Сыныптан тыс ашы? саба?.Жаркент ??ірі газеті 90 жаста
«Жаркент өңірі» газеті 90 жаста.
Сан есімді қайталау. VI-cынып
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Жаркент өңірі газетінің тарихы туралы
мағлүмат беру,сан есімді қайталай
отырып,тапсырмаларды дүрыс, қатесіз
орындауға меңгерту.
2. Дамытушылық: оқушылардың логйкалық ойлау
Қабілеттерін дамыту,сөздік қорларын байыту,
пәнге деген қызығушылығын арттыру, сан
есім туралы оқушылардың өздеріне ой
қорытындысын жасату.
3.Тәрбиелік: Жергілікті газетті сүйіп оқуға,мақала жазуға,
алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабактың түрі: қайталау сабақ
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, ойын
Технологиясы: Н.Оразақынованың «СКТ» технологиясы
Көрнекілігі: нақыл сөздер, билер сөзі, кесте, сызбалар, үлестірмелі
қағаздар, Жаркент өңірі газеті,мектеп туралы
шыққан мақалалар жинағы.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Сұрақ-жауап әдісі бойынша оқушы білімін тексеру.
1. Сан есімді қайталау бойынша жұмыс.
«Салем-сөздің анасы,
Қайталау-оқу анасы»
Оған ешкімнің жоқ таласы-демекші қоржындағы номерленген асықтарды алып, номерін айтсаңдар сол номердің сұрағы оқылады.
1 Сан есім дегеніміз не?
2 Сан есімнің сұрақтарын ата?
3 Сан есімнің құрамына қарай түрлерін ата.
4 Дара сан есім дегеніміз не? Мысал келтір
5 Күрделі сан есімдер қалай жасалады?
6 Биыл «Жаркент өңірі» газеті неше жасқа келді?
III Жаңа сабақ
Сендер қандай газет-жүрналдар алып оқисыңдар?
Біздің ауданымыздан қандай газет шығады,ол газет туралы не білесіңдер?
Қосымша мәлімет
1921ж Ташкент қаласында «Кәмбағаллар авази» 1963ж 20-сәуірден «Октябрь нұры»
атты газетпен тұсауы кесілген деген атпен шығып тұрды
1991ж «Жаркент өңірі» деген
1924ж Алматыдан шыға осы атаумен күні бүгінге дейін
бастады. шыгып жатыр
1930ж 15 қазанда жаркент
қаласына көшірілді.
1932ж газеттің аты «Колхозчилар авази» 1957ж газет үш тілде шыға бастады.
болып өзгерді /қазақ, орыс, ұйғыр/
«Жаркент өңірі» газеті 90 жаста
IV Оқулықпен жұмыс.
V. Жазбаша жұмыс
1. Бір мен екі алмаңдар
Үшке алданып қалмаңдар
Кілең төрттік алғандар
Бесті ғана армандар-деген өлең шумақтарынан сан есімдерді табындар.
Бір, екі сөздерін септеңдер.
1. Берілген сөйлемдерден сан есімдерді тауып, мағыналық түрлеріне қарай ажыратып, жиырма, тоқсан, жүз деген сөздерге СКТ жасаңдар.
1. Біз «Жаркент өңірі» газетінің жиырма үшінші номерінен газеттің шығу тарихы туралы мағлұмат алдық. 2. Биыл «Жаркент өңірі» газеті тоқсан жасқа толды. 3. Сонымен қатар тәуелсіздігіміздің жиырма жылдық мерейтойы. 4.Қайсар ақын Қасым Аманжоловтың жүз жылдығы.
Жиырма
1. Бұл сөз бір құрамнан тұр.
Тұлғасына қарай-негізгі түбір. Себебі, сөздің әрі қарай бөлшектенбейтін, негізгі мағына беретін бөлігі.
Құрылысына қарай-дара. Себебі, бір ғана негізгі түбірден тұрады.
Жиырма-қанша? Деген сұраққа жауап береді. Демек бұл –сан есім. Сан есім дегеніміз заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретін сөз табы.
Мағынасына қарай – есптік сан есім. Себебі, заттың нақ санын білдіріп тұр.
VI. Кім көп біледі?
Мақалды толықтыр
А) ... кісі ... жақ, қыңыр кісі бір жақ.
Ә) Білекті .... жығар, білімді .... жығар.
Б) .... атасын білмеген жетесіз.
В) .... жұрттың тілін біл, ...... түрлі білім біл.
Г) ... сомың болғанша, ... досың болсын.
Атадан ... , андан ... , жалғыздық көрер жерім жоқ. Авторы кім?
Алты, жүз, бір, жеті сөздеріне фонетикалық талдау жасаңдар.
VII. Сабақты бекіту. Билер сөзінен сан есімдерді табыңдар.
Қазыбектің тапқырлығы туралы. Төсекте жатқан Бұқар жырау:
-Бірден онға дейінгі санның мағынасын маған ешкім тауып айта алмады. Қазыбек сен айтшып берші! – деген.
Сонда Қазыбек:
Бір дегеніңіз-бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегеніңіз- егесіп өткен ер жаман.
Үш дегеніңіз-үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман.
Төрт дегеніңіз-төрде төсек тартып жатқан жаман.
Бес дегеніңіз-білікті адамнан белгілі бала тумаған жаман.
Алты дегеніңіз-аймағын билей алмаған кісі жаман.
Жеті дегеніңіз-жетем деген мақсатына жете алмаған жаман.
Сегіз дегеніңіз-серкесіз бастаған қой жаман.
Тоғыз дегеніңіз-толғаныңыз.
Он дегеніңіз-өткеніңіз,о дүниеге жеткеніңіз.
Осы билердің сөзіндегі сан есімдерді мағынасына қарай ажыратыңдар. Өздерің тағы қандай сан есімге қатысты осындай билер немесе жұмбақтар білесіңдер?
VIII. Білімдерін бағалау.
Сұрақ-жауап бойынша оқушылардың білімдерін бағалау.
IX Үйге тапсырма. Жеті санына байланысты «Жеті ата», «Жеті қазына» т.б сөздер жазып жаттап келу.
Алматы облысы, Панфилов ауданы, Аққұдық ауылы
Ш. Байбатшаев атындағы орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қабижанов Ғалым Сүйімбайұлы