Коучинг та?ырыбы: О?ыту ж?не о?уда?ы жа?а т?сілдер: Диалогтік о?ыту
Бекітемін:
Оқу жөніндегі орынбасары:
_______________________
П.М.Абдибаева
Коучинг жоспары
Күні: 23.10.15 Сағат: 10.00
Сабақ тақырыбы: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: Диалогтік оқыту
Жалпы мақсат: Әңгіме түрлерімен және сұрақ түрлерімен таныстыру, өз тәжірибелеріне енгізу.
Күтілетін нәтиже: Әңгіме түрлерімен және сұрақ түрлерімен танысады, сабақта қолдануды үйренеді.
Түйінді идеялар: Бастапқыда қоятын сұрақтар ғана емес, жауабымен мұқият танысқаннан кейін туындайтын сұрақтардың да маңызы зор.
Сабақта қолданатын материалдар: Бейнежазба, АКТ, мәтін, маркерлер, түсті стикерлер, флипчарт
Дереккөздері: Мұғалімге арналған нұсқаулық, апталық үлестірме материалдар, коуч – мұғалімнің жұмыс кітабы
Тапсырмалар: Топтық талдау, бейнежазба негізінде ой түйіндеу, постер қорғау
Коучингтің өту барысы:
Сабақ кезеңі
уақыты Коучтің іс - әрекеті Қатысушылардың іс - әрекеті Ресурстар
Психологиялық ахуал туғызу Ізгі тілек Көңілді әуен тыңдайды да, бүгінгі күнге бір – біріне сәттілік тілейді. әуен
Топқа бөлу
3 мин Түрлі стикерлерге жазылған сөздер арқылы топқа бөледі. Түрлі стикерлерді таңдап алады, артына жазылған сөздерге қарай топқа бөлінеді.
1-топ «диалог» сөзі
2-топ «әңгіме» сөзі
3-топ «дебат» сөзі. Сол сөздердің мағынасын ашатын түсініктеме беріп өтеді. Әр түсті стикер
лер
Топтық жұмыс
10 мин «Ана құрсағын дағы екі нәресте нің әңгімесі» бейне жазбасын көрсе тіп, тыңдатады. Диалог түрін анықтауды, жауабын дәлелдеуді ұсынады. Диалог түрін анықтап, постер жасайды, қорғайды. Бейнежазба, флипчарт, маркерлер
Бірлескен жұмыс
5мин Презентация көрсетеді. «диалог», «әңгіме түрлері» Презентация көреді және тыңдайды. слайд
Сергіту сәті
2 мин «Жар – жар» қыз бен жігіт айтысы Бір – бірімен айтысып, диалогты қарым – қатынасқа түседі. Әуен
Топтық жұмыс
10 мин
«Суға кеткен ғұмыр» нақыл әңгімесінің мәті нін таратады, тапсыр ма береді. Сұрақ түрлерімен жұмыс. «Суға кеткен ғұмыр» нақыл әңгімесінің мәтінімен жұмыс жасайды. Әр топ бір – біріне сұрақтар қояды.
