Т?рбие са?аты Біз білімді баламыз


Мақсаты: Бірінші сынып оқушыларының негізгі пәндер бойынша алған білімдерін
жүйелеу, пысықтау
Өздігінен жұмыс істей білуге, ой-өрісін дамытуға, қорытынды шығаруға
машықтандыру, есте сақтау қабілетін дамыту.
Оқушылардың әрбір пән бойынша алған білімдерін тиянақтау, топтар
бойынша сайыс өткізу, шапшаңдыққа, жинақылыққа, тапқырлықққа,
алғырлыққа тәрбиелеу.
Сәлеметсіздер ұстаздар, оқушылар және де қонақтар!
Тәуелсіз еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Өркениет өзегі –білім мен ғылым, тәрбие дейтін болсақ, осының барлығының бастауы- бастауыш сыныптардан басталатыны бәрімізге аян.
Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметессе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады.
Осы сөзді негізге ала отырып, «Біз білімді баламыз» деп аталатын 1 сынып арасында ұйымдастырылып отырған интеллектуалды ойынға қош келдіңіздер дейміз!
Ал келіңдер, келіңдер!
Біріңе бірің еріңдер
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып, көріңдер!
-Олай болса, 1 «А» сынып бүлдіршіндеріне сөз берейік!
Ал құрметті оқушылар, осы уақытқа дейінгі алған білімімізді топ болып жан аямай ортаға салайық. Ортаға үш топтың топ басшылары келіп, көздерін жұма отырып, мына түсті қағаздарды таңдайды.
шТоп басшыларға қай түс қағазы бұйырса, топ мүшелері де сол топ болып, орындарына жайғасады.
Топтар:
Қызылдар
Сарылар
Жасылдар
Бұл түстерді неліктен таңдап алды деп ойлайсыңдар?
Ненің көздеріне ұқсайды?
Қане сол бағдаршам көздерінің ретімен тұрайықшы.
Осы бағдаршам көздерінің қызметін кім бізге айтып береді?
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін жасқанба
Жарайсыңдар, балалар! Қане барлығымыз өз тобымызға жайғасайық.
Бәйгеге түспей жарыспай, жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып, тәлім тәрбие табар ма?
Бұл бәйге –ойдың шапшаңдықтың бәйгесі
«Кім жүйрік ойға, сол алда...» дегендей, ойын жарыс түрінде өтеді.
Ойынымызды бастамас бұрын, әділ баға беретін әділ-қазы төрағасын сайлап алайық!
Ойынның шартымен таныс болыңыздар! Ойын 5 кезеңнен тұрады:
«Бәйге» әліппе пәнінен ауызша сұрақтар
«Ең алғыр топ» математика пәнінен тапсырмалар. Топпен
«Жорға» берілген бір сөздің әріптерін пайдалана отырып, сөздер құрау.
«Сиқырлы қалам» дүниетану пәнінен еліміздің табиғатын бейнелеу
«Көңілді жұмбақ» жұмбақтар шешу.
Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік
Сөз кезегін «Бәйгеге» біз берейік
Арамызда тапқыш достар көп екен
Солардың енді жауаптарын көрейік! Ендеше ойынды бастайық! Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
1. «Бәйге»: Мұнда қатысушылар сендерге әліппе пәнінен бірнеше сұрақтар қойылады.
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Қарлығаш сөзінде неше буын бар?
Сөйлем аяқталғанда не қойылады?
О дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
Жоғары сөзінің қарама-қарсы сөзін айт
«Орман емшісі» деп қандай құсты айтады?
«Домбыра» сөзінде неше әріп бар?
Жылқының төлін ата
Қияр не?
Мақта қыз бен Мысық ертегісінде қыз не тауып алады ?
2 «Ең алғыр топ». Яғни қазір біз математика еліне саяхаттаймыз.Саяхатқа дайынсыңдар ма?
Тапсырма:Үш топқа бірдей суреттер беріледі, сол суреттерді пайдаланып, теңдіктер құрастыру. 4+1=5
5+2=7


Сонымен бұл кезеңнен де сүрінбей өттік.
«Жорға» қазір топтарға бірдей сөз беріледі. Сол сөздің әріптерінен сөздер құрау.
«ҚОЖАНАСЫР»
Шабыт тасып, шалқысып
Есеппен ән салысып,
Жұмбақ шерді шашайық
Ат салысып аянбай, бар өнерге басайық! Демекші келесі кезең жұмбақтар шешу.
«Сиқырлы жұмбақ» жұмбақтар шешу.
«Сиқырлы қалам» дүниетану пәнінен еліміздің табиғатын бейнелеу.
Әділқазылар өз қорытындысын шығарғанша 1 «А» сынып оқушыларын қарсы алыңыздар! Би:
Қорытынды: Көп біріксе ел болар, көп түкірсе көл болар- демекші құрметті оқушылар бүгінгі интеллектуалды ойынға ат салысып, топ болып қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!
-Әділ қазыларға сөз беру. Оқушыларды марапаттау.
Ақмола облысы
Ерейментау ауданы
Ақмырза орта мектебі
Тәрбие сағаты
«Біз білімді баламыз»
Өткізген: Куринбаева Г.А.
2014-2015 оқу жылы