Та?ырып: Кестелер. Кестелер ??ру. Кестелерді редакциялау.


Сабақтың тақырыбы: Кестелер. Кестер құру.Кестелерді редакциялау

Сабақтың мақсаты:білімділік: оқушыларға кестелермен және мәтіндік процессор құралдары арқылы оларды құрудың ережелерімен таныстыру;тәрбиелік: оқушыларды техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға, берілген тапсырманы уақытында орындауға, жылдамдыққа, жүйелікке тәрбиелеу;дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін, оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың типі: жаңа оқу материалын игертуСабақтың түрі: аралас сабақӘдіс-тәсілдері: практикум элементтерінің көмегімен демонстарциялау, баяндау арқылы түсіндіруСабақтың көрнекілігі: дербес компьютер, таратпа, деңгейлік тапсырмаларСабақтың барысы: І ҰйымдастыруІІ Үй тапсырмасын тексеруТест сұрақтарыІІІ Үй тапсырмасын қорытуІV Жаңа сабақ
Оқушыларды 3 топқа бөлу:Тапсырмалармен таныстыру. Электронды оқулық СинКаз 8-сынып «Кесте құру» тақырыбын оқу. Тапсырмаларды өз бетімен орындап шығу Назар аударамыз!1. Кесте құру;2. Кестенің жолы мен бағанының ұзындығын және енін өзгерту;3. Кесте ұяшығындағы абзацтың параметрлерін орнату;4. Кестенің жолын/бағанын қою;5. Кестенің жолын/бағанын жою;6. Кесте ұяшықтарын біріктіру/бөлу;7. Кесте ұяшықтарын форматтау.
1 топ: Жолбастаушы парағы:1. Кесте құру жолдары;2. Кесте ұяшығындағы абзацтың параметрлерін орнату;3. Тапсырмаларды орындап шығуWord мәтіндік процессорында кестелерді екі түрлі әдіспен: меню жолындағы Таблица командасының көмегімен және аспаптар панеліндегі Вставить таблицу батырмасын пайдаланып құруға болады. Меню жолынан Таблица - Вставить - Таблица командасын орындасақ экранда Вставка таблицы диалогтік терезесі шығады. Число столбцов опциясының өрісіне кесте бағандарының саны енгізіледі.Число строк опциясының өрісіне кесте жолдарының саны енгізіледі. Кейін Таблица – Вставить – Строки командасын орындап, жол санын көбейтуге болады.Ширина столбца өрісінде үнсіз келісім бойынша орнатылған авто параметрін қалдыруға болады, не бағандардың ені бірдей өзгереді. 2 -топ Жолбастаушы парағы:1. Кестенің жолын/бағанын қою;2. Кестенің жолын/бағанын жою;3. Тапсырмаларды орындап шығу4. Ұяшықтарды қосу, өшіру Кей жағдайларда дайын кестеге баған, жол немесе жекелеген ұяшықтарды қосуға туады. Ұяшық немесе ұяшықтар тобын қосу үшін, алдымен жанына жаңа ұяшық немесе ұяшықтар тобы орналасатын ұяшықты белгілейміз. Содан кейін Таблица – Вставить – Ячейки командасын орындаймыз. Добавление ячеек диалогтік терезесінде жаңа жол, баған қосу немесе ұяшықтарды жылжыту керек екенін көрсетуге болады. Кестенің жолын, бағанын немесе ұяшығын өшіру үшін, ең алдымен ұяшықтарды ерекшелеп, содан кейін Таблица – Удалить – Ячейки командасын орындаймыз, Удаление ячеек диалогтік терезесінде ұяшықтың солға, жоғары ығысуы және жол немесе баған өшірілуі көрсетіледі. 3-топ Жолбастаушы парағы:1. Кесте ұяшықтарын біріктіру/бөлу;2. Кесте ұяшықтарын форматтау;3. Тапсырмаларды орындап шығу Кестелер тақырыбын құру, ұяшықтарды біріктіру және бөлу. Бір қатарда бір-біріне жақын орналасқан бірнеше торларды біріктіру үшін келесі әрекеттер орындалады:- біріктіретін ұяшықтарды белгілеп алу керек;- Кесте ұяшықтарын біріктіру командасын орындау қажет. Таблица – Объединить ячейки командасын орындаймыз. Түсіну сатысы Жаңа сабақты түсіну үшін «ақпараттық диктант» орындаймыз.1. Кестені даярлау үшін... (Кесте - Кесте қосу)2. Ұяшықтарды біріктіру үшін... (Кесте – Біріктіру)3. Кесте құру батырмасы қай қатарда орналасқан? (Стандартты)4. Ұяшық дегеніміз не?... (Баған мен қатардың қиылысуы)5. Кестеге жақтау орналастыру үшін... (Формат - Шекара және Құю – Шекара)6. Жаңа жол қосу үшін қолданатын перне... (Tab)7. Ұяшықтарды бөлу командасы... (Бөлу)8. Жолдарды кірістіру... ( Кесте - Кірістіру - Жол қосу) Сергіту сәті 3-топқа Тұрады ол жолдармен бағандардан,Және тұрар ұяшықтар ағымынан.Қане ойланып көрейік ол не екен,Баған менен жолдарды қиылыстырған. (Кесте)Кестенің бір негізгі элементі,Көлденең ұяшық құру қызметі.Ұяшық емес, баған емес ол не екен?Кестенің негізгі болған қызметі. (Жол)Тіктөртбұрышқа ұқсайды,Елемей кетуге болмайды.Бағанменен жолдардың қиылысы,Кестеде қай элементті құрайды. (Ұяшық) V Жаңа сабақты түсінгенін тексеру VІ Жаңа сабақты қорыту Электрондық оқулық СИН-каз бен жұмыс істеу. Тест алу Білімдерін бағалау кезеңі Үйге тапсырма беру
Кестелер. Кестелер құру. Кестелерді редакциялау. Информатика пәні мұғалімі: Құлмырзаева Б