Конспект классного часа Бірлігі бекем ?аза?станны? е?сесі биік!


Сабақтың тақырыбы: Бірлігі бекем Қазақстанның еңсесі биік!Сабақтың мақсаты:Білімділік: Тәуелсіздік ұғымын терең ұғындыру, оқушылардың бойына Отанына, еліне деген сүйіспеншілік пен бірлік ұғымдарын терең сіңіру. Мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, іскер азамат қалыптастыру.Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу дағдыларын, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру.Тәрбиелік: Балалардың жеке басындағы патриоттық сезімді, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, ынтымағы, бірлігі жараса шалқыған елдің, көптеген ұлт пен ұлыстарға алтын бесік болған мемелкетінің ұланы екендігін мақтанышпен сезіне білуге тәрбиелеу.Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, интерактивті тақта, доп, түрлі түсті қағаздар. т. б.Сабақтың әдісі:Ой қозғау стратегиясы,«Кубизм» стратегиясы топтастыру,сұрақ-жауап т.б.Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру.ІІ. Қызығушылықты ояту.ІІІ. Мағынаны тану.ІV. Сұрақ - жауап сайысы.V. Мақал - мәтелдер.VI. Қорытынды.ІІ КЕЗЕҢ. Қызығушылықты ояту.Әдісі: Ой қозғау стратегиясыМұғалім: Мен мына кішкентай ғана допқа қарап отырып біздің жерімізді, өмір сүретін мекенімізді көз алдыма елестетіп отырмын. Байқайсыңдар ма, доп та жер шарына ұқсас дөңгелек.Егер барлық әлем сенің алақаныңда тұр деп есептесек, сенде үлкен күш пайда болса нені өзгертер едің?(Оқушылардың қолына допты беріп, жағалай пікірлерін сұрау.)Оқушы: Әлемде татулықтың болғанын қалар едім, Отанын құмет тұтуын, адамдар бір - бірімен дос болғанын, түсінгенін. Тыныштық, бірлік, бейбітшілік болса, әрбір ел тәуелсіз, егеменді болса деймін.(Оқушылардың пікірі арқылы тақырыпқа шығу.)Мұғалім: Көрдіңіздер ме, жұмыр жерді мекендейтін әрбір тірі жанның, тіршілік иесінің арманы тыныштық, бейбітшілік, егемендік, тәуелсіздік екен.Бүгінгі біздің қозғайтын әңгімеміз ел тыныштығы, бірлігі, тәуелсіздігі туралы болмақ. Сабағымызда тәуелсіздік ұғымының мағынасын терең ашып, жер бетін мекендейтін тіршіліктің өмір сүруі үшін азаттық, бірлік, егемендіктің ролі мен оны сақтаудың маңыздылығын әңгімелейтін боламыз.Тәуелсіздік! Қасиетті де құдіретті ұғымның тереңіне зер салып, ой жіберсек, бұл тәтті сөздің тұңғиығында ата - бабамыздың ғасырлар бойғы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпаққа қалдырған аманаты жатыр. Ұлы даланың перзенті қалың қазақтың азаттық мұратындағы қасиетті күрестері, тағдыры алға тартқан талай тар жол тайғақ кешулері жатыр.Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы 1991 жылдың 16 желтоқсаны күні жүзеге асты. Дүниеге жаңа мемлекет - Тәуелсіз Қазақстан келді.Слайд шоу: «Қазақстанның 22 жылдағы жетістіктері»ІІІ. Мағынаны тану: «Кубизм» стратегиясы1. Анықтау; («Отан» сөзінің ұғымын кеңірек ашу)2. Қазақстан-2050 (Бейнебаян)3. Біз тәуелсіз ел жастары (Презентация)4. Арнау: (Тәуелсіздікке байланысты өлең - жыр т. б тарту әзірлеу)Мұғалім: (Әдісі: Ассоциация)1.«Отан» сөзін естігенде көз алдыңызға не елестейді? «Отан» сөзімен қатар тұратын ұғымдарды күн сәулесі тәрізді етіп орналастырыңыздар.Отан туралы ой - пікірлерің. «Отан» деген сөз мағынасын ашу, алғашқы ойларын білдіреді.