Ана тілім – арда?ым. Тілдер мерекесіне арнал?ан сынып са?аты


Тақырыбы: Ана тілім – ардағымМақсаты: Оқушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру. Өз тіліне, туған жеріне, Отанына құрмет көрсете білуге баулу.Оқушылардың «тіл», «Отан» құндылықтары туралы түсініктерді кеңейту.Міндеттері: - ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;- ана тіліне деген құштарлықты арттыру;- ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу;Көрнекілігі: Тіл туралы мақал - мәтелдер Барысы: Ұйымдастыру бөлімі
Кіріспе
«Тіл – біздің тұтастығымыз”, «Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп те айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға тиіс. Туған тілдің абыройын асқақтату — әрбір адамзаттың абзал борышы.Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отан сүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор.
Сұрақтар:- Тіл туралы заң қашан қабылданды?- Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілі қай тіл?- Біз оқулықтарымызды қай тілде оқимыз?- Конституцияда тіл туралы не делінген?
-Неліктен тілді анамен байланыстырамыз?-Қандай адам өз тілін құрметтейді?-Неліктен өз тілінде сөйлейтін адам сыйлы болады?
ГүлімТуған тілім табындырған талайды,Ел ертеңі саған ғана қарайды.Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,Ана тілім әрқашанда арайлы.Тілім бар да қазағым бар, халқым бар,Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.Кең даладай жиналмаған жан - жағы,Аңқау ашық мінезім бар аңқылдар.Ана тілі көңіліңе гүл егер,Ана тілді ғұмырым деп біле бер.Өзге тілде сөйлей білу бір өнер,Ана тілде таза сөйлеу шын өнер.
Тахир
Ана тілі біздің туған анамыз,Анамызды сыйлап, бағып - қағамыз.Ана тілін бағаласақ қалай біз,Өзіміздің солай болмақ бағамыз.Ана тілін кім бағалай білмесе,Анасынан безген ұл деп қараңыз.
Альмира
Ана тілім, дана тілі, бақ тілім,Сенсіз бақыт дүниеден тапты кімС сенсің менің тазалығым, пәктігім
Сенсің менің қасіретім, шаттығым,
Ислам
Ана тілім, дана тілі, бақ тілім,Сенсіз бақыт дүниеден тапты кімСенсің менің қасіретім, шаттығым,Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
І-кезең Мәнерлеп оқу
І-топ «Орыстар»
Алинұр
Мұқағали Мақатаев
Үш бақытым
Ең бірінші бақытым – Халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін. Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын, Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым – Тілім менің,
 Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей – кейде дүниеден түңілсем де, Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген, 
Құдай деген кім десе, Отан дер ем! ... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба? Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.
Үш бірдей бақытым бар алақанда, (Мені мұндай бақытты жаратар ма?!) Үш күн нұрын төгеді аспанымнан, Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!
ІІ-топ «Қазақтар»
Наргиза
Дихан Әбілев « Туған тілім»
Кімнен тудым?
Нәсілім кім?
Ұлтым кім?
Әлде мен бір аспанның сұр бұлтымын?
Бұлт емеспін.
Мен қазақпын,
Халықпын,
Көне күннен келе жатқан тарихпын!
Туған тілім – бабам тілі – өз тілім.
Туған тілім – анам тілі – өз тілім.
Туған тілім – далам тілі – өз тілім.
Туған тілім – адам тілі – өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар!
Туған тілім – тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
ІІІ-топ Өзбектер
Сұлтан
Несіпбек Айтов «Ана тілім»
Ана тілім, Жүрегісің анамның. Жүрек-ана, Мен өзіңнен жаралдым. Сағат сайын саулығыңды тілеймін, Сенсіз мынау керегі не ғаламның! Сенің әр бір тынысыңмен күн кешем, Сен арқылы тіршілікпен тілдесем. Ел бетіне қалай түзу қараймын, Ана тілім, Егер сені білмесем. 
