Балалар?а эстетикалы? т?рбие беру баяндама
Балаларға эстетикалық тәрбие беру
Ахмет Ардагул. Қарағанды облысы,Ақтоғай ауданы «Гүлдер» шағын орталық тәрбиешісі,педагог-психолог Ә.Ермеков атындағы ЖОББ мектеп
Алғашқы балалық кезден бастап әдемілікті сезіне,түсіне және бағалай білу дамиды. Әдемілікті сезіну және жасай білу-адам өмірін маңызды бай және жарқын етеді. Баланың алғашқы кездестіретін бірінші адамы-оның анасы.Оның мейірімділігі мен жылы шырайлылығы,аналық нәзік сезімі,сыртқы ұқыптылығы мен жинақтылығы,әдемілігі,оның бесік жыры адам сұлулығының ұмытылмайтын әсерін қалдырады. Баланың алғашқы кездесетін нәрсесі-ойыншықтар.Бұл оны сан алуан түстермен (бояулармен) және дыбыстар дүниесімен таныстырады,сонымен қатар заттардың әдемілігі жөніндегі алғашқы әсерлерді тудырады.Қоршаған дүние кішкентай баланың көз алдына бір қырымен ,жанұя тұрмыс ретінде көрінеді. Оның көзін мұнтаздай тазалық,келіскен тәртіптілік нұрландырып отырғаны дұрыс.Сонымен бірге бөлменің жиналуы,тұрмыс жабдықтары баланың көз алдында мағына мәнге ие болып,оның талғамының жақсы болуына,әдемілікті сезінуге тәрбиелеуде зор ықпал етеді.Бұл үшін де. жанұядағы ата-ананың қарым-қатынасының үлкен тәрбиелік мәні бар.Баланың алатын әсерлері шапшаң зор көлеммен қарыштап өседі,табиғат оған үн қосып,өзінің әсемділігімен нұрландырады. Тәрбиеші және ата-ана балаларды нәрселердің түрлерін,гүлдерді,жапырақтарды,шөптерді көре білуге,құстар тілінің дыбысын,жыл мезгілдерінің түрлерін айыра білуге үйретеді. Орманға ашық далаға серуенге шығу,саяхат жасау-балаларды қуанышқа бөлейді.Бұл қарапайым жасыл бәйшешектерге,саңырауқұлақтар мен бүлдіргеннің иісі аңқыған күздік орманға,жапырақтарында шық тамшылары жылтыраған шырмауық кестелерінің елестеуіне және жан –жануарларға,құстарға деген қызығушылықты арттырып,табиғаттың ерекше әдемілігін сезінуге ерекше ықпалын тигізеді. Табиғат-эстетикалық тәрбиенің тамаша сарқылмайтын қайнар көзі. Балалар балабақшада немесе шағын орталықта өтетін тәрбиелік шаралардан әртүрлі тақырыптағы мерекелік ертеңгіліктерден ерекше әсер алады. Ондағы әртүрлі әсем безендірулер, көркемдік ерекшеліктер, балалардың киген киімдері,талғамға сай әсемдікті,әдемілікті сезінуге зор ықпалын тигізіп,эстетикалық тәрбиенің дамуын қалыптастырады.Балалар өмірінде ертегінің өте ерте орын алатынын көреміз.Ол-өз кейіпкерлерінің әдемі қылықтарымен алты қырдың ар жағындағы керемет елдердің тамашалығы тіл шеберлігі мен әсем бейнелілігі арқылы қызықтырады.Балалар ертегілердегі кейіпкерлердің шеберлігіне қызығып,оларға еліктеп,ролге бөліп ойнап,дауыстарын,іс-қимылдарын келтіріп,ондағы әдемілікті түсіне біледі.
Тәрбиелік шаралардағы, мерекелік ертеңгіліктердегі сахналық қойылымдар,ертегілерден үзінділер,тақпақтар,өлеңдер,әртүрлі билер,әсем безендірулер,ойын түрлері және алғашқы кітаптар бала өмірінен ерекше орын алады. Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу іс-әрекеті эстетикалық тәрбиенің құралы болып саналады.Бала көру,сезіну арқылы көптеген суреттермен өте ерте кезден бастап достаса алады.Өз беттерімен сурет арқылы әңгіме құрап, ермексаздан түрлі заттар жасап,жабыстырып,өздігінен сурет сала алады. Баланың суретінен оның қиялы көрініп,өмір жөніндегі түсінігі шыңдала түседі. Кішкентайлардың музыкаға құмарлығы 1,5-2 жастың өзінде сезіле бастайды.Олардың ырғағы қызықты музыканы ери тыңдайды,қолдарын шапалақтайды,билей бастайды.4-5 жастағы балардың өздерінің сүйіп айтатын өлеңдері мен сүйіп билейтін билері болады. Осы арқылы оларды биге,өлеңге,музыкаға,қызығушылықпен сүйіспеншілікке тәрбиелеуде музыкалық техникалық құралдарды қолданудың,ойнатудың көп көмегі тиеді.Жақсы кітап-тарды,музыканы,сурет,көркемөнер шығармаларын оқып шығуға,есітуге,көруге қол жетті, олай болса бұл адамды апталар айлар,жылдар бойы өмірдің қуаныштарына бөлейд.табиғаттың тамашаларына,тұрмыста адамдар арасындағы қарым-қатынасқа тырысу-зор пейілді,жақсы талғамды адамға тән шығармашылық еңбектің әдемілігін түсіну болып табылады.Асқан сұлулық тек қана ләззаттандырып,қуантып,әбден шаттандырып қоймайды,ол адамның адамгершілік қасиетін арттырады және адамды көтереді,оны жоғарғы сезім мен ойларға және зор іске,батылдыққа шабыттандырады.