Т?рбие са?аты Т?уелсіз елімізді? н?рлы та?ы


Тәуелсіз еліміздің нұрлы таңы
Мақсаты: 1) еліміздің тарихы туралы түсінік беру, халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтап қарай жалғастыруға тәрбиелеу, еліміздің Тәуелсіздік тарихына шолу жасау;
2) оқушыларымызды ата-бабаларымыздың Тәуелсіздік жолындағы ерлігі үлгісінде халқына қызмет етуге тәрбиелеу:
3) ұлттық сана, ұлттық болмысымызды және ар-намыс, ұлттық рухтық қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілігі: рәміздің суреті, Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке суреті, қанатты сөздер, Тәуелсіздікке байланысты слайдтар, Қазақстан картасы.
Барысы:
(Сахна мерекелік кешке сай безендірілген, тақтада Астананың бейнесі бар слайд шығып тұрады. Сахнаға Түркештің күйі "Көңілашар" фонында жүргізушілер шығады)
1-жүргізуші: Армысыздар, ардақты ағайын!
2-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді халайық, бауырлар!
1-жүргізуші: Тыңда жолдас, тыңда далам, тыңда ел. сөйлеп тұрған күн шығыстан, жомарт өңір Қазақстан!
2-жүргізуші: Жасыл шүйгін, кең жайлау, асқар тау, кербез орман, ерке жел. жанға сая панамыз - Қазақстан көркем жер.
1-жүргізуші: Қазақстан салтанатты жарасқан! Бір отбосы, бір туысқан бір-біріне қарасқан!
2-жүргізуші: Қазақстан - бүгін міне, достықтың туын тіккен жер! Мәуелі бақтай жемісін шашты ұлыстар, бір кісідей маңдай терін төккен жер.
1-жүргізуші: Тарих еске алып отырғанды ұнатады. Ал біздің тарихымыз құдайға шүкір жетерлік. Тарихтың әлбетте қуанышпен еске алатын тұстары да, өкінішпен қарайтын кездері де болады.
2-жүргізуші: Маңызы зор біздің Тәуелсіздігіміздің тарих бетіне жазылғанына да біршама жылдар легі өтті.
1-жүргізуші: Ендеше мерекелеріңізбен құтты болсын! Біздің елдігіміздің белгісі әнұранымыз орындалсын.
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы.
Бақыт көрсін елімнің әр ұланы.
Енді ағайын, көгіңде қалықтасын
Қазағымның қастерлі әнұраны.
2-жүргізуші:
Бүгінгі күн қазақ халқы азат болды,
Орын алды тарихтың төрінен.
Бақыт тапты, шаттық көрді, қош айтысты
Сан ғасырлық шерімен.
1-жүргізуші: Бүгін міне, азаттықтың арайлы таңы шұғыла шашатын,
Ел мерейін асырды, егемен ел нұрландырды ғасырды.
Олай болса ғасырлар мен жылдарға кезек беріп сөйлетейік.
(оқушылар бастарына әр жылды жазып алып шығады)
1-оқушы: Қазақ халқының ХVІІІ ғасырдағы тарихы арпалысқа толы, жер бетінде бар болу, не жоқ болу деген жанкешті тынымсыз заманы еді.
2-оқушы: ХХ ғасырда ұлттың ұлт ретінде өзін тануы "Ұлттық болашағы не болады?"дегенге жауап іздеген ұлт зиялалары тарих сахнасына көтерілген.
3-оқушы: 1930-1933 жылдар - халқымыздың жартысынан көбін жалмаған ашаршылық жылдары.
4-оқушы: 1936-1938 жылдарда ұлт зиялыларына репрессия болды.
1-оқушы: 1941-1945 жылдар -ССРО-Германия соғысы.
2-оқушы: 1954-1956 жылдарда өзге ұлт өкілдері Қазақстанға көптеп бастады.
2-жүргізуші: Қазақстан - өзенім, көлім
Қазақстан - кең байтақ жерім.
Қазақстан - еңселі елім,
Қазақстан - Республикам менің.
1-жүргізуші: Ержүрек ел қайтпайтын от пен судан,
Еңбек етсе аққан тер бетін жуған.
Небір дана ақын мен батырларды
Халқы үшін қаҺарман қазақ туған.
"Қаражорға" биі биленеді.
2-жүргізуші: Тәуелсіздік - қазақ халқының сан ғасырлық арманы. біздің туысымыз - Тәуелсіздік, тілегіміз - бейбітшілік.
1-жүргізуші: Ендеше Тәуелсіздіктің тұлғыларымен таныс болайық. Ұлт зиялылыры - Мұстафа Шоқай және Әлихан Бөкейхан.
3-оқушы: (Мұстафа Шоқай кейпінде) Тәуелсіз Түркістанның рухымен жастар, сіздер осы қасиеттің қалай және қандай қиыншылықпен келгшенін бара-бара білетін боларсыңдар. Соны ешқашан ұмытпайық, балалар!
