План-конспект по казахскому языку на тему “Негізгі ж?не туынды зат есім” (3 класс)
Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға негізгі және туынды зат есімді түсіндіру, алған білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы, ойындар арқылы логикалық ой-өрісін, тілін дамыту.
Тәрбиелілік: Сауатты, әдемі жазуға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, талдау-жинақтау, жеке және тақтамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: слайд арқылы суреттер, топтамалар, трек сызба.
Жаңа технология сатылай кешенді талдау технологиясының элементі.
Пәнаралық байланыс: музыка, дүниетану, өмірмен байланыстыру, математика.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық. Қазақ тілі 4 жол өлең.
-Қазақ тілі сабағына назар аударту.
-Бір-бірімізге көтеріңкі көңіл, сәттілік тілеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
-Екі оқушыға 17-жаттығуды оқыту.
ІІІ. Білімдерін тексеру.
-Қандай үлкен тарауды өтіп жатырмыз?
-Сөз таптары дегеніміз не?
-Жекеше зат есімдер.
22673649574971018402679340119380408305Көпше
Көпше
288756667837303675380353695Жекеше
Жекеше
226700516250501782335-441794Жалпы
есім
00Жалпы
есім
1590675511810Зат есім
Зат есім
18459451243827Жалқы есім
0Жалқы есім
«Кім көпшіл» ойыны.
Суреттегі заттардың атауына сәйкес көп заттың атауын атау.
Мал –малдар, балапан –балапандар, жеміс –жемістер т.б.ІҮ. Мақсат қою кезеңі.
-Жекеше зат есім дегеніміз не?
-Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Ү. Жаңа сабақ.
-Оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс.
19-жаттығу.
А) ауызша талдау;
Ә) жазу;
Б) Түбірмен және қосымшамен жұмыс жасау.
-Сөз құрамына талдау, түбірлеріне сұрақ қою. Зат есімдерге жалғанып тұрған жалғау ма, жұрнақ па? Туынды сөзге сұрақ қою.
Талдау, сұрақ-жауап әдісі:
-Зат есім қандай болып бөлінеді?(негізгі және туынды)
-Ереже шығарып айту.
20-жаттығу.
а) ауызша; ә) қандай маман иелері? б)дәптерлеріне орындау; в) талдау.
Сергіту сәті.
ҮІ. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.
21-жаттығу. Слайд тақтадан көрсету.
а) жаттау; ә) жатқа жазу; б) тексеру, талдау.
22-жаттығу. 2 бағанға жазу.
мүсін мүсінші
дойбы дойбышы
сауын сауыншы
егін егінші
мал малшы
би биші
жылқы жылқышы
күй күйші
сиқыр сиқыршы.
Бірінші бағандағы түбір сөздер қандай зат есім? (негізгі)
Екінші бағандағы туынды зат есімдер сұрақтар қою арқылы мағанасының өзгергеніне назар аудару.
Жылқы сөзін сатылай кешенді талдау технологиясы бойынша талдау.
Жылқы
ы-дыбысына фонетикалық талдау (мінездеме беру).
ҮІІ. Сабақты қорыту.
-Негізгі зат есім деген не? Зат есім қандай екі топқа бөлінеді?
«Бәйге» ойыны. Келген қонақтарға гүл сыйлау. Слайд тақтада гүлдер ұяшығына сұрақтар жасырылған. Гүлдің атауын тапқан оқушы ұяшықтағы сұраққа жауап беру мүмкіншілігіне ие болады. Егер дұрыс жауап берсе сол гүлді сабаққа қатысқан ұстаздар мен қонақтарға сыйлайды.
54 ұпай –Сөз таптарын ата.....
48 ұпай –Зат есім дегеніміз не?
100 ұпай –Зат есімнің сұрақтары.
90 ұпай –Жалқы зат есімді тап. Құс, өсімдік, дәрігер, Іле, балалар.
24 ұпай –Негізгі зат есімді айт. Бала, балапан, балапан, балақай, әнші.
70 ұпай –Туынды зат есімді айт. Кітап, сурет, әке, сатушы, жұмысшы.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 23-жаттығу.
Білімдерін бағалау.