1-топ түрткі сұрақтар;
2-топ сынақтан өткізу сұрақтары;
3-топ басқаға бағыттау сұрақтары; Мәтін, флипчарт, маркер
лер
Бірлескен жұмыс
5 мин Презентация көрсетеді. Сұрақ және сұрақ түрлері Презинтация көреді және тыңдайды. Құрастырған сұрақ түрлерін анықтайды. слайд
Рефлексия «Білім ағашы»
3 мин Ағаш салынған плакатқа стикерлер ілу арқылы бағалауды ұсынады. Жапырақ жапсырса – толық түсінбедім, гүл – түсіндім, сұрағым бар, жеміс – толық түсіндім деп өз пікірлерін, ұсыныстарын жазу арқылы кері байланыс орнатады. Стикерлер гүл, жеміс, жапырақ
Коучинг сабағы туралы рефлексивті есеп
1-бөлім: Тақырыпты негіздеу
Мен екінші (негізгі) деңгейлі курс бағдарламасын бітірген ұстаз ретінде дәстүрлі сабақтарда болатын «қатып қалған» қағидаларды қалай өзгертуге болады деген ой мазалағаны рас. Өйткені менің педагогикалық ұстанымым және оқыту мен оқуға деген көзқарасым түбегейлі өзгерді. Мектептің білім беру ахуалы, оқытуы мен оқуында қалыптасып қалған бағыты жайында көп ойлана келе, мектеп директорының оқу ісінің меңгерушісімен ақылдаса келе мектеп үшін, мұғалім үшін, ең басты оқушы үшін маңызды өзекті тақырыпты таңдау керек болды. Алдымда курстан үйреніп меңгерген теориялық білімімді, игерген дағдыларымды, әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, мектептегі әріптестерімнің қажеттілігіне сай 7 модульді ықпалдастыра үйрету мақсаты тұрды. Қазіргі таңда оқушылар, ата-аналар, мектеп әкімшілігі, мұғалім арасындағы өзара байланыста түрлі келіспеушіліктер болып тұрады. Бірлескен сұхбат барысында дұрыстап және орнымен нені, қашан және қалай айту, шыдамдылықпен басқалардың пікірімен санаса отырып, өз пікірін негізді, тұжырымды түрде білдіруге жетелейтін және түсініспеушілікті жеңе білулеріне көмектесетін басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығымен санасуға үйрететін - диалогтік оқыту деп атауға болады. Еркін, тең құқылы пікірлесуде қарсы пікірдегі адамды ойландыру үшін ашық сұрақтар қою арқылы келісімге ұмтылу әрекеттері жасалады. Осыған байланысты менің мектептегі мұғалімдерге өткізген коучинг сабағымның тақырыбы: «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: Диалогтік оқыту» болды. Коучинг тақырыбын таңдауыма түрткі болған негізгі жағдай – мектеп оқушыларының ойлау әрекетіндегі үстірттік пен терең ойланбаушылық, жаттандылықтың болуы және өз ойын еркін айта алмай, ұяңдық пен жалтақтаушылықтың болуы, яғни ойлау мен әрекетте бір формат шеңберінен шыға алмай қалғаны. Мұғалімдердің оқыту мен оқуға деген көзқарастарын өзгертуіне сәл де болса әсер ете алсам, қызығушылықтарын оята алсам мен үшін жетістік. Осы арқылы мектептің білім беру үрдісіне өзгеріс енгізуге, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруіне қосқан жеке бір үлесім болар еді.
Коучингке келген мұғалімдер әртүрлі пән мамандарынан 13 мұғалім қатысты. Коучингке қатысуға І деңгей курсын бітірген 1 мұғалім (қазақ тілі пәні), ІІІ деңгей курсын бітірген 2 мұғалім (ағылшын тілі және қазақ тілі пәнінің) ұсыныс білдірді. Олардың қатысатынына қуана келістім, өйткені тың пікір, басқаларға бағыт-бағдар беру арқылы белсенді іс-әрекет болатындығын күттім. Қалған 9 мұғалімнің 2-екеуі педагогикалық өтілі үлкен болмаса да, осы деңгейлік курс тыңдаушысы болып, оқу мен оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгергісі келетіндіктен келіп, белсенді коучерлер бола алды.
Барлығы
Санаты Еңбек өтілдері
Жоғары жоғары І ІІ Санат
сыз 0-5 6-10 11-
15 15-
25
13 13 4 2 6 1 3 5 1 4
2- бөлім: Коучинг сабағының сипаттамасы және оқытуды бағалау
Коучингтің мақсаты: Әңгіме түрлерімен және сұрақ түрлерімен таныстыру, өз тәжірибелеріне енгізу.
