Ашы? саба? Волейбол.Волейбол ойыныны? жалпы ережелері 6 сынып
№ 4 Күршім орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Қайсанов Дархан Базарбекович
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды волейбол ойынына қызықтыру.
Оқушыларды топтық, жолдастық және ұжымдық сезімдерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: оқыту сабағы.
Өтетін орны: спорт зал
Сынып: 6
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: волейбол доптары, сетка, ысқырық, кадоскоп, слайдтар.
р/с Сабақтың мазмұны уақыты Әдістемелік нұсқаулар
І. Дайындықбөлімі 10-15 мин
1 Сапқа тұру, рапорт беру 1’-2’
2 Сабақтың мақсатын түсіндіру 1’ Сабақтың мақсатын түсінікті етіп баяндау, техника қауіпсіздік ережесімен таныстыру.
3 Залды айналып жүргенде бір лектен екі,үш,төрт лекке кайта сапка тұру. 1’ Жаттығулар саптық жарлығының талабына сәйкес өткізеді.
4 а) Қолды белге қойып аяқтың ұшымен
ә) Қолды желкеге аяқтың өкшесімен жүруб) Қолды белге аяқтың сыртымен жүру
в) Қолды белге аяқтың ішімен жүру
г) Қолды белге жартылай отырып, толық отырып жүру. 2’-3’ Денені, түзу ұстап, басты көтере, белді түзу ұстап жүру.
5 Жүгіру жаттығулары
а) Қолды созып, тізені жоғары көтере
ә) Қолды жамбасқа қойып, аяқты артқа серпе
б) Сол иықтан алға қарап 2’-3’ Еркін демалып, бір қалыпта жүгіру
Тек сол иықпен қарап алға жүгіру.
Әрбір жаттығуда талапқа сай әдемілеп орындау.
6 Қозғалыстағы жаттығулар
а) Сол қол жоғарыда, оң қол төменде, қолдарды серпиартқа. 1-2 сол қол жоғарыда, 3-4 оң қол
ә) Б.Қ. қол иықта 1-2 қолды алдыға айналдырамыз, 3-4 қолды артқа айналдырамызб) Б.Қ. саусақтарды айқастырамыз 1-2 алдыға айналдырамыз, 3-4 артқа айналдырамыз.
в) Б.Қ. қол кеудеде 1-2 бүгілген қол артта,3-4 ашылған қол артқа серпе қозғау 8-10р
6-8 р6-8 р8-10 рДенені түзу ұстап, қолды иықтың деңгейінде ұстау
7 Орында орындалатын жаттығулар
а) Б.Қ. қол алда, аяқ иық деңгейінде1-4 қолды қайшылау
ә) Б.Қ.қол желкеде 1- кеудені солға бұру, 2-кеудені оңға бұру. 3-4 қайталау.
б) Б.Қ. қол алда, аяқ иық деңгейінде 1-отыру, 2- Б.Қ. 3-4 қайталау.
в) Б.Қ. қол белде, аяқ иық деңгейінде 1-2 белді солға айналдыру, 3-4 белді оңға айналдыруг) Орында секіру6-8 р6-8 р6-8 р6-8 р0,5′ Басты жоғары көтеріп денені түзу ұстау
ІІ. Негізгі бөлім 25-30 мин .Техникалық құрал-жабдықтар пайдалану «кадоскоп».
Допты жоғарыдан және төменнен екі қолмен қабылдауды меңгерту.
1 Оқушылар бір-біріне бетпе-бет қарама - қарсы қашықтық 6-7 м, допты жоғары лақтырып, қайтадан қабылдап, арықарай қарсыласына көтеріп беру. 10-12 рЖаттығулардың дұрыс орындалуына назар аударамыз, допты лақтыру және қабылдау тәсілдері слайдтармен көрсетіледі.
2 Бір оқушы допты жоғары көтеріп, қарама-қарсы құрбысына береді. Құрбысы допты қолын көтеріп қабылдап, қайта береді. Арақашықтық 7-8м. 10-12 рДопты қарсыласының қолына дәл беру слайдтармен көрсетіледі
3 Оқушы допты еденге ұрып құрбысына береді, құрбысы допты жоғарыдан қабылдап, ұстап қайта еденмен береді. 12-14 рДопты еденге ұрып, құрбысына тура беру слайдтармен көрсетіледі
Доптытөменненқабылдаудымеңгерту
4 Ойыншының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын үйрету 2′-3′ Қол түзу тізені бүге сол немесе оң аяқты жарты қадам алға слайдтармен көрсетіледі
5 Бір оқушы құрбысының қолына береді, ол допты төменнен екі қолмен қабылдап, қайта береді. 10-12 рДопты дұрыс қабылдауын қадағалау.
6 Арақашықтық 8-10 м оқушылар қарама-қарсы тұрып, бірінші номерлі оқушылар допты жоғарыдан қабылдап, екінші номерлі оқушылар допты төменнен қабылдау. 10-12 рЖоғарыдан және төменнен қабылдауды слайдтармен көрсетіледі
7 Ережемен волейбол ойнау10’-12′
ІІІ Қорытынды бөлім 4-5 мин
1 Спорт залда жай жүгіру, сапқа тұру. 1′
2 Өткен сабаққа қорытынды жасап, оқушыларды бағалау. 2’
3 Үйге тапсырма. Үйде доппен жаттығулар жасау. Ұлдар тартылу 8-10 рет, қыздар дене көтеру 25-30 рет. 1’
4 Оқушылардың сұрақтарын тыңдап, жауап беру. 1’