Some methods of dialogic teaching for critical thinking.


Диалогтік оқытудың әдістерін сабақта қолдану.
Педагогика жолында 7 жыл қадам басқан мен үшін теориялық білімімді тәжірибеде іске асыруға үйрететін бір кең қақпа ашылғандай боп көрінді. Тек қана жас маман емес, аға буын ұстаздар да оқушының ойлау қабілетін дамыта түсетін бұл бағдарламаға оң көзқарастарын танытты. Бұрыннан элементтерін қолданып жүрген әдіс – тәсілдерді жинақтап, жүйелеп, 7 модуль аясына сыйдырып берген керемет бағдарлама деп жоғары бағаларын беріп жатты.
Сабақтарымда тақырыпқа шығуда әр түрлі әдістерді қолдандым: "Құпия зат", суреттерді топтастыру, видео және кластер. Тақырыпқа шығуда оқушылар ең алдымен топта не жұпта ақылдасып, бір шешімге келгеннен кейін сыныптың алдында өз ойларын айтты. Үш топтан А деңгейдегі оқушы сөйледі, кейін тағы басқа оқушылар алдыңғы айтып кеткен оқушылардың ойларын біріктіріп, қорытындылап бір қорытынды жасады. Оқушылар пікірлерімен бөлісті, бір-бірлерінің ойларын тыңдап, жауаптарын толықтырды да, соңында өздері ереже шығарды. "Құпия зат" әдісі арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға болады және балалар өздері сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын түсіндіруде есте сақтау қабілеттері дамиды, өздерінің құрдастарының айтқанын тез қабылдайды. Тақырыпқа шығу әдістері оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болды, тақырыпты тез тапты. Себебі топта оны талқылады, ал кейін сыныппен пікір алмасып, тақырып пен мақсаттарды айқындады.

Сурет 1 "Құпия зат" әдісі Сурет 2 «Суреттерді топтастыру»
Оқушылар сыни тұрғыдан ойлауын жаңа тақырыпты түсіндіргенде де көрсете білді. Жаңа ақпаратты оқушыларға барлығын өзім түсіндірмедім, оқушылар өздері берілген мысладарға не суреттерге қарап ереже шығарып, түсіндірді. Мысалы, "Менің үйім, менің пәтерім" тақырыбындағы сабақта "There is/are" құрылымын түсіндіргенде интербелсенді тақтада мысалдар мен сурет көрсеттім. Оқушылар сурет пен мысалдарға қарап, айырмашылықтарын, қандай өзгеріс болғанын, неге болғанын айтып, өздері жаңа ақпаратты қабылдап алды.

Сурет 3 "Тірек суреттер"
Осыған дейін диалогтік әдіс 2,3 адамның арасындағы сұхбат әңгіме деп ойлап келдім. Ағылшын тілі пәні оқулығында ондай сұхбат әңгімелер көп кездеседі. Бұрынғы сабақтарымда сондай диалогтарды рөлге бөліп оқытып жүрдім. Менің түсінігімде диалогтік әдісі осылай қолданылады деп ойлап жүрдім. Менің ойым қате екенін курстан кейін білдім.
"Бұл не?" тақырыбындағы сабақта оқушылардың сөйлеу қабілеттерін дамыту, топ алдында сөйлеуден қорықпауға және өзіне сенімді болу үшін "10 сұрақ" әдісін қолдандым. Берілген тапсырма оқушыларға ұнады, сұрақ құрастыра алатынына көздері жетті. А, В және С деңгейдегі оқушылар белсене қатысыты.

Сурет 4. "10 сұрақ"
"Сен гитарада ойнай аласың ба?" деп аталатын сабақта диалогтік оқытуды қолданғанда мен "Екі шеңбер" әдісін қолдандым. Оқушылар екі шеңберге тұрып, жұптармен ауысып, бір-бірінен не істей алатынын немесе істей алмайтыны туралы сұрады. А және В деңгейдегі оқушылар белсенділік танытты. С деңгейдегі оқушы сұрақтарды біреудің көмегімен және қателіктермен жасады. Оқушылар өздігінен ешқайда қарамай сұрақ құрастыра алатынын көрсетті.

Сурет 5. "Екі шеңбер"
"Менің үйім, менің пәтерім" тақырыбындағы сабақта "Серпілген сауал" әдісінде оқушылар бір-бірлеріне берілген сурет бойынша сұрақ қойды да допты лақтырды. Допты ұстаған оқушы сұраққа жауап қайтарды. А деңгейдегі оқушы белсенділік танытты, оқушылардың көбі допты А деңгейдегі оқушыға лақтырды. Берілген тапсырма арқылы оқушылар ауызша сұрақ қою мен оған тез арада жауап қайтаруды, мұқият болуды, бірін-бірі тыңдауды үйренді.