Күтілетін нәтиже: Әңгіме түрлерімен және сұрақ түрлерімен танысады, сабақта қолдануды үйренеді. Ал түйінді идеясы бастапқыда қоятын сұрақтар ғана емес, жауабымен мұқият танысқаннан кейін туындайтын сұрақтардың да маңызы зор. Іскерлік пен ынтымақтастыққа, үйренушілердің мүдделері мен қызығушылығын ескеріп, өзара сыйласымдық пен тәуелділікке, бірлескен іс-әрекеттерге негізделген мұндай қарым-қатынас үйренушілерге саналы және ерікті түрде білім ауқымын айқындап, оқу/үйренудің нысандары мен әдістерін өздігімен таңдау мүмкіншілігін беру арқылы олардың өз біліміне деген жауапкершілігін нығайтады. Сол себепті:
- жағымды психологиялық орта орнату;
- үйренушілерде жаңалықты игеруге деген қызығушылықты (мотивация, ынта, ұмтылыс) тудыру;
- үйренуде үйренушілерді сәттілікке бағыттау;
- үйрену процесін коммуникативтік процесс деп түсініп, бірлескен әрекеттерді қолдануды көздедім.
1. Коучингті бастамас бұрын жағымды психологиялық жағдай жасау үшін көңілді әуен тыңдап, бүгінгі күнге бір – біріне сәттілік тілеуден бастадық.
2. Әріп жазылған стикерлер арқылы топқа бөлініп, әр топ қатысушылары сол сөзді пайдаланып мән - мағынасын ашатындай сөйлем құрап, өз топтарын таныстырып шықты.
Коучинг барысынан көріністер
1 - топ 2 - топ 3 – топ
Диалог Әңгіме Дебат
« Диалог – екеуара тең құқылы пікір алмасуды қамтамасыз ететін қарым-қатынас және көбіне сұрақ – жауап арқылы жүргізіледі» деп, қызыл стикерлерін көтеріп, өз топтарын таныстырды.
« Әңгіме барысында әркім өз ой-пікірімен еркін бөліседі және адамдарды бір-біріне жақындастырады» деп, жасыл стикерлерін көтеріп, өз топтарын таныстырды.
«Дебат – пікірлері, ұстанымдары қарама-қайшы келетін екі топтың пікір алмасуы» деп, сары стикерлерін көтеріп, өздерін таныстырып өтті.
3. «Ана құрсағындағы егіз нәрестенің әңгімесі» бейнежазба көріп, тыңдады және сол жазбадағы диалог түрін анықтады. Әр топ өз түсінгендерінше әңгіме-дебат және зерттеушілік әңгіме дей келе мүмкіндігінше топта өзара пікірлесе отырып, постер жасады, оны дәлелдер келтіре қорғап шықты.
4. Мұғалімдерге «Диалогтік оқыту», Әңгімелесу түрлері: «Әңгіме-дебат», «Кумулятивтік әңгіме», «Зерттеушілік әңгіме», «Сұрақ және сұрақ түрлері» туралы түсінік беріп, презинтацияма шолу жасап көрсеттім.
5.«Суға кеткен ғұмыр» тақырыбындағы нақыл әңгімесінің (әдебиеттік оқу оқулығы, 3 сынып) мәтінін таратып беріп, топ бойынша сұрақ түрлеріне постер құрау тапсырылды.
Топтардың қорғаған постерлері
1 - топ 2 - топ 3 – топ
Түрткі сұрақтар Сынақтан өткізу
сұрақтары Басқаға бағыттау
- Теңізге кімдер шықты?
- Олар қандай ғылымдар жайында сөйлесті? Т., б. - Әңгіме неліктен «Суға кеткен ғұмыр» деп аталғанын түсіндіріп бере аласыз ба?
- Балықшы табиғат құбылыстары мен өзгерістері жайлы ғалымнан да жақсы білгенімен неліктен физика ғылымын естімеппін деп жауап бергенін мысал келтіріп, түсіндіре аласыз ба? Т. ,б.
- Кім толықтырып жауап береді?
- Кәне, кім көмектесе алады?
- Тағы не айтуға болады? Т.,б.
Бұл тапсырманы орындау барысында мұғалімдер кәдімгідей қиналды. «Иә», «жоқ», «дұрыс», «дұрыс емес» деп қана жауап талап ететін төмен дәрежелі сұрақтардан қайта құру, түсінігін кеңейту, талдау, жинақтау, бағалау арқылы сыни ойлауға үйрететін жоғары дәрежелі сұрақтар құру және оған жауап беру үшін тереңінен, жан – жақты ойлануға тура келді. Осы тапсырма арқылы сұраққа жауап бергеннен гөрі, ойландыратын сұрақтар дайындау оңай еместігіне көздері жетті.
