Информатика сыныптан тыс ж?мыс ?ажайып жетілік 6-9 сыныптар


Күні: 24.02.2017 пәні: информатика сыныбы: 6-9 сыныптар
Сабақтың тақырыбы: «Ғажайып жетілік» сайысы
Сабақтың мақсаты: Пәнге деген оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру, шығармашылық мүмкіндіктерін байқау.
Сабақтың түрі: сыныптан тыс
«Ғажайып жетілік» білімділік сайысы мына бөлімдерден тұрады:
1-кезең: Таныстыру.
2-кезең: Жұмбақтар шешу
3-кезең: Көкпар
4-кезең: Мақал-сөз мәйегі
5-кезең: Ойлан тап
6-кезең: Бәрін білгім келеді
7-кезең: Қорытынды
1-кезең Таныстыру (Әр топ басшысы өз тобын таныстырады.)

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер, – дей отырып, ойынымыздың «Жұмбақтар шешу» деп аталатын бөлімін бастаймыз. 10 ұпайдан есептеледі.
2-кезең «Жұмбақтар шешу»
ЖҰМБАҚТАР
Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі
Бір күн бар да, бір күн жоқ
Соны есепке алсақ,
Ұзын саны жүз екі (пернетақта)
Экранның бетінде тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады (меңзер)
Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек (монитор)
Кемірушіге ұқсайды бейнесі,
Түсі оның сұр, құйрығы ұзын.
Ойланып. Білгіш болсаң жауап берші,
Қалай деп аталады аты оның? (тышқан)
Ұзынтұра жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды (бос орын)
Биологияда бұл паразит,
Көзге зорға көрінер
Информатикада өлшем бірлік
Ақпаратты өлшер (бит)

3-кезең Көкпар сайысы
(Ұяшық таңдау арқылы сұраққа жауап беру)
5 10 15
15 5 10
10 15 5
1-5. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс ортасы не деп аталады? (интернет)
2-5. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрылғы (компьютер)
3-5. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын ғылым (информатика)
1-10. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиыны (файл)
2-10. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы (модем)
3-10. Беттерді нөмерлеу үшін қандай әрекет жасаймыз? (Вставка/Номера страниц)
1-15. Паскаль тілінде шығару операторы қалай жазылады? (Writeln)
2-15. Паскаль бағдарламасында циклдің қанша түрі бар? (3)
3-15. Паскальда программа қандай қызметші сөзбен басталады? (Program)
Ойын толқын жатқанда асып -тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, – дей отырып, ойынымыздың «Мақал – сөз мәйегі» бөлімін бастаймыз.
4-кезең «Мақал – сөз мәйегі»
Топ мүшелеріне компьютерге қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер беріледі, осы мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет. 10 ұпайдан есептеледі.
Жігітті компьютеріне қарап, бағала.
(Жігітті досына қарап, бағала)
Байт биттен құралады.
(Теңге тиыннан құралады)
Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас.
(Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім.
(Аттың сыры, иесіне мәлім)
Антивирусы күштіні-вирус ала алмайды .
(Досы күштіні – жау алмайды.)
Компьютер жаны процессорда
(Балық жаны суда.)
Білмесең, «анықтама»-дан сұра.
(Білмесең білгеннен сұра)
Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы.
(Бір ақылдан, екі ақыл артық)
Күлсең ескірген компьютерлерге күл.
(Күлсең кәріге күл)
Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады.
(Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)

5-кезең «Ойлан тап!»
(Әріптердің орнын ауыстырып, информатикаға байланысты сөз табу керек.)
1. Ссорпроце- процессор
2. Реверс- сервер
3. Свитерчен- винчестер
4. Лайф- файл
5. Граммпора- программа
6. Нимотор- монитор
7. Торфма- формат
8. Капап- папка
9. Даманко- команда
10. Каройнаст- настройка

6-кезең «Бәрін білгім келеді»
«Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты солЕңбектену жалықпау»- дей отырып, ойынымыздың Бәрін білгім келеді бөлімін-де әрбір әрбір топ монитордағы ұяшықтарды таңдап, жауап беруі қажет. Жауап дұрыс болса, сол ұпай топ есебіне жазылады, ал қате болса шегеріледі.
ҒАЛЫМДАР
10. Компьютердің атасы (Чарльз Бэббидж)
20. 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым (Блез Паскаль)
30. XVII ғасырдың басында логарифм түсінігін енгізген шотландиялық математик (Джон Непер)
ТАРИХ
10. Бұл санау құрылғыларын гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан», деп атаған, ал, жапондықтар не деп атаған? (серобян)
20. Есептеуіш техникаларының қарқынды дамуы қай ғасырдан басталды? (ХХ ғ. І-жартысы)
30. Ада Лавлейс Бэббидж машинасына бағдарламасын қай жылы жазды? (1846 ж.)
АҚПАРАТ
10. Адам ақпаратпен не істейді? (ақпаратты сақтайды, таратады, өңдейді)
20. Ақпараттық процестерді ата (ақпаратты алу, беру, сақтау және өңдеу)
30. Ақпарат қалай бағаланады? (түсінікті, дәл, толық, жаңа, пайдалы болуы керек)
ӘР ТҮРЛІ
10. 10 ұпай
20. Компьютердің негізгі құрылғылары (пернетақта, монитор, жүйелік блок)
30. Ақпараттың өлшем бірліктері. (бит, байт)
Жетпесіңе жеткізген,
Қызықты уақыт өткізген
Бар ғылымды сыйдырыпБілетіні көп бізденЖаңалықтың жаршысыЖұртты елең еткізгенИнформатикаға мың алғыс! – деп, әділқазы алқасына сөз береміз.

7-кезең. Қорытынды
Жарыс соңында әділқазылар алқасы әр топтың ұпай сандарын есептеп қорытындылайды.
Жарысқа қатысушыларды марапаттау.
Жүрекке адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты ұстаздарға шын көңілден
Жолдаймыз біз алғыс бүгін.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Қош, сау болыңыздар!