Халы?тар досты?ы мен бейбітшілік к?ні
«Бекітемін» Мектеп директоры: С. Омаш
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мен ынтымағы күніне арналған іс – шараның бағдарламасы.
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету. Ынтымақтастыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Плакатқа жазылған тақырып, қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, ұлттық киімдер.
Кіріспе бөлімі:
Жүргізуші: Бірінші мамыр, бірінші айым,
Жайнайды әлем сен келген сайын.
Данасы ойлы, баласы мұңсыз,
Бастауға тойын бәрі де дайын.
Бұл айда жердің бәрі құлпырады,
Жарасып адамдардың ынтымағы.
Ұстайды бейбітшілік туын биік,
Жайқалып көшелерге гүл тұнады.
Гүл тұнады төңірек құлпырады,
Көкіректе күмбірлеп жыр тұнады.
Мамыражай мамырдың бір-екісі,
Жер жүзілік мереке-бұл күн әлі.
Қуаныштан желпілдейді түндігім, Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін. Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты, Бір тамырмен байлап қойған кіндігін!!!Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен жостық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мен ынтымағы күніне арналған мерекеге қош келдіңіздер!
Негізгі бөлімі:
1 Мамыр-Қазақстан халқының бірлік ынтымақ күні. Біздің тәуелсіз Қазақстанымыз көп ұлтты ел. Бұл күні бүкіл халықтар өздерінің ұлттық киімдерін киіп, ұлттық өлеңдерін айтып, би билейді. Біздің елімізде достығымыздың, татулығымыздың, бірлігіміздің арқасында 130дан астам ұлт өкілдері тату тәтті өмір сүруде. Еліміздегі өзге мемлекеттер қызыға қарайтын мамыражай тыныштық, өзара достық қарым-қатынас-ынтымақтастықтың жемісі. Ынтымақ бірлік бар жерде-ауызбіршілік бар. Бұл күн – әрбір Қазақстандық үшін Отанға сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің меркесі.Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этноаралық үйлесімді сақтау Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады. 1 мамыр –Қазақстан халықтарының бірлігі мен ынтымағы күніне арналған мерекелік құттықтау сөзді аудандық мәслихатының хатшысы Жұрман Перналы ағайға, Бадам ауыл округының әкімі Ахметов Арсен мырзаға және мектеп басшылары Қамбарұлы Әбдімәулен ағай, Омаш Сәуле апай, Меңліқұл Бақыт ағай, Алым Мәруа апай, сондай – ақ ауылдың ақсақалдары және еңбек ардагерлеріне _________________________________________________________________________________________________________________беріледі.
Жүргізуші: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
Ән: Мәден Еңлік орындауында
Жүргізуші: Жақсылыққа бақытқа,
Талпынған әр уақытта.
Бала біткен дос бауыр,
Болмасын еш тосқауыл.
Қазақ, орыс, өзбекпіз,
Ағайынбыз бәріміз. Би: Грузин биі.
Жүргізуші: Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген,
Барша ұлтқа құт мекен болған еді. Ән: Жанен Саяттың орындауында
Жүргізуші: Көңілде күй тасуда,
Той туған ел қасында.
Би билейміз, ән салып,
Ынтымақ, бірлік тойында. Би: Қыздар – ай биі.
Жүргізуші: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жүрегемде таныстым мың тіліммен.
Жылағанда жүрегем күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.
Ән: Одилова Шахризаданың орындауында
Жүргізуші: Ортақ менен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
Би: Вальсовка биі.
Жүргізуші: Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған!
Ән: Нұржігіт Асылжан орындауында
Жүргізуші: Ағайын – туған – бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық!
Би: Тау – тау сезім биі.
Жүргізуші: Жер – анамыз жасайды тарлық кімге,
Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде,- дей Ән: Тұрды Ақмарал орындауында
Жүргізуші: Ажарланды бар аймақ,
Тасығандай береке.
Мамыр келді арайлап,
Құтты болсын мереке. Би: Татар биі.
Жүргізуші: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
Ән: Тілеубек Бауыржанның орындауында
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мен ынтымағы күні меркесімен шын жүректен құттықтаймыз!Бұл мейрам – сан ғасырлар бойы қазақтың кең байтақ даласын мекен еткен 130 – дан аса ұлттар мен ұлыстардың ынтымағын одан әрі нығайтып, арман – тілегін бір арнаға тоғыстыратын мереке.Қазақстанның көп ұлтты халықтары арасындағы бірлік пен ынтымақтастығы нығая берсін!Қазақстанның көп ұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысайық. Көктемнің осынау шуақты мерекесімен құттықтай келе, баршаңызға мықты денсаулық, мол бақыт, ашық аспан тілейміз. Халқымыздың «Ынтымақты елде бақ тұрар» деген дана сөзін әрдайым естен шығармайық, береке – бірлігіміз арта берсін!
Дайындаған: Жарқынбекова Г.
С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мен ынтымағы күніне арналған іс – шараның бағдарламасы.
Бадам елді мекені