Та?ырыбы: Хош келді?, т?рлет наурызым!


Бастауыш сынып мұғалімі
Имаканова Рабига Сарсенбековна
Бурабай кенті
С. Сейфуллин атындағы орта мектебі
2014 оқу жылы
Тақырыбы: Хош келдің, төрлет наурызым!Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту. Грамматикалық талғада жүйелі сөйлеуге, мерекелік көңілін көтеру, елге деген сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. 
- Сәлеметсізбе, құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Хош келдің, төрлет Наурызым!» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер! - Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам.  Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» - жаңа, «руз» - кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жаяды. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады. - Құрметті қонақтар, балалар! Наурыз құтты болсын! (бір ата-ана шашу шашады, музыка қосу) - Наурыз - бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн.  Көктемнің алғашқы күндерінен бастап жер бетіне қылтиып, бой көтеріп гүлдер өседі. Бұлар көктемнің алғашқы гүлдері деп аталады. Бұл бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ.
Түрлі-түсті әйбат, Гүлдер шықты жайнап. Қызығып ылғи барамын, Қырға шықты ойнап. Сәнді көктем нұрымен, Наурыз тойы жырымен, Көңіл гүлдей жайнасын. 
Кіргізіп көркін даланың, Бәйшешек қырда қаптады. Қызығып ылғи барамын, Үзуге бірақ батпадым. 
- Ал, енді біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің наурыз мейрамына дайындаған көктем гүлдері үлгісіндегі киім үлгілерін қарсы алыңыздар.
(1-сынып оқушылары киім үлгілерін көрсетеді)

Ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру  Күн мен түн теңеледі, Жер шуаққа бөленеді, Соны тойлар ел енді. 
Наурыз тойы - салтымыз, «Көгерсін» - деп халқымыз, Көшеге тал егеміз. - Көктем - жыл мезгілінің әдемі бір кезені. Наурыз айында күн ұзарып, түн қысқарады. Күн көзінің шуағы молаяды. Қар еріп, жырашықтардан су аға бастайды. Көктем – өте көңілді мезгіл.
-Қазақ халқы қонақ күтуді де, қонақ болып қыдыруды да қызық көрген. Сондықтан қазақ халқының тойлары да көп болған. Соның біреуі бесікке салу. Бесікке салу тойына жиналғандар өлең айтып, әзіл –қалжын, ұлттық ойындарын ойнап көңіл көтерген.
(1-сынып оқушылары әр елдің киім үлгісі көрсетеді)



Жұмбақ - Ал енді балалар! Жұмбақтардың шешуін табыңдар: Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (дастархан) Бұл не? Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл дастархан. Ал дастарханға қандай қазақтың ұлттық тағамдары қойылады? 

Қазақтың ұлттық тағамдары, Жасымнан жақын маған бәрі. Теңермес ем оларға мен, Ешбір асты ғаламдағы. - Дастархан басында адамдар қалай отырады, асқа қатысты тыйымдармен ырымдарымен бізді Сәуле апайымыз таныстырып өтеді. 
Көктем келді бүгін, Күнім төкті нұрын Сайрап барлық құстар, Ән салуға құштар
Балалар-ау, балалар! Шақырады далалар. Көктем келді гүл алып, Құстар келді жыр алып. «Біздің жігіттер» биі.

Көктем келді бүгін, Күнім төкті нұрын Сайрап барлық құстар, Ән салуға құштар
Ән: «Хош келдің төрлет Наурызым!»

- Құрметті ата-аналар, мұғалімдер, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған мерекелік кешімізді тамашаладыңыздар! Наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын! Амандықпен кездескенше, хош сау болып тұрыңыздар!