Сурет 6. "Серпілген сауал"
"Кэролдың ас үйі" тақырыбын түсіндіргеннен кейін, оқушылар мәтінмен жұмыс істеді. Мәтінге байланысты жұпта сұрақ-жауап құрастырды. А деңгейдегі оқушының жұбы жақсы дайындалды. В деңгейдегі оқушының жұбы жаңа сөздері жазылған карточканы пайдаланып, диалог құрастырды. С деңгейдегі оқушы кітапқа қарай берді, бірақ алдыңғы сабақтарға қарағанда өздігінен сұрақ құрастыруға ұмтылды.
Оқушыларды сөйлеуге үйрету кезінде кездескен кедергілер:
Оқушылардың сөздік қорлары аз;
Өз ойларын толық жеткізе алмауы.
Шешу жолдары:
Берілетін тапсырманың алдында, сөздерді қайталау;
Төмен дәрежелі сұрақтарды қойып, сөйлеуге үйрету.
Не сәтті болды:
Оқушыларға сөйлеуді дамытуға арналған әдістерді түрлендірілуі. Мысалы: бірінші сабақта тыңдалған өлең үлгісінде жұпта диалог құрастыру, екінші сабақта "Екі шеңбер әдісі", үшінші сабақта сурет бойынша "Серпілген сауал" әдісін қолданып сұрақ-жауап құрастыру, төртінші сабақта мәтін бойынша диалог құрастыру;
"Шын ба әлде жалған ба" әдісі кезінде, оқушылардың өз ойларын дәлелдеуі;
Постер жасағанда оқушылардың топта жұмыс істеп, бір-бірімен ақылдасуы, қорғау кезінде сынып алдында сөйлеуде өз-өзіне сенімділіктің артуы.
Қазіргі кезде оқушылардың өздігінен тақырыпты меңгере алатынына көзім жетті. Енді мен сабақтарымда оқушыларға тек бағыт бағдар беретін болдым. Сабақта жұптық әңгіменің маңыздылығын түсіндім. Оқушылардың тіл байлығын дамыту үшін диалогтік оқытудың әрбір түрін қолдана отырамын.
Сабақтар барысында тұйық оқушыларым сабаққа араласып, белсенділік танытты. Оны мен диалогтық оқытудың маңызы деп қорыттым. Сабақтар топтық формада өтті, оқушылар білімді менің бағыт беруіммен өздіктерінен меңгерді. Оқытудың сапасын, тиімділігін арттыру тақырып пен жағдаяттарға сәйкес әртүрлі әдістердің қолданылуына, барлық оқыту үрдісіне қатысушылардың белсенділігіне байланысты. Бұндай жаңа әдістерді пайдаланудың маңызы неде? Біріншіден, қазіргі уақыт – жаңалық пен инновация уақыты. Күнделікті өмірде жаңа білім мен жаңалықтармен кездесеміз. Бұған оқыту үрдісі де сай болу керек. Екіншіден, жаңалықты пайдалану оқушының ойлау қабілетін жаңалыққа икемдеп, алдын – ала болжам жасауға үйретеді. Үшіншіден, инновациялық әдістер – бұл белсенді оқыту әдістері. Ақпаратты белсенді түрде сіңіргенде оқушы жадында өздері айтқаның 80 пайызын сақтаса, өздері істегенің 90 пайызын есте сақтайды. Белсенді әдістер шығармашылық тәжірибе мен жаңа әрекет қалыптастыруға мүмкіндік беріп, нәтижесінде құзырлылыққа әсер етеді. Белсенді оқытудың негізгі ерекшелігінің бірі үйренушілердің бір – бірімен және мұғаліммен тура және кері байланыс арқылы үнемі қарым – қатынаста болу. Сыныптағы оқыту формасын өзгертіп, топтық, жұптық, ұжымдық формада өткізе бастадық. Сабақ формасының өзгеруі  оқушыларымның менің сабағыма деген көзқарасын өзгертіп, қызығушылығын арттырды. Сабақ барысында диалог молынан көрініс тауып, оқушыларымның өзіндік ой – пікірлерін естіп, таң қалған да сәттерім болды. Мен бұрын оқытқан, менің тарапымнан болған сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беретін оқушыларымның көзқарастары әлдеқайда терең жатқанын байқадым. Яғни сыныптағы диалогтың маңыздылығын мен курс барысында терең ұғындым. Оқушыларым менің сабағымда өздерінің пікірлерін білдіріп, ортаға салуға дағдыланды.       Коммуникативтік құзыреттілікті дамытуда диалогтік тіл- оқу үрдісіндегі қарым-қатынаста алдыңғы орын алады: ол оқытудың негізгі мақсаттарының бірі және оның маңызды құралы деп санаймын.