Т?уелсіз ?аза?стан-25 жыл т?рбие са?аты


Тәуелсіз Қазақстан -25 жыл

1. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, соның ішінде Қайрат Рысқұлбековтың өмірін, ерлігі жайында түсіндіру, балаларға желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беру.
2.Балаларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Тәуелсіз ел болғанымызға 25 жыл толғанын балаларға түсіндіру.
КӨРНЕКІЛІКТЕР:Суреттер,плакат, нақыл сөздер
Қазақстан әнұраны орындалады
Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар мен балалар халқымыз үшін ең қасиетті де қастерлі тәуелсіздікке жетіп, ақ түйенің қарны жарылған аса айтулы қуанышты күнімізге 25 жыл толып отыр .
Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын-қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын.
Бүгінгі ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.
Қазақстан жоғары Кеңесі 1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Екі жүз жылдай патшалық Рессейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес үкіметінің бұғауында болған Қазақстан егенмен ел болды.Міне,егемен ел атанғанымызға 25 жыл.
Бұл күн-Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкіл халықтық мереке.
Құттықтау сөз кезегін мектеп директоры: Рашат Нұрланға беріледі.
— Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?
— Қазақстан Республикасында.
— Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?
— Елтаңба, Ту, Әнұран.
— Біздің елбасымыз кім?
— Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші: Балалардың тәуелсіз күніне арналған тақпақтарын тыңдаймыз.
Ұлту: 25 жылдық тәуелсіздік
еліміздін тірегі
тәуелсіздік деп соғады
бар қазақтың жүрегі.

Ермұқан: Күн тұрғанда тұратын
Жұртым сайран құратын
Қала болсын Астана
Осы менің тілегім.

Нұрғали: Халқым – менің тірегім, Құрбан жаным, жүрегім! Атымыз озсын бәйгеде, Осы – менің тілегім.
Айтолқын:Тәуелсіздік-елдің күткен арманы,
Құтты қадам ғасырларға алдағы
Қазақ елін бүкіл әлем таныған,
Осы емеспа басына бас қоңғаны.
Гүлназ: Желбірейді шалықтап
Қазақстан жалауы
Көкте қыран қалықтап
Қанат қағып барады.
Серікболсын: Айнымайтын аспаннан
біздін тудын жалауы
оны халық қашанда
биікке іліп қояды.
Нұрсауле:Тәуелсіздік мәнгілікке сақталсын
Алдымыздан барлық үміт сақталсын
Тату-тәтті тірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жасасын.
Тәрбиеші: Канекей балалар біздің туда не бейнеленген?
Иа куннин суреті ендеше осы күніміз арқашан ашық болсын -деп күнімізді екі топқа бөлініп құрастырамыз.
Тәрбиеші: Қазақстан өз тәуелсіздігіне ұзақ та, қиын-қыстау күрес жолдарынан өту арқылы қол жеткізді. Осы күресте 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының алатын орыны ерекше. Ол қазақтың қаншалықты қажыр-қайратты, төзімділігі бар екенін көрсетті.
Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,
Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсам деп талпындың.
Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысды жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.
Жанібекқызы Айтолқынның орындауында « Балабақша әні »
Би «Жігіттер».
Ән «Мен ауылға барамын» орындайтын Еркінбайқызы Нұрсауле.
Би «Ляля»
Тәрбиеші: Қара мынау ғажапқа,
Теңдік тиді қазаққа.
Езгідегі ұрпағың,
Енді айналмас мазаққа.
Өзіңдікі елің де,
Өзіңдікі жерің де.
Өзіңді өзің еткен бақ,
Тәуелсіздік төріңде.
Қанекей балалар біз отанымызды қалай сүйетінімізді айтайықшы.
Балалар:Отан, отан
Бәрінен биік екен,
Мен өзінді мәнгілікке сүйіп өтем.
Тәрбиеші: Мінеки құрметті көрермендер ” Тәуелсіз Қазақстан 25 жыл атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті.
Қазақ халқы мұндай қасіретке жолықпасын дей отырып, өздеріңізбен қоштасамыз.

«Бекітемін»
Мектеп директоры ------------
Рашат Н.
«----» ----------2016 ж.

Тәуелсіз Қазақстан -25 жыл
2016-2017 оқу жылы
Тәрбиеші: Каядарь О.