Эссе. Мен осы маманды??а лайы?тымын


МЕН ОСЫ МАМАНДЫҚҚА ЛАЙЫҚТЫМЫН! (ЭССЕ)
Мен өзімнің ұстаздар әулетінен шыққанымды мақтан етемін, себебі, алғаш мектеп табалдырығын аттап, алғаш рет қолыма қалам ұстаған күннен бастап, менің арманым мұғалім болу еді. Қазір мен өз арманыма жеттім деп ойлаймын және маған дәріс берген ұстаздарыма, ата-анама  алғысым шексіз. Мұғалімнің бейімділігі, дарындылығы көбінесе оқушының тағдырын шешеді. «Ұстазсыз шәкірт тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл, ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға » дейді қазақ. Бұл басқа емес, дәл педагог мамандығына арнап айтылған мақал. Әрине, ұстаз деп тек мұғалімдерді айтуға болмайды. Менің  өміріме бағыт берген, кәсібімді  үйреткен, тіршілігіме  нәр берген адамның барлығын ұстаз санаймын. Егер мектептегі ұстазға келер болсақ, бұларды жаны өте нәзік, жомарт, сезімтал жандар деп айтар едім. Оқушыға ұстаздық жасайтын адамның бойында өз мамандығына берілген, бар қуатын оқушыға сарқып бере алатын, онымен бірге қуана да, қайғыра да білетін барлық асыл қасиеттер болу қажет. Менің ойымша, ұстаз болу - кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Нағыз ұстаз шәкірттерін «біз жақсы ұстаздан сабақ алдық» деп айтатындай дәрежеге жеткізу керек. Мен ұстаздарымды, ата-анамды мен «нағыз ұстаз» деп айта аламын және олардың жолын қуып өзімнің де ұстаз болғаныма қуаныштымын! Орта мектепті аяқтағаннан кейін еш ойланбастан  мұғалімдік мамандықты таңдап,  Нөкіс қаласына барып Т.Г.Шевченко атындағы университетке сырттай оқуға түсіп, 1993 жылы Әжинияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық университеттен «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мамандығы бойынша білім алып шықтым. Еңбек  жолымды өзімнің туым өскен, өзім оқыған мектептен бастадым.Аршалы  ауданы Новоалександров  орта  мектебінде 1995 жылдан  бастап  жұмыс  жасаудамын. Мен  бүгінгі  таңда  4  баланың  анасымын. Мұндағы өткен 18 жыл мен үшін зымырап тез өте шықты. Оқушыларым менің жаңалықтарыма, жаңа тәжірибеме қызығушылықпен жауап берді. Осылайша менің бірінші ұстанымым пайда болды: оқушыларды оқыту үшін, бірінші өзің оқуың керек, оқушыларға тәрбие беру үшін, тәрбиені өзіңнен бастауың қажет, оқушы ларды дамыту үшін, әрдайым өзің іздену, даму үстінде болуым қажет сонда ғана осы мамандыққа лайықтын деп санаймын. Бәрі бірден жақсы болып кете қойған жоқ. Бала  бойына  ата-анадан  кейінгі  ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық  сана- сезімді  сіңіруші  адам- мұғалім. Мұғалім- мамандық, ұстаздық-  қасиет. Яғни, ұстаз болу адам бойындағы ұлы қасиеттердің  бірі. Мұғалім мамандығын таңдап тер төгіп еңбек еткеніме 26жыл өтіпті. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолында мен көп іздендім, өз ісінің нағыз мамандарын, ең үздіктерін іздедім. Осылайша, мен өзімнің екінші ұстанымыма келдім: биіктерге жету үшін, болашаққа көз жүгіртіп, өз идеалыңды таба білуім керек.  Өз мамандығым жайлы ойлана отырып, мен өзімнің педагогикалық жұмысымның мәнін аша алатын сөздер іздедім: педагог тәуліктің 24 сағатында педагог болуы тиіс, себебі ол - өмірдің мәні. Бір күнде тек 3 сабақ қана мұғалім болып, одан кейін мұғалім бетпердесін лақтырып тастап, босаңсуға болмайды. Педагог тұлғасы тәрбие беру құралы болуы  керек. Педагог оқушылар алдында өзін-өзі жетілдіре білуі керек. Оқушының мұғаліммен қарым-қатынасы мұғалімнің келбетіне, сөйлеу мәдениетіне, әдептілігіне байланысты. Бұл тұста келбет деп отырғанымыз мұғалімнің түр-әлпеті, киім киісі, жүріс-тұрысы. Әдетте түр-әлпетті келісті, киініп жүретін мұғалімдерді оқушылар құрметтейді.
