Мектепке дейінгі мекемеге балаларды? ойын ар?ылы ?имылын дамыту?а ?дістемелік ??ралы Ойын – мектеп жасына дейінгі балалар іс-?рекеттеріні? негізгі т?рі. Ойын – баланы?, б?кіл балалар коллективіні? дамуында басты роль ат?арады. Балалар?а ?лтты? ойындар а


4280535814197000
-105839-58172000Ақмола облысы
Жарқайың ауданының
«Білім бөлімі» ММ
Өмірлік орта мектебі
Даярлық тобында
Ойын технологиясы
арқылы балалардың ойлау қабілетін арттыру
22231356699250002223135669925000222313566992500022231356699250009061452736850042805359018270004280535901827000

Державинск 2016
Құрастырған: Өмірлік орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Сыздықова Б.Қ.
25.12.2011 жылы, мектепшілік әдістемелік кеңесте қаралып, №3, 06.01.2012 жылы пед. кеңес шешімімен бекітілді.
Алғысөз
Сыздықова Бақыт Қапарбекқызы мектебімізде біраз жылдан бері жұмыс жасайды.Даярлық сыныбының мұғалімі. Жұмыс істеген осы жылдар ішінде ол кісі өзін барлық жақсы қырынан таныта білді оқушылардың сүйікті ұстазы. Бақыт Қапарбекқызы өз мамандығын жақсы көреді, жұмысына жауаптылық пен қарайды мектептің қоғамдықжұмыстарына белсенді араласады. Математика, сауат ашу, тіл дамыту,сабақтарына «Ойын технологиясын» қолданады,балалардың ойын арқылы есте сақтау, қабілеттері артады.Осы технология негізінде:
1.Ойында адамның өзін іс жүзінде көрсетуі.
2.Ойынның көңіл көтеру функциясы. Ойын қиялды дамытып, көңіл көтеруге итермелейді.
Осы ойын технологияны пайдалана отырып үлкен жетістіктерге жетуіңізге тілектеспін.
Бастауыш сынып мұғалімі: Мықтыбекова З.Қ.
1
Ойын технологиясының оқушылардың сөздік қорларын, сөйлеу дағдыларын жетілдіру арқылы құзырлықтарын қалыптастырудағы рөлі
Ойын арқылы балалардың ойлау қабілетін арттыру. Ойын технологиясы баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі. Сауат ашу, математика, тіл дамыту,көркем әдебиет сабақтарында дидактикалық материалдарымен және дидактикалық ойындармен қолдану керек, әр сабақта көрнекілік арқылы суретті сөйлетіп отыру. Балалардың қызығушылығы, сенімділігі, өз ойлары сыртқа шығады. Сурет,дене шынықтыру ойындар, рөлдік ойындар, сюжеттік ойындар арқылы балалардың дүние танымы кенееді.Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытып, сабаққадеген қызығушылықтарын Мысалы:«Сауат ашу»  сабағында «Ұйқасын тап», «Сиқырлы қоржын», «Өлең жолын құрастыр» , «Құрастыру», «Бөлігін тап», «Көршісін тап», «Өрнекті шеш», «Ойлан тап» ойындармен қолдану
2
20897852387600023279103181350073977531813500 Ойын
70485581660Сабақтың басында
00Сабақтың басында
26809701336040Тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді
00Тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді
-2724151595120Өткен сабақты еске түсіреді
00Өткен сабақты еске түсіреді
1956435847090002756535581660Сабақтың соңында
00Сабақтың соңында
3335020107188000445897014878050063246012458700012611101491615Көңіл күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады
00Көңіл күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады
1384935210185Сабақтың ортасында
00Сабақтың ортасында

Ойын-оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал.
Мектепте балалар табысты, жақсы оқу үшін баланың тілдік функциялары толық дамыған болуы керек.  Баланың тілін жетілдіру үшін оны әңгімеге тарта отырып,баланың  сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып,
3
түсінігін молайту қажет. Менің өзімнің ойым осы ойын технологиясынан таянбау, әрі қарай зерттеу,іске асыру өйткені басқа технология даярлық тобына қиындау, қызықсыз болады.Дидактикалық ойындар тіл дамыту сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, баланың шығармашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін ойындар сабақтың тақырыбына, мазмұнына сай таңдап алынуы керек. Мысалы: «Телефон» ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты- бір нәрсе жайында сұралап, баланың оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады.
16617955080Тапқырлық, шыдамдылық
00Тапқырлық, шыдамдылық

245173521209000
-3429065405Ұйымдастырушылық қасиеттері дамиды.
00Ұйымдастырушылық қасиеттері дамиды.
Баланың бойында
Белсенділік қабілеттері дамиды.
Есте сақтау қабілеті, зейіні, тілі дамиды.
Баланың бойында
Белсенділік қабілеттері дамиды.
Есте сақтау қабілеті, зейіні, тілі дамиды.

