Экзаменационный материал по казахскому языку. (8 класс)
Мен елімді сүйемін
Туған жердің көгілдір аспаны кеудең секілді. Сол аспанның төсінде түнде жарқырап тұрған жұлдыздар сенің көзің секілді. Сен сол туған жердің жарық күнімен тыныстайсың.
Туған жерсіз адамның күні жоқ. Алыс кетсең, туған жерің түсіңе енеді. Туған ел мағынасы тереңде жатыр. Балғын балалық шақ! Сәуірде бүршік атқан, қылқиып күн көзіне көрінген балауса көк шөп. Өзен үстінде үйірілеп ұшқан шағала! Кемеріне жайлап соққан көгілдір көл. Күннің қызғылт шапағына бөленген үйлер - осының бәрі тұтас тұрған туған ел! Ал енді ананың бесікте жатқанда айтқан әлдиі, әженің тамылжыта төккен тамаша ертегілері, туғандарыңның мейірбанды күлкілері- осының бәрі туған еліңнің керемет сипаттары! (95 сөз)
Сөздік: төсінде, қылқиып, мейірбанды, күлкілері
Мамлют №1 мектеп-гимназиясы
Қазақ тілінен емтихан материалы (диктант)
8 «А» - сынып
Мұғалімі:Көлбаева Т.Д.