Анимация ж?не т?саукесерді? к?рсетілуі


Сабақтың тақырыбы: Анимация және тұсаукесердің көрсетілуі
Сабақтың мақсаты:
анимациялық баптауларды үйрету
оқушыларды слайдтарды көрсету тәртібімен,оларды баптаумен таныстыру.
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік қолдану, тәжірибелік әдіс
Өтілетін орны: информатика сыныбы
Оқушылар білуі тиіс: анимация және слайдтарды ауыстыру тәртібін баптауды;тұсаукесерді қалай көрсетуді.
Оқушылар үйренуі тиіс: анимация мүмкіндігін пайдалана отырып,көрсету үшін материалдарын дайындауды;тұсаукесер көрсетуді.
Алдын ала дайындық
MS PowerPoint редакторы экранынан оқушылар санына сәйкес негізгі элементтер атауын басып шығару.
Сабақтың барысы
I Ұйымдастыру кезеңі
II Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
III Оқушылардың білімдерін тексеру
Үй тапсырмасын тексеру мақсатында жазбаша жұмыс орындалады.
Тапсырма
Батырма, құрал-саймандар панелі арасындағы ұқсастықтар мен олардың сипаттамасын көрсетіңдер
1 Мәтін бағыты
2 Ұяшықтарды бөлу
3 Сол жақты түзеу
4 Ұяшықтар алаңы
5 Жою
6 Ұяшықтарды біріктіру
7 Төменгі шетін түзеу
IV Білімді өзектендіру
Оқушылар сұрақтарға жауап береді:
• Компьютерлік графика деген не?
• PowerPoint тұсаукесер редакторын қалай қосуға болады?
•Тұсаукесер редакторының негізгі элементтерін атаңдар?
• Тұсаукесрдің жаңа слайды қалай жасалады?
• Сладты безендіру макетін қалай таңдайды?
• Слайд дизайні туралы айтыңдар.
• Редакциялау үшін жасалған тұсаукесерді қалай ашуға болады?
•Графикалық бейнелеуге тұсаукесерді қалай қоюға болады?
• PowerPoint тұсаукесер редакторының тағы қандай мүмкіндіктері бар?
V Жаңа материалды оқып-үйрену
Анимацияларды баптау
Слайдтарды ауыстыру тәртібін баптау
Басқару батырмалары.
Оқушылардың өткен сабақтардан алған біліміне сүйене отырып, мұғалім тұсаукесерді әртүрлі тәртіпте көрсетуге болатын мүмкіндіктер туралы ойға жетелейді. Осыдан кейін Көретілімді баптау диалогтік терезесін қолдана отырып, қажет тәртіпті баптауды көрсетеді. Бұдан басқа Дайындық панеліне міндетті түрде тоқталу керек.
VI Тәжірибелік тапсырмалар орындау
Тәжірибелік жұмыс екі тапсырмадан тұрады. Бірінші тапсырма анимациямен жұмыс дағдысын бекітугеарналған. Ол үшін алдын ала файлдар дайындалады:
А деңгейі-сайқымазақ, доп;
В деңгейі-ұшақ,аспан;
Сдеңгейі-ағаш, алма. Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылар өз беттерімен ғаламтор желісінен материалдар дайындайды.
Оқушылар басқару батырмаларын қоса отырып, жобамен жұмысты аяқтайды.тұсаукесерді көрсетуге баптайды.Оқулық тақырыбының талаптарына сәйкес тәжірибелік жұмыс тапсырмаларын орындайды.Осы кезеңде оқушылардың жобамен жұмысы аяқталуы керек.
VII Қорытынды
VIIІ Үй тапсырмасы
Оқулықтың §30-ын түсініп оқу, сұрақтарына жауап беріп,тапсырмалар орындау.