«АРМАН – жар?ын болаша?ты? бейнесі» ?зін- ?зі тану п?нінен ашы? саба?
Сабақты көтеріңкі, жақсы көңіл күймен ұйымдастыруға бағытталған сабақтың бас кезеңінде қолданылатын әдістемелік тәсіл. Асыл арманСөзі Б. Тәжібаевтікі, әні Е. ХасанғалиевтікіАрманым ақ сәулелі күнімбісің,Әлде бір алаулаған гүлімбісің.Әлде бір желпіп өткен самал ма едің,Арманым айтарым көп саған менің.Қ а й ы р м а с ы:Асыл арман, асыл арман,Көгімде шалқып ұшқан құсым ба едің.Асыл арман, аспанымда жарқылдағанқұсым ба едің,Мен сенің құдіретіңе, мен сеніңқұдіретіңе түсінбедім.Арманым құздан құлар бұлақпысың,Әлде бір күлімдеген шырақпысың.Әлде бір албыраған ай ма екенсің,Арманым, айтшы маған қайда екенсің?Қ а й ы р м а с ы:Арманым жүрегімнің жыры ма едің,Жас ару жанарының нұры ма едің.Әлде бір сазы ма едің домбырамның,Қиялды асқар шыңға қондыратын. Оқу ақпаратында берілген жаңа ойлар сабақтың мақсатын айқындап, оқушылар білімін толықтыра түсуіне, оған тұжырым жасауына, қорытындыға келуіне көмектеседі. Біздер күн сайын “Нағыз өмір” туралы армандаймыз... Егер терең ойлайтынболсақ, шындығында арман керек-ақ, ол бізге бақыт, күш-қуат береді, үмітімізді жалғап отырады. “Арман адамзат игілігіне бағытталған адамда ұлы даналық бар,” – дейді француз жазушысы А.Франс. Ендеше адам тек жеке басының қамын ойламай, болашағын өз ортасымен, елімен байланыста армандайтын болса, ел азаматы болғаны.Арман – алға жетелейтін жарық жұлдыз, адам адал еңбек етіп, қиындыққа мойымай, қажырлылық танытқанда ғана өз мұратына жетеді, яғниарманы жүзеге асады. Әйтпесе, арман қиялға айналып, келешектің қамы болмай, ақиқат өмірден алыс, тек ойлап қана ұғатын адам санасындағы әлемге айналады. Әрбір адам өзінің өмір жолын табуға талпынады, көпшілігі зор жетістікке жетуді армандайды, бірақ барлығы бірдей ойлағанына жете алмайды. Бұл неліктен? Көптеген адамдар қиындыққа кездескенде үмітсіздікке салынып, өмірлік жоспарынан оңай бас тартады. Әр адам өзімен жұмыс істеуді неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым ірі жетістікке жетеді. Себебі адамның жас кезінде икемділігі, қаблеттілігі жоғары боп келеді. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, оқу материалын эмоционалдық-бейнелі тұрғыдан қабылдауға ықпал ететін өзін-өзі тану сабақтарының міндетті элементі болып табылады. Оқушылардың білімін және адамгершілік қасиеттер мен құндылықтар туралы түсініктерін кеңейтуге, оқу іскерліктерін дамытуға бағытталған әдіс. ******Бір кісі көп армандайды екен. Ол сол арманның іске асқан игіліктерін көрудің түрлі тәсілдерін ойлап, ұзақ қиялдайды екен. Бірақ соған жеткізетін бағытты, жолды таба алмай қатты қиналады. Бір күні көршісіне келіп, - Мен қиялмен әлемді кезіп, түрлі-түрлі игіліктерді иеленуді көксеймін, бірақ оған қолым жетпейді. Осының мәнін түсінуге көмектесіңізші, не істеуім керек? Мен білмеймін, бұл жайында ғұламалардан сұрағаның жөн шығар, - дейді көршісі. Сонда қай ғұламаға барғаным жөн? Ғұламалардың ғұламасы Фараби дейдң ғой жұрт.