ІV-топ Қырғыздар
Арайлым Бүркіт Ысқақов
Өз тілінде сөйлеп өсті сан ұрпақ
Қазақ тілі –өнеріңде шаңырақ
Қазақ тілі –өз жұлдызың көктегі,
Қазақ тілі кеудеңдегі шамшырақ
Қазақ тілі –өмірің де, өлең де,
Қазақ тілі тамыр жайған тереңде
Қазақ тілі болашаққа жетелеп
Ұрпақтары танытады әлемге
ІІ-кезең «Өнерлі өрге жүзер»
І-топ Орыстар
ӘН
ІІ-топ Қазақтар
Көрініс: «Тілдің құдіреті туралы аңыз»
ІІІ-топ Өзбектер
Ас –адамның арқауы «Палау» дайындайды
ІV-топ Қырғыздар
Би Қара жорға
ІІ-топ Қазақтар
Көрініс: «Тілдің құдіреті туралы аңыз»
Мирас Хан:
- Уәзірлерім, бұл дүниеде не өлмейді? Тахир.Уәзір:
- Уа хан ием, асқар тау өлмейді, ай мен күн өлмейді, ағын су өлмейді, қаражер өлмейді.Хан:
- Жігітке жақсы болу үшін не керек?Уәзір:
- Уа хан ием, жігітке бірінші білім керек, екініші ғылым керек, үшінші ұғымкерек, өткір тіл керек.Хан:
- Уәзірлерім, жігіттің неше жұрты болады?Уәзір:
- Хан ием, жігіттің 3 жұрты болады: ағайын жұрты, қайын жұрты, нағашыжұрты.Хан:
- Жарайсыңдар, сендердің жауаптарыңа ризамын. Енді маған тағамның еңтәттісін әкеліңдер.Уәзір:
- Құп болады,- деп ыдысқа салынған тілді әкеледі.Хан: - Мен саған тағамның тәттісін әкел дедім ғой.Уәзір: Тағамның тәттісі осы.Хан: - Солай де, ендеше, тағамның ащысын әкел.Уәзір қайтадан тілді алып келеді.Хан: - Бұл не? Мен саған тағамның тәттісін әкел дегенде тіл әкелдің. Ащысын әкелдегенде неге қайтадан тіл әкелдің? Бұл қай мазағың?Уәзір: - Мәртебелім, тілден тәтті не бар? Жақсылықтың жаршысы – тіл. Жаманшылық та осы тіл арқылы болады.Хан: Уәзірлерім, менің де сендерге айтар нақыл сөзім бар:Малым бар деп мақтанбаБоран соқса қайтесің?Басым бар деп мақтанбаАжал соқса қайтесің?Тілім бар деп мақтанбаТіл байланса қайтесің?Бағым бар деп мақтанбаСорға айналса қайтесің?Ақылдан артық хандық жоқЖомарттан артық хандық жоқ
. – деп тапқырлықтарына риза болған екен.Мұғалім- Жарайсыңдар. Қане, балалар, бұл көріністен не ұқтыңдар? ІІІ-кезеңОйын«Ұйқасын тап» Мақал-мәтелдер
І-топ Орыстар
1. Бас кеспек болса да, ….. (тіл кеспек жоқ)2. Ана сүті бой өсіреді, (ана тілі ой өсіреді).3. Тілмен байланған …( тіспен шешілмес).4. Тіл тас жарады,… ( тас жармаса бас жарады)5. Жақсы сөз… (жарым ырыс)
ІІ-топ Қазақтар6.Тіл — адам ойының … (айнасы)7. Тіл қылыштан… (өткір)8.Ойнап сөйлесең де… (ойлап сөйле)10. Тисе терекке, тимесе … (бұтаққа)11. Айтылған сөз, … оқпен тең (атылған)
ІІІ-топ Өзбектер12. Бал тамған тілден … тамар (у)13. Көп сөз — … (бос сөз)14. Көп сөз — күміс, аз сөз — … (алтын)15. Жеті жұрттың тілін біл,…(жеті түрлі ілім біл)
VI-топ Қырғыздар16.Таза сөйлеу – биік … (мәдениеттілік)17. Жақсы байқап сөйлер…(жаман шайқап сөйлер)18.Көре-көре көсем боларсың…(сөйлей-сөйлей шешен боларсың)
19. Өнер алды -.......(қызыл тіл)
20 1. Ақыл көркі - тіл, тілдің көркі – .....(сөз.)
ІV-кезең4-топ Постер қорғайды
1-топ «Өлең» шығарады
2топ «Тіл» туралы Эссе
3-топ Сурет салады
4-Ән айтады:
«Анамның тілі - аяулы үні»
Қорытынды сөз.- Ана тілін дұрыс білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам атануға болмайды. Сондықтан да әрқашан өз тілімізді, ана тілімізді, қазақ тілін құрметтеп, ардақтап әрбір сөз мағынасына тереңірек үңіліп, сөз қадірін ұғына білуге үйренейік.