Балаларды е?бекке баулы та?ырыбында Балалар еккен шынарды балалары саялайды жоба


Бабалар еккен шынарды  балалары  саялайд  Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды.Бала тәрбиесі жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2030» атты Жолдауында: « ... біздің балаларымыз бен немерелеріміз ... бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп сенім артқан болатын.Дұрыс тәрбие балаға өмір бойы азық деп қарайтын болсақ Елбасының жоғарыдағы сөзі тәрбие жұмысымен айналысатын барлық  саладағы педогогтарға үлкен жауапкершілік жүктейді.Балалық шақ – баланың жеке тұлға болып өзін-өзі сезінуінің алғашқы сатысы, ақыл-ой, сана-сезім, басқа да қасиеттерінің қалыптасуының маңызды кезеңі. Педагогика және психология ғалымдарының зерттеулері баланың мінез-құлқының негізі, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы осы мектепке дейінгі шағында қалыптасатынын дәлелдейді. Өйткені бала осы кезеңде аса сезімтал, қабылдағыш, сенгіш, еліктегіш болады. Ересек адамдар баланың ойына, ойынына тиянақты көңіл бөліп, дұрыс бағыт біле білсе, баланың ой-өрісінің дамуына игі ықпал жасайды.Осы орайда мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды зерттемелі-жоба бойынша табиғатпен таныстыруға арналған «Жасыл ел» тақырыбындағы бағдарламамыздың басты мақсаты – олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен жан-жақты болуын, шығармашылық ойлау мен ізденісті-зерттемелі іс-әрекеттерін жоспарлау қасиеттерін қарастырады. Бұл қасиеттер нақты осы уақытта балалардың мектепте нәтижелі білім алуына үлкен үлес қосатын болады.Бұл бағдарламаның маңыздылығы-баланы табиғат объектілері мен құбылыстарына деген нақты қызығушылыққа тәрбиелеп, аң-құстарға, жәндіктерге және өсімдіктерге танымдық көзқарас қалыптастырып, қоршаған ортаны шынайы қабылдап, оны қорғау қажеттігін үйрету.    Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды зерттемелі-жоба бойынша табиғатпен таныстыратын «Жасыл ел» бағдарламасы «Өлі табиғат», «Өсімдік әлемі», «Жануарлар әлемі», «Адам еңбегі» және «Күнтізбемен жұмыс» атты бес бөлімнен тұрады.Бағдарламаның алғашқы бөлімінде балалар айнала қоршаған ортамен, табиғат құбылыстарымен  (күн, ауа, жел, жаңбыр), топырақ түрлерімен  (саз, құм) де танысады. Ал, екінші «Өсімдік әлемі» тақырыбы айтып тұрғандай мұнда ағаштар мен бұталардың түрлерін ажырата білуге, табиғат бұрышындағы өсімдіктерді күте білуге, парк, бақтарға серуендеу арқылы жапырақтардан гербарии жинауға баулу жүзеге асырылады. Сондай-ақ «Жануарлар әлемі» бөлімінде балалар құрт-құмырсқа, үй жануарлары және хайуанаттармен, сондай-ақ балық түрлерімен танысатын болады.«Адам еңбегі» аталатын төртінші бөлімде – бау-бақшада, қырманда, фермада адамдардың жұмыстарын көрсете отырып, балалардың назарын еңбектің қажеттілігіне, жауапкершілігіне аудару керек. Бұл олардың еңбекке деген көзқарасын оятады, табиғаттан көп нәрсе алуға болатынын, ол үшін оны қорғау қажеттігін түсіне бастайды. Соңғы бөлім «Күнтізбемен жұмыс». Мұнда ересек жастағы балалар жыл маусымы өзгерістерін, салған сурет, әңгімелерін, толықтыруларын енгізіп, табиғат күнтізбесін жүргізуі қажет. Маусым соңында өздерінің тәрбиешісімен бірге қорытындысын жасайды.Жобаның негізгі жұмысы – серуендеу. Оның жұмысының құрылымы кейбір жаңартылған толықтырулар енгізілген классикалық түрі болып табылады. Мәселен, сұрақ-жауап түріндегі әңгімелесу, тәжірибе элементтері бар бақылау жұмыстары, зерттеулер жүргізу, тақпақтар, қазақ ауыз әдебиеті, орыс фольклоры, табиғаттағы күнделікті еңбек, дидактикалық ойындар, сурет салу, тілді дамыту сынды жеке жұмыстар, т.б. жатады.Мұның қай-қайсысы болмасын баланың ой-өрісінің дамуына, жетілуіне игі ықпал жасйды. Бала қоршаған ортамен араласып, айналаны жете танып түсіне бастайды. Оған деген өзіндік көзқарастарын қалыптастырады.Біздің бұл тақырыпты таңдап алуымыздың көптеген себептері бар. Біріншіден, табиғатты қорғау және оның сан алуан баға жетпес байлықтарын дұрыс пайдалану қазіргі таңда адамзат алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі. Екіншіден экологиялық тәрбиенің негізін балабақшадан бастаудың өзі олардың қоршаған ортаны танып түсінуіне негіз жасайды. Үшіншіден, белгілі ғалым-педагогтар Н.В. Скалон, Ф.А. Веретникова, Б.Г. Иоганзен, тағы басқалар табиғат қорғаудың балалар үшін қажетті шарттарын атап өтіп, оларды отаншылдық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие негіздеріне жатқызады.Оның үстіне халқымыздың халық педагогикасының асыл мұраларының бірі табиғатқа деген аса зор сүйіспеншілікпен қарауды және оны көздің қарашығындай сақтап, жас ұрпаққа өнеге боларлық мақал-мәтел, даналық сөздер, аңыз әңгімелер арқылы жетуінде. Мысалға айтатын болсақ: «Орман-ел дәулеті, дер сәулеті», «Атадан мал қалғанша, тал қалсын», «Ағаш ексең аялап, басыңда болар сая бақ», «Бір тал кессең, он тал ек» немесе «Құмырсқаның илеуін бұзба», «Бұйрықсыз бір түп көкті жұлма», «Аққуды атпа» деген сөздер бала санасына сіңіп, адамгершілік сана қалыптаспақ.Белгілі ғалым А.Н. Формозов өз еңбегінің бірінде қазақ халқы туралы «қазақтардың байқағыш көзі табиғаттағы тіршілік атаулыны үнемі бақылап отырған, халық даналығы көптеген қызықты толықтырулар мен тұжырымдарды жинақтаған» деп жоғары баға берген. Осы орайда халқымыздың табиғатты аялап, сүйе білуі және оған деген адамгершілік қамқорлығы қанымызға, тұла бойымызға ананың ақ сүті арқылы дарығанын мақтанышпен айтуымызға болады.Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырып отырсақ-олар барлық уақытта табиғатпен белгілі бір қатынаста болады. Жасыл желек, әдемі гүлдер, аң-құстар, табиғаттағы өзге құбылыстар олардың көңілін аударып, қуантады, өзіне баурайды, осыдан келіп олардың табиғатқа, Отанға, елге-жерге деген сүйіспеншілігі пайда болады.Қорыта айтқанда мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді табиғатпен таныстыру арқылы олардың бойындағы адамгершілік, еңбек, дене және эстетикалық тәрбиені жүзеге асыратын боламыз.