Оларға әсіресе мұғалімнің сөйлеу мәдениеті көбірек әсер етеді. Мұғалім қанша білімді болса да, оның сөйлеу және өзін-өзі күту, ұстау мәдениеті төмен болса, ондай мұғалімдерді оқушылар сыйламайды. Егер мұғалім шәкірттердің алдында беделінен айырылып қалса, онда қарым-қатынас, оқу тәрбие ісі еш уақытта өз мақсатына жетпейді. Сондықтан мұғалім таза сөйлеуге, өзін-өзі күтуге, өзгені құрметтеуге айрықша мән береді. Бұл мұғалімнің жан дүниесіндегі мәдениетін, білімділігін көрсетеді.
Мұғалімнің әдептілігі де оқушылармен қарым-қатынасына жетекші орын алады. Әдептілік – мұғалімнің жоғарғы шындық, қарапайымдылық, сабырлылық көрсету, өзін-өзі басқарып, ұстамдылық жасауы және әр
түрлі жағдайларда оқушылармен, өзге адамдармен қарым-қатынас жасай алу есептілігін біріктіретін адамгершілік тәртібі.
Әдепті мұғалім әр уақытта оқушылардың құрметті адамы. Олардың айтқанын оқушылар мүлтүксіз орындайды және өнеге тұтады.
Мұғалімнің оқушыларға әдепті болуының екі жақсы ықпалы бар. Біріншіден, өзара сыйласудың жалпы мәнін және оқу таным әрекетінің зорлықсыз екенін көрсетеді. Екіншіден, оқушыларда сыпайылықты және қоғамға қажетті тәртіпті қалыптастырады. Баланы балағаттау, оларға тәкәпарлық, менмендік көрсету, зорлық жасау, әдептіліктің, болмаса ақыл-ойын дамытудың жолы емес. Ал оларды жауапкершілікке, тәртіптілікке, өзгені сыйлауға үйрету тек баланы құрметтеу арқылы іске асады.
Мұғалім – баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы, маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын үлгісі, бала қиялын самғатып, арманын көкке ұсындырушы басты тұлға.Сондықтан сабақ барысында оқушылардың ой белсенділігін арттыру,логикалық ойлауын қалыптастыру,шығармашылық қабілетін дамыту,жазбаша жұмыстар түрлерімен жұмыс істеу,көркем сөздермен жұмыс жасау, ойлана отырып,ойнайық дегендей алуан түрлі әдістер, көрнекіліктер қолданамын.    Осы маманға лайықтылығымның айнасы ретінде, жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу жолында Көкшетау қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығының І деңгей (озық)мұғалімдер курсында оқып жатырмын. Біздерге ең маңыздысы "Lessen Study"тәсілі туралы білдік.Лессон Стади тәсілі мұғалімдер үшін өте тиімді.Ол сабақты зерттеу,зерделеу үрдісі .Бір сөзбен айтқанда мұғалімдер білімін қайталау,оқу мен оқытуды жетілдіріп, тәжірибені дамытудағы ынтымақтастық тәсілі болып табылады.Әрқашан мұғалім өз беделін , құрметін сақтап қаламын десе ,ол біріншіден балаға деген көз қарасын өзгертуі керек. Бірінші күннен бастап оқушыларының құрметін жайына қойып, өз бетінше зерттеулер жүргізіп отырғаны дұрыс.Барлық мұғалімдерді бірлесіп жұмыс жүргізулеріне шақырамын ! Мұғалім деген атқа дақ келтірмеуге шақырамын! Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Аршалы ауданы 1- деңгей 1-топ Көкшетау.