Информатика саба?ынан саба? жоспары ?адамдап б?лу (10 сынып)


Сабақ жоспары «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
__________________________
Пән аты: Информатика
Күні: 13.01.2016ж
Cынып: 10 «Ә»
Сабақтың тақырыбы: Қадамдап бөлу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Visual Basic ортасымен жұмыс істегенде кездесетін қателер жұмыс жасауға үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың Visual Basic ортасымен жұмыс жасау дағдыларын одан әрі дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды жинақылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесіп, сыныптың тазалығына назар аудару, қауіпсіздік ережесіне сай сырт кейіпі мен заттарының орнында болуын қадағалау;
Оқушыларды түгендеп, журналға белгі қою;
Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың барысымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Интерфейс дегеніміз не?
Arrange әдісі
Пішін не үшін қажет?
ІІІ. Жаңа сабақ
Visual Basic тілі үлкен және кіші күрделі процедуралары бар жоба құрғанда қатесіз болуы мүмкін емес. Сондықтан Visual Basic тілі қадам арқылы қатені тексеру тәсілін ұсынады. Қатені іздеу 4 кезеңнен тұрады:
Ақиқатты қателікке тексеру
Қатені іздеу
Қатенің себебін іздеу
Қатені түзету
Программада қатенің 2 түрі болады: синтаксистік және логикалық (программаны орындау кезіндегі қате).
Қарапайым программалардың қатесін қадамдап бөлу арқылы тексеруге болады. Ол үшін қатені іздеу жобасын пайдаланамыз. Visual Basic ортасында қатені іздеу құралдары Debug мәзірінде жинақталған. View мәзіріндегі Toolbars бұйрығын пайдалану арқылы шығарып алуға болады.
Debug мәзірі батырмаларының қасиеттері
Start/Continue Программаны іске қосады
Break Программаны кез келген жерден үзеді
End Программаның орындалуын тоқтатады
Toggle Breakpoint Кодтың ағымдағы жолында тоқтату нүктесін қою/ алып тастау
Srep into Процедураға кіргеннен кейін қадамдық әдіспен тексеру
Step Over Процедураға кірмей қадамдық әдіспен тексеру
Locals Window Айнымалылар мәнін тексеру үшін терезенің ашылуы
Immediate Window Мәндерді енгізу және бұйрықтың орындалуы үшін терезенің ашылуы
Watch Window Өрнекті көру үшін терезенің ашылуы
Quick Watch Программаның тоқтаған жерінен бастап өрнекті және мәндерді көру үшін терезенің ашылуы
IV. Сабақты бекіту
Қатенің неше түрі бар?
Quick Watch қызметін атаңыз
Қатені іздеу неше кезеңнен тұрады және қандай кезеңдер?
V. Бағалау
VI. Үй тапсырмасы