Отан дегеніміз – әр адамның туып өскен жері, туған туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Отан – белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін, жанын пида қылып келе жатқан байтақ өңір, өлке ғана емес, туған шаңырағы, ата - ана, бала - шағасы, жар қосағы, дос - жаран, ағайын - туысы, солармен бірге жалғаннан көретін қызығы мен бақытының тұрағы, кейін ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы.2. «Қазақстан 2050» атты видеоролик көрсетіледі.Мұғалім әр топқа «Бала», «Ана», «Білім», «Денсаулық» сөздерін іледі. Осы сөздерді: «Қазақстан - 2050» стратегиясымен байланыстырып өз ойларын ортаға салады.1 - ші топ:Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы – балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу - болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды.2 - ші топ:Отағасының серігі отанасы демекші Елбасы Жолдауында әлеуметтегі әйел адамның рөлі, оның келешегі жөнінде айтылған. Әйел адам ең алдымен - ана. Ал ана - отбасы, мемлекет шамшырағы. Қыз баланы – ұлттық дәстүрде тәрбиелеп, құрметтеу керектігін, оны зорлық – зомбылықтан сақтау, заманға сай білім алып, кейін қызмет етуіне құқылы екендігі айтылған. Баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға көмек көрсету, олар үшін икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызу перспективасы қуантады.3 - ші топ:Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.4 - ші топ:Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы – Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз.3. Біз тәуелсіз ел жастары (Презентация)
4. Арнау: (Тәуелсіздікке байланысты өлең - жыр т. б тарту әзірлеу)ІV. Сұрақ - жауап сайысы1. Қазақстан қандай ел?2. Қазақстанның қанша халқы бар?3. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері өмір сүреді?4. Қазақстан қай құрлықта орналасқан?5. Қазақстанның жергілікті халқы қай тілде сөйлеседі?6. Қазақстанның ұлттық валютасы не, қай жылы шықты?V. Мақал - мәтелдер.(Оқушылардан ел, отан, бірлік, татулық туралы мақал - мәтел айтқызу)VI. Қорытынды:«Жүректен жүрекке» тренингі.Мұғалім:(Оқушылардың қолына майшам беріледі.) От - жылулықтың рәмізі. Тәуелсіз, азат, бейбіт еліміздің болашағына және бір - біріне қандай тілек тілеңіздер. (Оқушылар өздері бір - біріне тілектерін айтып шығады)Мұғалім: Қазақстан тәуелсіздік таңы атқаннан бастап тең құқықтықтан, достықтан және келісімнен құралған барлық елдің бірлігін, өз дамуының негізі ретінде белгіледі. Елбасымыз айтқандай: «Біздің ортақ Отанымыз – Қазақстанның қазіргідей қарыштап дамып отырғаны – елімізді мекендеуші барлық этностардың ынтымағы мен бірлігінің арқасы. Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге шығаратын да біздің осы қоғамдық татулығымыз. «Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады» - дейтін даналықтың шындығына бүгінде бәріміздің көзіміз жетіп отыр». Бірлігі бекем Қазақстанның еңсесі биік болғай!
Ия, еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақ. Ендеше, тәуелсіз қазақ елінің ұланы біз ертеңгі елдің тұтқасын ұстар азамат екендігімізді ұмытпайық! Елбасымыздың, еліміздің бізге артқан сенімін ақтауға лайық болайық. Ол үшін білім алуға, тәрбие үйренуге, жамандықтан алақ болып, жақсылыққа құштар, салауатты өмір салтын сақтайтын азамат болуға күш жұмсайық. Бүгінгі сабағымыздағы түйген ойларымызды болашақта есте ұстап,іске асыруға шақырамын.