6. Ағаш салынған суретке стикерлер ілу арқылы кері байланыс жүргізілді. «Жапырақ» жапсырса – түсінбеген тұстарым жетерлік деп түсінбегенін, ұсыныс-пікірлерін жазды, «гүл» жапсырса – түсінген сияқтымын, бірақ сұрақтарым бар дегені және стикерге өз сауалдарын, ұсыныс-пікірін жазып ілді. Ал жеміс жапсырса – қызықты өтті, көп нәрсе үйреніп, білгені және өз талап-тілек, ұсыныстарын жазып ілді.
Көп жағдайда сыныптағы талқылау мұғалімнің басшылығымен өтіліп жатқан тақырып төңірегінде, оқушының қатесіз және нені, қашан, қалай айту қажеттігі сипатында болады. Көптеген сыныптарда оқушылардың әңгімеге қатысуына құқығы шектеулі және «бұл не деген қызық» деп өз ойын білдіре алмайды. Балалардың ойлау дағдыларын дамуына кедергі болатынына коучинг барысындағы тапсырмаларды орындауда нақты көз жеткізді.
3-бөлім: Бағдарламаның идеяларына қатысты мұғалімдерді оқытуды бағалау
Жоғарыда көріп отырғандай коучингке қатысуға ниет білдірген мұғалімдер арасында жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде өзара тиімді қатынасқа түсетінін және сол арқылы қызмет белсенділігін арттыруға оңтайлы әдіс-тәсілдердің бірі болғандықтан мұғалім мен оқушы үшін маңыздылығы басым екенін көруге болады. Мен коучинг өткізудегі көздеген мақсатым қатысқан мұғалімдерді «мұғалім - оқушы», сондай - ақ «оқушы - оқушы» арасында шығармашылықпен өтетін, өз пікірін негізді, дәлелді түрде білдіруге жетелейтін әңгімені ынталандырып, қуаттайтын диалогтік оқыту әдісімен таныстырып, өз іс - тәжірибелеріне енгізулеріне үйрету болды. Коучинг барысында танысқан жаңа әдіс - тәсілдер арқылы:
Оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын ортаға салуына;
Әркімде әртүрлі идея болатынына;
Оқушылардың өз идеяларын дәлелдер келтіре айтуына;
Оқушылардың ойлау деңгейлерін анықтауға болатынына көз жеткізді.
Сәтті өткені: Әр тапсырма орындау алдында бейнеүзік көрсетіліп, маңыздылығына тоқталып отырдық. Мұғалімдер көрсетілген әдіс-тәсілдерді өз сабақтарында пайдалатындары туралы айтып, жазып кетті. Мұны коучинг соңында әріптестердің қалдырған пікірлерін оқып таныстым. Жоспарланған жұмыстардың ішінде «Суға кеткен ғұмыр» мәтіні бойынша жабық және ашық сұрақтар дайындау қиын, әрі қызықты, үйретері мол топтық жұмыс болғаны қатысқан әріптестердің барлығы атап айтты. Мысалы деңгейлік курстан өткен әріптестеріммен коучинг өткізер алдында кеңесіп алғаным да дұрыс болды. Коучинг барысында мұғалімдер белсенді қатысып, бір – біріне үлгі көрсете білді. Мұғалімдердің 11 жеміс түсіндім, қызықты болды дегені
Сәтсіздік: Топтық жұмыста «Суға кеткен ғұмыр» мәтіні бойынша кері байланысты «Білім ағашына» 2 гүл (түсінген сияқтымын, бірақ сұрақтарым бар дегенін айтып өтті.
Болашақта коучинг өткізуде бұл қателіктерді болдырмау үшін :
Коучинг барысында қиналған әріптестеріме сұрақ қоя отырып ойлануға және шешім қабылдауға түрткі болу;
Алдын – ала, жан – жақты дайындалып, нақты практикалық дағдыларды үйретуге бағытталған топтық жұмыс түрлерін ұсыну;