Презентация Ата аналар жиналысы 3-сынып
Адами қарым-қатынас ізгіліктері Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен қарым – қатынасты жақсарту бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу. І. Кіріспе бөлім: - Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар!Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған ата-аналар жиналысының тақырыбы: «Адами қарым-қатынас ізгіліктері» деп аталады. Отбасы - өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын .... адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны.Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды. Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы саналады. Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты – қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. Бала – шағаның қамымен жүрген ата – ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады, қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің ұрыстар баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді, еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы , жақсы климаттың болуы. Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық. «Мен кіммін?» жаттығуы. Психологияда өз есімінің бас әрпінен басталатын сын есім қою арқылы танысу деген керемет әдіс бар. Ендеше осы әдіс арқылы танысайық . Адами қарым қатынас жасаудағы жақсы әдістердің бірі жағымды сөздер айту. Сондықтан бір-бірімізге жағымды сөздер айту арқылы көңілімізді көтеріп алайық. Топтастыру Топтық жұмыс. Постер қорғау Бала-ата-ананың үміті, өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге, менің маңдайыма кірсін» деп перзентін әлпештеп өсірген ата-ананың жатса-тұрса тілейтіні баласының алдыңғы қатарлы азамат болып өскені. Балаға дұрыс тәрбие беруде оны танып-білу, жан дүниесін ұғу маңызды. Топтарға 1-тапсырма: «Ана»: «Тәрбиелі баланың» сипатын,«Бала»: «Тәртіпсіз баланың» сипатын,«Әке»: «Баланың бақыты үшін не істей алатынын» постерге түсіріп, ортада қорғайды.(Ойласуға 6 минут, қорғауға 1,5 минут). «Жұдырық» жаттығуы.Мақсаты: Өзін-өзі тану қабілетін, қарым-қатынасты дамыту. Нұсқау: Қазір барлығымыз бір тапсырманы орындайық. Көршілер бір-бірімізге қарама-қарсы отырып, біреуіміз жұдырық түйіп, екіншіміз жұмылған жұдырықты ашуымыз керек. Жұдырық түйген кісі аштырмау керек. Ал екінші кісі ашуға тырысыңыз. Енді осыны қарама-қарсы қайталау керек.Талдау: Қандай сезімде, қандай күйде болдыңыз? Қорытынды: Біз әбден күш көрсеткенге, адам жанын қинауға құмармыз. Жай сөйлесек, «жылы-жылы сөйлесе жылан інінен шығады», біз күштемей-ақ қолыңызды аша салыңызшы деп айтуымызға да болар еді. Жағдаяттар. Сахналау. «Баланың ісі шала», «Балаң нашар болса, түйенің үстінен ит қабады» демекші, кейде балаға ұрсуға тура келеді. Сіз балаңызға не деп ұрсасыз? «Бала» тобы: «Балаңыз мектептен ашуланып келді. Мұғалімнің ұрысқанын, енді сабаққа барғысы келмейтінін айтты. Сіз қалай әрекет етер едіңіз? Рөлде: ата-ана, бала, мұғалім. «Ана» тобы: «Дидар сабаққа дайындықсыз келді. Мұғалім сабақ түсіндіріп жатты. Дидар сабақты тыңдамады. Онымен қоса жанындағы оқушыларға да тыныштық бермеді. Мұғалім Дидарға ескерту жасады. Дидар үйіне барып ата-анасына шағым жасады. Ата-анасы директорға кіріп, айқай шығарды.Сіз не істер едіңіз? Рөлде: ата-ана, бала, директор, мұғалім. «Әке» тобы: «Балаңыз күнде сабаққа кешігеді.Оны бақылап жүрген директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары сізді мектепке шақыртты. Сіздің әрекетіңіз? Рөлде: ата-ана, бала, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар. (Ойлануға 5 минут, сахналауға 2 минут) Бала – ата – ананың үміті, өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» -деп перзентін әлпештеп өсірген ата – ананың жатса – тұрса тілейтіні -баласының алдыңғы қатарлы азамат болып өскені. Ендеше сіз балаңыздың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді? Жақсы қасиеттер Тәртіптілік Мәдениеттілік Инабаттылық Адамгершілігі мол Еңбекқорлық Тіл алғыш Сыпайылық Жағымсыз қылықтар Сараңдық Ызақорлық Еріншектік Тәкәппарлық Мақтаншақтық Дөрекілік Жалқаулық Бала Үмітіміз Өмірімніңжалғасы Болашағымыз Бауыр етіміз Асыраушым Көмекшім Ақылшым Ананың махаббаты Жан жылуы Мейірімді көздері күлкісі мейірімі Ыстық жүрегі Аялы алақаны «Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіз ата – аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз.Сіздің отбасыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер, болашақ күрескер өсіп келеді» А.С.Макаренко «Мейірімділік шуағы» Ғалымдардың айтуынша, баланың таңертеңгі ұйқыдан қандай көңіл – күймен тұруы – бүкіл бір күндік көңіл – күйіне әсер етеді екен. “Тілек шырағданы” Отбасы,ұшқан жанұя-жылылықтың,жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Ал әкенің мейірімі оттан да ыстық. Сондықтан оттың басы,ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. 2-3-ші тоқсанның жетістіктері “Инфоурок” зияткерлік қашықтық ойынынан жеткен жетістіктеріміз.«Пони» халықаралық деңгейдегі ойынға 1-тур-16 оқушы, 2-турға 10-оқушы ,3-турға-10, 4-турға -16 оқушы қатыстық..Математикадан-10 оқушы- 2-орынДүниетану-7 оқушы 2-орынМатематикадан-26-оқушымыз Алтын сертификатРеспубликалық ғылыми жоба -1 оқушы 1-ші орынРеспубликалық ғылыми жобаға 2-оқушы қатысудаМектепішілік ғылыми жоба-1-оқушы 1-ші орын Аудандық ғылыми жоба -1-оқушы 1-ші орын Ата-ананың жеке басының әсері балаға күн сәулесімен бірдей,мұны басқа ешбір нәрсемен ауыстыру мүмкін емес .Құрметті ата-аналар, сіздерден баладан жүрек жылуын аямай балаға бір сәт болса да, бала көзімен қараңыз дей отырып бүгінгі тренингке қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамыз! Ой-толғаныс