Сыныптан тыс ж?мыс Сынып аруы-2016


Сайыстың тақырыбы: Сынып аруы-2016
Сабатың мақсаты:Оқушының бойындағы өнері мен
дарындылығын дамыту қыз баланың жан дүниесіндегі
көркемдік талғамын қалыптастыру. Қазақ халқының қыз
тәрбиелеу салт дәстүрге байланысты
әдептілікке,инабаттылыққа,ізеттілікке
тәрбиелеу.
Сайыстың көрнекілігі:слайд,мерекелік шарлар.
Сайыстың барысы:І.Ұйымдастыру.
1-жүргізуші.
Армысыздар,абзал аналар,ақ жаулықты әжелер,көктем гүліндей жайнаған қыздар,аяулы аналар!
2-жүргізуші.
Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін 8-наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
1-жүргізуші.
Бүгінгі күн сіздерге сіздерге мерекелік көғңл-күй тілей отырып, «Сынып аруы-2016» байқауын тамашалауға шақырамыз.
2-жүргізуші.
Арулар-аяулылар,ардақтылар
Өмірге жылу болып қалмақ болар
Арулар тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір-біріне жалғап тұрар.
1-жүргізуші.
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе,елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
2-жүргізуші.
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып басып
Аруларын сыйлаған халқым менің
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
(Аруларды сахна төріне қарсы алайық)
1.Нұргелдіқызы Асылмерй
2.Нұрсейітқызы Жания
3.Құрманәлі Наргиза
4.
1-жүргізуші.
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық
Әділдік пен шындықты арқа тұтып
Әділқазы алқасымен танысайық
1.
2.
3.
2-жүргізуші
Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.
1.Өзін-өзі таныстырады.
2.Сұрақ-жауап.Бәрін білгім келеді
3.Өнер. Мен өнерлі баламын
4.Ас мәзірін даярлау. Анамның қолғанатымын.
5.Қолөнер сайысы. Шебердің өолы ортақ.
6.Сән үлгісі.Дизайнер болу арманым.
1.Көп сөйлем жөн-жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да қашпайық біз.
Ал енді,халқым рұқсат етіңіздер
«Сынып аруы» сайысын бастайық біз!
2-жүргізуші.
Өнер қуып арулар өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түскен төрт ару кезектесіп,
Таныстырып өздерін берер деймін.
(Өзін-өзі таныстыру)
1-жүргізуші.
Өнері өрге жүзер талаптының
Таланты талмай ұшар қанатының
Әлди әуен әлемі өнер аты
Шарпып өтсін лебімен қанатының –деп қыздардың өнерін тамашалауға шақырамыз.
1.
2.
3.
4.
2-жүргізуші.
Қазылар алқасы 1-2 кезеңнің бағасын шығарғанша әсем ән тыңдаңыздар.
Аслан «Жаяу» әні
1-жүргізуші.
Білім құйған бойына
Қанық өмір жайына
Салт-дәстүрдің әр сөзін
Сақтап жүрген ойына-деп сұрақ-жауап сайысын бастаймыз.
1)Қазақтың музыкалық аспаптарын ата.
2)Қазақтың ет тағамдарын ата.
3)Наурыз көжеге қандай дақылдар қосылады?
4)Наурыз мерекесі қалай тойланады?
2-жүргізуші.
Ата-бабаларымыздан келе жатқан салт-дәстүрлердің бірі-қонақжайлылық.Үйге келген қонаққа шамасы келгенше сый-құрмет көрсету әркімнің парызы.Сайыстың 4-ші кезеңі –ас мәзірі.Әр ару өзінің жасаған асын көрсетіп таныстырады.
1-жүргізуші.
Қазылар алқасы 3-4 бөлімнің бағасын анықтағанша кезекті әнге береміз.
Ән:
2-жүргізуші.
Өнерсізден қашып жүр,
Өнермен үлгі шашып жүр.
Қолөнерді білетіндер дана болар
Білмегеннің ісі шала болар-деп қыздардың жасаған қолөнерін тамашалайық.
1-жүргізуші.
Ең соңғы сайысымыз да тақап қалды.
Сымбатына сай киім жарасатын
Аспандағы айменен таласатын
Өнеріне сәні сай келіп тұрған
Аруларға қызығып қарасын- деп сән үлгісін көрсетуге аруларымызды ортаға шақырамыз.
Ән: «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды»
2-жүргізуші;
Халқымыздың ежелгі үрдісі бар
Адастырмас оң жолдан үлгісі бар
Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрін
Зерделі ой,зейінді келіп сынар-деп қорытындыны тыңдайық.
1-жүргізуші:
Бала қырдың құлпырған қызғалдағы
Ержігіттің бірінші ізгі арманы
Тіршіліктің жылуы,сұлулығы
Мына жалған өмірдің гүлзар мәні
2-жүргізуші:
Сұлулықтың дүниеде барын қарап,
Аққайың да ұрлана таңырқамақ
Пай-пай шіркін!Қыздардың құдіреті-ай
Ес-еркіңді әкеткен барымталап.
1-жүргізуші.
Құрметті көрермендер! Сынып аруы-2016 өз мәресіне жетті.Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге,көңілдеріңіз шаттықа толы болсын!
Хош-сау болыңыздар!