4-оқушы: (Әлихан Бөкейхан кейпінде) Бұл болып тұрған заман - алаштың азаматына зор жүрек. бізде бірлік болып, іс қыла білетін шебер табылса, алаштың басы бақыт жолына түсті. Кейінгі ұрпақ не алғыс, не қарғыс бере жүретін алдымызда зор шаралар бар. Осыны аңғар, жұртым қазақ!
2-жүргізуші: Орыны ағалардың бізбен толсын,
Сәбилер ағалардың жолын қусын.
Бір минут үнсіздікпен еске алайық,
Әруағы ағалардың ырза болсын.
(Бір минут үнсіздік)
1-жүргізуші: Солып үміт көңілдің асқар бағы,
Қазағымның мұң болып басты арманы
Тұрған шақта еліме ұран болды
Есенғали ағаның қасқалдағы.
2-жүргізуші: 1986 жылы Қазақтың рухын құрпақшы болды. 1986 жылы 16-желтоқсанда Алматыда қазақстан коммунистік партиясы Орталық комитетінің бар-жоғы 18минутқа созылған Пленумы болды. Пленумда Қазақстан басшысы Дінмұхамед Қонаевты орнынан алып, республикаға мүлде белгісіз біреуді (Г.Колбинді) отырғызды.
1-жүргізуші: Тұрсын биік өр басым,
Қазаққа бақыт орнасын.
Сексен алтыншы жылғыдай
Желтоқсан желі болмасын.
Көрініс: "Қайрат Рысқұлбековтың соңғы сөзі"
-Күнәдан таза басым бар,
21-де жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Алам десең алыңдар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
"Еркек тоқты - құрбандық"
Атам десең атыңдар.
Мен не етермін, не етермін,
Мен келмеске кетермін.
Көрмеген хош бол таңдарым,
Көре алмай мен өтермін.
Хош аман бол артымда
Ағайын-туған, азамат.
Артымда қалған ата-анам,
Ел-жұртым, саған аманат!
2-жүргізуші: Айналайын, айналайын жас өркені халқымның!
Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің,
Уақытыңныңғ әділетсіз соққысынан құладың.
Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
1-жүргізуші: 1986 жылғы 16 -желтоқсан Тәуелсіздік үшін арпалыстың соңғы нүктесі болды. Сахнаға Тәуелсіздіктің таңғажайып жақтары туралы сыр шерту үшін бақытты, шат-шадыман ұрпақтарын шақырамыз.
1-оқушы: 1991 жылдың 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін жариялады. Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізген аз ғана уақыт ішінде дамыған нарықтық экономикаға өтіп үлгерді, өзіндік даму жолын таңдап үлгерді. елдің әлеуметтік саяси-экономикалық дамудағы табыстары Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың есімімен байланысты. Елбасы ел басқаруда бірден-бір дұрыс стратегиялық бағытты таңдап ала білді.
2-оқушы: Бір-біріне қимайтын аласаны
Ынтымағы сан ұлттың жарасады.
Қоғамның тату бірлігінде
Қазақстан елімнің болашағы.
3-оқушы: Биіктей бер асқақтап, жомарт халқым,
Өркендей түс, аяқталды тозақты күн!
О, тәңірім бізді баққа жолықтыр!
Бүгін міне, Тәуелсіз, ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!
4-оқушы: Уа, дариға!
Еркіндік пен Егемен!
Қадіріңді түсінбеймін неге мен?!
Байтақ елдің ырысына айналып,
Бақыт нұры себелеп тұр төбеден.
1-оқушы: Жаңа ғана қазағымның таңы атты,
Алу мақсат Ел деп сауапты.
Әр отбасы, әр қазақ, әр адам
Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты!
2-жүргізуші: Отан! Отан - адамның туып өскен жері, туған-туысқандары мен жақын тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы. Адамның жақсы, бақытты өмір сүруі көп жағдайда Отан деген сүйішпеншілігіне байланысты. Әрбір адам Отанын сүйе білуге тиіс.
Ән: "Елім менің".
1-жүргізуші: Көк аспандай Туларың,
Елім деген ұлдардың,
Елжірейтін күні бұл,
Желбірейтін күні бұл.
2-жүргізуші: Алты алаштың баласы
Қауымдасқан күні -бұл.
Бір-бірімен жарасқан
Бауырласқан күні - бұл!
1-жүргізуші: Дүбірлетсін өңірді,
Дүбірлесін дүлдүлі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын бұл күні!
2-жүргізуші: Құрметті кешке жиналған көрермен қауым, сіздерге өмірлеріңіз ұзақ, деңдеріңіз сау, еліміз тыныш, жұртымыз аман, көңілдеріңіз көтеріңкі, шат-шадыман шаттыққа толсын деген игі тілектер жолдаймыз, біз өздеріңізбен қоштасамыз! Келесі кездескенше күн нұрлы болсын! Әрқашанда Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы болып, егемен елдің ұрпағының еңсесі биік, көкірегі ояу, керегесі кең, терезесі тең елде өмір сүрсін. Қазақстанға оңай келмеген Тәуелсіздікті қастерлей, қадірлей білейік, ағайын!