаньдун провинциясындашаруа отбасында дүниеге келген, 1892 жылы Гонконгтағы дәрігерлік институтты бітірген. 1894 жылы Сунь Ятсенніңбасшылығымен Гавай аралдарында Қытай эмигранттарының арасында “Қытайдыңқайта өрлеу қоғамы” деген атпен саяси ұйым құрып, маньчжур әулетіне қарсы көтерілісті даярлаумен айналысады.
Чан кайши (1887-1975)Қытайдың саяси қайраткері, генерал болған. Жас кезінде әскери білім алған. Жапонияның әскери учелищесінде оқып, жапон армиясында қызмет етті.Кейін Қытай еліне оралып, Синьхай революциясына қатысты. 1912 жылы Гоминьдан партиясын құруға ат салысты. Сунь Ятсенмен тығыз байланыста болып, оның саяси бағытын қолдады.
Синьхай революциясының әсерімен 1911 жылы желтоқсанда Урга қаласында революция ұйымдастырылып, қытайлықЦин әулетінің үстемдігі жойылып, тәуелсіз Монғол мемлекеті жарияланды. Көшпелі монғол шаруалары араттар деп аталды. 1924 жылы қараша айында конституция қабылданып, Монғолия Халық Республикасы жариланды. Осы жылы Урга қаласы Улан-Батор деп аталып,ел астанасы болды.
Қорытынды
Қытайда болған оқиғалар1921ж. Сунь Ятсен ел президенті болды.1919 ж. 4 мамыр қозғалысы. Чан Кайши бастаған Гоминьдан үкіметінің билікке келуі.1927-1937ж.ж. Азаматтық соғыс болды.
Монғолияда болған оқиғалар1918 жылы Монғолияға Қытай әскері енгізілді.1924 жылы Монғол Республикасы Жарияланды.1940 жылы жаңа Конституция Қабылданды. 1924 жылы Урга қаласы Улан Батор деп Аталып ел астанасына айналды.
Бекіту сұрақтары1) « 4 мамыр » қозғалысы қай жылы басталды ?2) 1919 жылдың 5 маусымын да қандай қалада антиимпериалистік ереуілге 70 жұмысшы қатысты ?3) Қай жылы Сунь Ятсен Қытай Республикасының президенті деп жарияланды ?4) Қай жылы Монғалия Халық Республикасы жарияланды ?5) Қай жылы монғол алфавиті орыс алфавитіне көшірілді