Саба? жоспары Кестелер, кестелер ??ру, кестелерді редакциялау


Күні 10.02.17Сыныбы 6 А
Сабақтың тақырыбы: Кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Word мәтіндік редакторында кесте құру түрлері, оны өңдеу және форматтау бойынша білім-біліктілік қалыптастыру.
Дамытушылық: Кестемен жұмыс жасаудың мүмкіндіктерін игерте отырып практикада кеңінен қолдануға және ақпараттық –технологиялық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өз ойларын ,пікірлерін тұжырымды түрде қорғай білуге , сыпайы қарым-қатынас жасауға, ұжымдық-топтық сезімді ояту, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, кеспе парақтар, дербес компьютер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару. Қауіпсіздік ережесін айту.
Экран мен көз ара қашықтығы қанша болу керек?
Компьютермен жұмыс істеу кезінде қалай отыру керек?
Компьютермен жұмыс істеу кезінде қалай отыру керек?
Компьютермен жұмысты бастамас бұрын нелерді тексеріп алу керек?
Компьютерден ақау шыққан жағдайда не істеу керек?
II. Үй тапсырмасын сұрау (Кубизм әдісі арқылы)
MS Word редакторын іске қосу жолы. Пуск – Все программы – Microsoft Office – Microsoft Word
Құжатты сақтау командасы. Файл – Сохранить как.. (Сақтау)
Мәтінді редакциялау деген не? Өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру, құжаттың мазмұнын түзету
MS Word-та абзац қай пернені басумен аяқталады? <Enter> пернесі
Жаңа құжат құру командасы Файл – Создать (Құру)
III. Жаңа сабақ
Кестелер, кестелер құру. Кестелерді редакциялау.
Біз кесте ұғымымен бұрыннан таныспыз. Мысалы сендер қандай кесте түрлерін білесіңдер?Біздің өмірімізде мәтінді безендіру немесе құжатты кесте түрінде даярлау жиі кездеседі. Оларға: мектеп журналдары, үлгерім табелі және сіздердің күнделік парақтарың т.б. MS Word мәтіндік редакторында кесте құруды жеңілдетеді.
Олай болса, бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазамыз.
Кестелер. Кестелерді құру.
Кесте – бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды. Ұяшыққа бірнеше жол немесе абзацтар, сонымен қатар суреттер, т.б. заттар да орналасуы мүмкін.
Кесте құрудың үш әдісі бар:
1-әдіс.Мәзір жолы:Кесте ҚоюКесте
2-әдіс. Стандартты тақтадағы кесте қою белгісі
3-әдіс. Мәзір жолы: КестеКесте сызу
Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру. Ұяшық немесе ұяшықтар тобын қосу үшін, алдына жанына жаңа ұяшық немесе ұяшықтар тобы орналасатын ұяшықты белгілеңдер.
Содан кейін Таблица → Добавить ячейки командасын орындаңдар. Добавление ячеек диалокты терезесінде жаңа ұяшық қосылғаннан кейін не істейтінін: жол, баған қосу, ұяшықтарды жылжыту керек екенін көрсетіндер. Дайын кестеге жеке ұяшықтарды қосу іс жұзінде қолданылмайды.
Ұяшықтарды біріктіру үшін: Біріктіру қажет ұяшықтарды белгілеп алып:
Контекстік менюден Объединить ячейки командасын орындаймыз.
Макет- Объединить ячейки
Ұяшықтарды бөліктерге бөлу үшін: Бөлу керек ұяшыққа маусты орналастырып:
Контекстік менюден Разбить ячейки командасын орындаймыз.
Қатар немесе бағандарды өшіру үшін: Өшіру керек қатар немесе бағанды белгілеп алып:
Конт менюден-Удалить строки немесе Удалить столбцы
IV. Практикалық жұмыс
Деңгейлік тапсырмалар
І. Міндетті деңгей
Меню көмегімен Кесте > Кесте қосу командасын орындау арқылы кесте құрыңыз.
«Менің сабақ кестем» тақырыбын туралау.
7 баған, 7 жолдан тұратын кесте құр.
Конструктор/ Стили таблици пішімін пайдаланып, кестені безендір.
«Менің сабақ кестем»
р/с Дүйсенбі СейсенбіСәрсенбі БейсенбіЖұма Сенбі1            
2            
3            
4            
5            
6            
 Кім өзінің сабақ кестесін жатқа білмейді, күнделігінен қарап жазуға болады.
 ІІ. Лайықты деңгей  
Саймандар қатарындағы Вставка(Кесте қосу)мәзірінен Таблица(Кесте) батырмасын шерту арқылы кесте құрыңыз.
3 оқушы туралы мәліметпен кестені толықтыру.
Кестеге Конструктор> Шекаралар және құюкомандасыарқылы жиектеу орналастырОқушы туралы мәліметР/с Оқушының аты-жөні Туған жылыМекен-жайыТелефоны
1        
2        
3        
 ІІІ. Жоғары деңгей 
Кестені қолдан сызып шығу арқылы (Конструктор>Цвет пера) командасын орындау арқылы сызықтың типі мен түсін таңдап кесте құрыңыз.
Кестенің ішін мәтіндермен толтырыңызКестені белгілеу – Макет>Направление текста/Мәтін бағыты/ командасы арқылы 1-ші бағандағы текстінің тігінен жаз.
1-ші жолдағы мәліметтерді ортаға туралап, қарайтылған (Ж), қисайтылған (К) түрде жаз.
                                        
«Менің күнделігім»
Күні№ Пәндер Үйге тапсырмабағасы
28.01.16 1 Тарих    
2 География    
3 Математика    
4 Информатика Кестемен жұмыс5
     
V. Сергіту сәті
Жұмбақ шешу
Тұрады ол жолдармен бағандардан,Және тұрар ұяшықтар ағымынанКәне ойланып көрейік ол не екен?Баған менен жолдарды қиылыстырғанКесте Таблица Кестенің бір негізгі элементі Көлденең ұяшық құру қызметіҰяшық емес, баған емес ол не екен?Кестенің негізгі болған қызметіЖол СтрокаТіктөртбұрышқа ұқсайды,Елемей кетуге болмайды,Баған менен жолдардың қиылысыКестеде қай элементті құрайды?Ұяшық Ячейка
VI. Жаңа сабақты бекіту. “Кім жүйрік?”
1. Кесте дегеніміз не?
2.Ұяшық дегеніміз не?
3.Кестелер неден тұрады?
4.Баған, жол сөздерінің орысша аудармасы?
5.  Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру. 
6.  Кестедегі сызықтар мен бояулар қалай жасалады?
VII. Үйге тапсырма беру
Кестелер
Кесте толтыруға мәлімет дайындау. / отбасылық, сынып т,б/
IX. Білімдерін бағалау