Д?ниетану саба? жоспары: Ауаны? ??рамы (4 сынып)
Пәннің аты:Дүниетану Уақыты: Кабинет:203 Мұғалім.Джансенбаева.Г
Сабақтың атауы Ауаның құрамы
Мақсаты
Күтілетін нәтиже Мақсаты: 1. Ауаның құрамы, қабығы туралы түсінік беру.Ауаның сезінуге болатындығын дәлелдей отырып, жер бетін ауа қоршағанын, тірі табиғат үшін пайдасын ашу, тәжірибе жасау арқылы көз жеткізу.2. Сөздік қорын кеңейту, көз алдына елестету мүмкіндігін, өзінің ойын айтып жеткізу мүмкіндігін дамыту.3. Табиғатты қорғай білуге, аялауға, өз үлесін тигізе білетін азамат болуға тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Аралас сабақӘдісі: Түсіндіру, тәжірибе жасау.Көрнекілігі: Тірек сызба, доп, шар, интерактивті тақта.
Психологиялық ахуал Әрбір адам – Туысым, досым, жұрағатӘрбір сабақ – Үйрену, ұғыну, ұлағат,Әрбір ісің – Тірлік, тірек, адамдықӘрбір сөзің – Шындық, бірлік, адалдық. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Мағынаны тану Мұғалемнің түсіндірмесі :
«Көрінбейтін сиқыршы»Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім - ақ күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайыңда екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты. Көшемен келе жатқанда жапырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жүргенін көресің, оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді.Барма жоқпа оны анық білмейсіңОл жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. Ол не? (ауа)2. Мағынаны тану.- Ауа туралы не білесіңдер? Ол туралы не білгілерің келеді?Ауа көзге көрінбейді. Біз оны көрмейміз. Бірақ айналамызда екенін білеміз. Біз сабын көпіршіктерін ұшырғанда немесе желпуішті желпігенде ауаның қозғалысын байқай аламыз.Ауа - физикалық дене. Физикалық дене заттардан тұрады. Ауа газдардың қоспасы. Оның иісі де, түсі де жоқ. Мұның себебі ауаның құрамына кіретін газдардың ішінде оттегі мен көмірқышқыл газы сендерге таныс. Ағзалар тыныс алғанда оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын сіңіріп отырады.1) Сытырлақ дорбаны үрлеп ауа толтырамыз. Аузын қолымызбен бекітеміз және жайлап қысамыз.- Тез қысылама?2) Кішкентай шприцке ауа толтырамыз. Аузын саусағымызбен бекітеміз. Енді тұтқасын итерейік. Итере аламыз ба? Ал егер саусағымызды жіберсек, не болады?Жер шары көзге көрінбейтін мөлдір жабынды - ауамен жабылған.Жел - ауаның қозғалысы. Атмосфера деп – біздің ғаламшарымызды және бізді қоршап тұрған ауа қабатын айтамыз. Жердің ауа қабығын көбінесе бесінші мұхит деп атайды.- Адамдар, жануарлар, өсімдіктер бесінші ауа мұхитының түбінде өмір сүреді.Ауасыз жер бетінде мәңгі тыныштық пен бос кеңістік болар еді. Егер жер ауаны жоғалтса, ол Ай секілді тіршіліксіз аспан денесі болар еді.Сонда ауа деген газ, дәлірек газдардың қоспасы. 2 ғасыр бұрын ғана ғалымдар ауаның көптеген газдардың қоспасынан тұратынын дәлелдеген. Ауа қоспасындағы ең көп газ - яғни азот 78%, оттегі - 21%, ал 1%- ы көмірқАуаның барлық жерде бар екенін білеміз. Дәптерлеріңді көтеріңдер, оның ар жағындағыны көресіңдер ме?- Жоқ.- Жардың ар жағындағы көрші сыныпты көре аламыз ба?- Ал, сыныптағы заттарды көре аламыз ба?- Иә.- Бұл ауаның қандай қасиетін көрсетеді?- Ауа мөлдір. Бұған айналамыздағы заттарды көре алатынымыз дәлел.- Бөлме өсімдіктері қандай түсте?- Жасыл.- Партамыз қандай түсте?- Көк.- Ауа қандай түсте?- Ол түссіз. Иә, бұл ауаның тағы бір қасиеті.Сен әртүрлі бөлмелерде әртүрлі иіс бар екенін сезесің. Тамақ пісіретін бөлмеде, шаштаразда, дәріханаларда иісі бар заттардың бөлшектері ауамен араласып кетеді. Ал таза ауаның иісі бар ма?- Таза ауаның иісі жоқ. Ауа иіссіз.Сонымен бірге ауа серпіледі, сығылады.Допты алайық.. Оны қолыммен қысамын. Бүйірі қабысады. Бұл кезде ішіндегі ауа сығылады. Қолымды жіберсем, серпіліп орнына келеді. Серпіліп тұрған оның ішіндегі ауа.Тәжірибе жасау.Ауаның қыздырғанда ұлғаятындығын, ал салқындағандақысылатынын 3 - сыныптан білесіңдер.Ауаның тағы бір қасиеті - ол жылуды жай өткізеді. Қыста қар астында қалған көптеген өсімдіктердің үсімей қалатын себебі қардың салқын түйіршіктерінің арасында көп ауа болады. Ал қалың қар өсімдіктердің сабақтары мен тамырларын жауып жатқан жылы көрпе сияқты.- Күзде көптеген аңдардың тиін, қоян, қасқыр т. б. аңдардың түлейтінін білеміз. Жазғы жүннен гөрі олардың қысқы жүні қалыңырақ және үлпілдек. Қалың жүн арасында ауа көбірек болады да қыстағы ауа қорқынышты емес.ышқыл газы.
Сергіту сәті Саусақпен мұрын қысайық,Әншіге біраз ұқсайық.Әрбір сөздің дыбысы,Қандай екен ұғайық..
Ой толғаныс Неліктен сұрақтары?1. Неліктен қыста үйлердің терезесіне екі қабат әйнек салынады?2. Неліктен ауа қоспаларға жатады? Оның қасиеті туралы білетініңді айтып бер.
Үйге тапсырма Мазмұндау . Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауБағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады