Тақырыбы: Суретші Әбілхан Қастеев.
Мақсаты : Оқушыларға қазақ халқының суретшісі Ә.Қастеев туралы мағлумат беру; «Сурет сабағы», «Суретші ата Қастеев» атты өлеңдерімен таныстыру; сөйлем туралы білімдерін толықтыру, бекіту; Тіл байлығын молайту; мәнерлеп, түсініп оқуға дағдыландыру; сөйлем құрастыруға, талдауға, тыныс белгілерін дұрыс коюға, сауатты жазуға дағдыландыру; ой-өрісін, есте сақтау қабылетін, сурет салу өнерін дамыту;
Сурет салу өнеріне қызығушылығын арттыру, эстетикалық тәрбие беру,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі : араласСабақтың түрі : аралас. Жаңа тақырыппен танысу
Әдіс-тәсілдері : түсіндіру, сұрақ-жауап, қөрнекілік, сыни тұрғыдан ойлау
Оқыту формасы: жеке, жалпыПән аралық байланыс бейнелеу өнері, музыка
Қөрнекілік: сөздің, сөйлемнің сызбасы, Ә.Қастеевтің портреті, салған суреттері, слайдтар, бояу, қылқалам, сурет дәптер, оқулық, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
Үйымдастыру кезеңі:
А) Оқушыларды түгендеу Б) Құрал-саймандарын тексеру
В) Өткен сабақты қайталау Г) Үй тапсырмасын тексеру.
4.- Жаңа сабақ
а) — Әнгімелесу Балалар сендердің сурет салғанды ұнатасындарма? Суретті немен салуға болады? Суретші болғыларын келеме? Суретші дегеңіміз -біздің өмірімізге сұлулық сыйлайтын адам.
-Ендеше сендердің алдарында сурет салуға арналған құралдарды пайдалана отырып бәріміз суретші болуды армандап көрейік. Ол үшін құралдарды алдарына алып бояумен көктемнің мамыр айында гүлдейтін қызғалдақ гүлін саламыз.( оқушылар өзбетінше қызғалдақ гүлін салады, сурет салу барысында музыка ойнап тұрады).
-Оқушылардың жұмысына қорытынды жасап, суретші Ә. Қастеевтің суреттерін қөрсетіп, Ә.Қастеев туралы қысқаша мағлумат берімін, слайдтар бойынша.Әбілхан Қастеев –қазақтың әйгілі суретшісі. Ол кішкентай кезінен қол өнерді, сурет салуды үнатқан. Ұлы Абай атамыз Ә.Қастеевтің ұстазы, әрі сүйікті кейіпкері болған. Суретшінің «Жас Абай», «Көктем», «Менің Отаным» т.б. көптеген суреттері бар.(суреттерін көрсету).
б) -«Сурет сабағы», «Суретші ата Қастеев» атты өлеңдерімен таныстыру, оқып беру, оқулықтағы сурет бойынша әнгімелесу.
5. Бекіту- Оқулықпен жұмыс 168-170 бет.
- Өлеңдерді оқушыларға кезекпен оқыту, мазмұны бойынша әнгімелесу.
-157 жаттығуды дәптерге орындау,сөйлемнің түрлерің еске салу( сұраулы, лепті)
6. Қорыту:
-Сөйлем неден тұрады?, соңыңда не қойылады?, сөздер қалай жазылады? Суретші деген кім? Қазақ халқының атақты суретшісі кім?