Мен ж?не мені? маманды?ым(эссе)


Алматы қаласы Әуезов ауданы
№104 жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы
Құрманжанова Айжан Ізбасарқызы
Мен және менің мамандығым(эссе)
   Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Болашақта үлкен мамандық иесі болатынын армандамайтын бала болмайды.. Осы бір сұрақ өмірге келіп, сана-сезімі жетілген әрбір адамды толғандырары сөзсіз. Бір кездері мен де осы бір сұрақтың жетегінде көп ойланып, қиялдап, өзім қалайтын, өзім сүйіп айналысатын істі таңдау жетегінде жүрдім. Ақырында осы бір сұрақтың жауабында таптым. Осы сұрақтың жауабы психолог еді .Психология мамандығы дегенде маған әлем кеңістігі елестейді. Осы ғаламшарда тоғыз планета ,жұлдыздар аспан денелері  күн жүйесінен жылу ала отырып, өз   жолымен   айналып жүреді. «Күн», ол – психолог, психолог – өз тарапынан көмек күтетін, ақыл – кеңес алатын, ішкі жан  дүниесін ұғатын мұқтаж   адамдарға   қол   ұшын   беретін   жан. Білекке сенер заманда – ешкімге есе бермедік, Білімге сенер заманда – қапы қалып жүрмелік» дегендей, XXI ғасыр - психологтар ғасыры. Жақсы психолог болу үшін не қажет? Ең алдымен терең білім, еңбек, дәлдік, ұқыптылық, бастамашылдық, қойған мақсатына жетуге деген өз күшіне сенімділік. Бұл қасиеттер кез-келген мамандық иесіне тән емес пе? Әрине солай. Ал, психолог мамандығы бұдан да гөрі зор  қасиеттерді талап ететінін еңбек ету барысында сезініп, білудемін. Ең маңызды қасиет ол мәселені шығармашылықпен шешетін терең интуицияның болуы. Сондықтан мен өз мамандығымның қоғамға қажеттілігін сезіне отырып, ерекше жақсы көремін және де мықты психолог  болу үшін барлық күш–жігерімді сарп етуге әзірмін.