Әлгі қиялшыл адам Әл Фарабиді арнайы іздеп барады. Аман-саулықты біліскен соң, Әбунасыр қиялшыл кісіден: Маған не айтпақ едіңіз? - деп жөн сұрайды. - Мен қиялмен әлемді шарлап, небір игіліктерді көруге құмартамын. Бірақ қолым жетпейді. Қиялға қалай жетудің жолын таппаймын. Осының бағытын нұсқап жібермес пе екенсіз, мәртебелі ұстаз. О, мұныңыз ұшып жүрген жел сияқты құбылыс екен. Соның тұтқасы бар ма? Қиял – сезім мен ойдың арасындағы дәнекер ғана. Қиял адамды бостан-босқа еліктіре береді. Қолға ұстар тұтқасы жоқ. Сондықтан сезіміңіз бен ойыңыздыбір мақсатқа бағындырып, өз мүмкіндігіңізді ескеріңіз. Сол мүмкіндіктеріңізден айырылып қалмауға талаптаныңыз. Содан кейін мақсатыңызға жету үшін әрекеттеніңіз. Сонда армандаған мұратыңызға жетуіңіз мүмкін. Е, түсіндім, арманың орындалып, мақсатқа жету үшін күш-қайратты сарқа жұмыс істеу керек екен ғой. Ия, тынбастан қимылдаңыз, ойыңыз орнықты болсын!.. Қ. Толыбаев Бұл тәсіл баланың өзін және өзінің жүрегін тыңдай білуіне септігін тигізеді. Ол баланың сезімі мен эмоциясын, жалпы рефлексияға қабілеттерінің дамуын ынталандырады. Осы тәсіл баларға жайлы әсер етеді, олардың қиялын дамытады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру барысында мұғалімнің сөйлер сөзі, сондай-ақ үнтаспалар, бейнетаспалар (классикалық музыка тыңдау, бейнефильмдер мен мультфилмдер көру және т.б.) қолданылады. Балалардың тақырып мазмұнын түсінуіне мүмкіндік беретін дидактикалық тәсілдің сұрақтар мен жауаптар түріндегі қарым-қатынас формасы. Балалардың шығармашылық шабытын аша түсуге, олардың символдарды, бейнелер мен әрекеттерді ұғынуы арқылы өзінің пікірін айту мен басқалардың пікірін құрметтей білу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Оқу мағлұматтарын көрнекілік тұрғысынан жеткілікті түсіндіруге мүмкіндік беретін әдістемелік тәсіл. Айқын көркем көріністер балаларға оқу материалының мазмұнын түсінікті қабылдауына және жете меңгеруіне ықпал етеді. Балалардың сабақ үстінде шаршағандығы мен жалығушылығын ұмыттыруға, бойларын сергітуге қажетті өзін-өзі тану сабақтарының құрамдас бір бөлігі. Сергіту жаттығулары бір іс-әрекет түрінен екіншісіне ауысатын сәтте қысқа ойындар, қимыл-қозғалыстар түрінде қолданылады. Осы тәсіл топтың жақсы көңіл-күйін көтереді, оқуға, білуге ынтасын дамытады, жылдам назар аударуын күшейтеді, ұжымның ұйымшыл болуына ықпал етеді. Балалардың танымдық қызығушылық-тарын арттыру мен жаңа игерілген түсініктері мен іскерліктерін бекітуге арналған оқыту әдісі. "Ал енді мен ақыл айтам…"Ал енді мен ақыл айтам,Ақыл айтам, таңданба.Қорлық үшін келген жоқсың мына өмірге, жалғанға.Мына өмірде, жүрегіңде,Бойыңда ыстық қан барда,Болмысты да, болмасты да, болады деп арманда!Ал енді мен ақыл айтам,Ақыл айтам, таңданба!Мәзіріңе, әзіріңе әулекі боп, алданба!Шығатұғын күндерге де,Ататұғын таңдарға,Үмітпенен қарағайсың, жүрегіңде жан барда.Өтер кетер, өтер кетер…Дейміз ғой біз мұңайып.Дейміз-дағы, жамаймыз кеп, бір айыпқа, бір айып.Отандастар, ойлайықшы, ойымызға лайық.Құласақ та тек биіктенҚұзға барып құлайық! Бір-бірімен пікір алмасуды, бір-біріне тілектер айтуды немесе әрбір баланың эмоционалдық күйін, олардың сабақ мазмұнын түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік туғызатын әдістемелік тәсіл. Армансыз күнім болмайдыБақытты жанмынСонда да бірақ,Көңілім кейде толмайды.Алаңсыз күліпЖүрген кезде де,Армансыз күнім болмайды.Аспанда, Күнде Айналар түнгеАрманың өлсе сол қайғы.Бақытқа сенемінАрмандай беремін.Армансыз күнім болмайды.Армандап ғұмырКешемін күнде,Бір үміт қалса ішімде.Арманмен біргеӨсемін мендеАдам боп қалу үшін де.