4
А. С Макаренко былай дейді:
«Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Сондықтанкелешекке адамды  тәрбиелеу- бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады.Рөлдік ойындар мектепке дейінгі балалармен өмірінде елеулі орын алады. Бұл  ойындар ұзақ та , қысқа да болу мүмкін.Сюжетті- рөлді ойындар бейнелеу құралы рөлмен ойын әрекеті болып табылады.
Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушы әрекеттеріне еліктейді, ал «Мектеп» болып ойнағанда мұғаліммен оқушының әрекетіне еліктейді.«Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған  білімдерін ойын сюжетіне пайдаланады.
«Ұлттық қазақ ойындары: «Қыз қуу», «Орамал тастау, «Асықтар», «Бәйге» ойындары.
5
Ойын
5181601905Мақсаты
00Мақсаты
2080260723900Баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру
00Баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру
278447536385500233045676275Бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру,тиянақтау,пысықтау
00Бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру,тиянақтау,пысықтау
14058904762500023850601905 Міндеті
00 Міндеті

Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар.
Мысалы : «Қуыршаққа қонаққа бару», «Мен кіммін», «Қуыршақты киіндіреміз», «Шарбақты құрастыру»,  «Көлемі бойынша қой» , «Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық»- деген ойындар даярлық топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті-қалпақтың астында не бар екенін білу, дене тәрбиесі сабағында, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, қағып алу, қимыл ойындары баланың жүйке қалыптасуына зор ықпал етеді балалардың қабілеттерін жетілдіреді.
6
916209210112шыдамдылық
ұйымдастырушылық
ойлау
Баланың бойында
тапқырлық
белсенділік
қасиеттері қалыптасады.
00шыдамдылық
ұйымдастырушылық
ойлау
Баланың бойында
тапқырлық
белсенділік
қасиеттері қалыптасады.
Ойынның нәтижесінде
Дайындық сыныптарда оқушылар ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланатын ойындар оқушыларды жас ерекшіліктеріне қарай күрделеніп отырады. Мысалы, дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген сайын баланың жас ерекшілігіне сай болып күрделенген жөн.Олай болса ойынды пайдаланудың маңызы зор.
7
-403860-240665Ұлтаралық қарым-қатынас
Коммуникативті ойын
Емдеу функциясы
әлеуметтік- мәдени белгілері
өзін іс жүзінде көрсетуі
Ойынның маңызды функциялары
Диагностикалық функциясы
Түзету функциясы
Көңіл көтеру функциясы
00Ұлтаралық қарым-қатынас
Коммуникативті ойын
Емдеу функциясы
әлеуметтік- мәдени белгілері
өзін іс жүзінде көрсетуі
Ойынның маңызды функциялары
Диагностикалық функциясы
Түзету функциясы
Көңіл көтеру функциясы

1. Ойынның әлеуметтік-мәдени белгілері, Ойынның әлеуметтік-мәдени белгілі мәдени байлықты, тәрбие потенциалын игерген ұжымның толыққанды мүшесі бола алатын баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуының көрсеткіші.
2. Ұлтаралық қарым-қатынас функциясы. Ойындар арқылы кез-келген ұлт өкілдері өз ұрпақтарын өмірдегі әр түрлі жағдаяттардан жол таба білуге, кикілжіңді
8
қатігездіксіз шешуге, әр қилы эмоцияларды дұрыс қабылдай білуге үйретеді.
3. Ойында адамның өзін іс жүзінде көрсетуі. Ойын барысында бала өзін іс жүзінде көрсетеді.
4. Коммуникативтік ойын. Осы әр түрлі қиыншылықтан жол таба білуге итермелейді.
5. Ойынның диагностикалық функциясы. Жеке тұлға интеллект, шығармашылық жағынан өзін-өзі іс жүзінде көрсетеді.
6. Ойынның емдеу функциясы. Ойын адамның тәртібіндегі өзін қоршаған басқа адамдармен қарым-қатынасын және оқудағы туындаған әр түрлі қиындықтарды жеңу үшін пайдаланылады.
7.Ойынның түзету функциясы. Түзету ойындарының тәртібі нашар, психологиялық көмекті қажет ететін оқушылар үшін көмегі зор.
9
8. Ойынның көңіл көтеру функциясы. Ойын қиялды дамытып, көңіл көтеруге итермелейді.Салыстыру арқылы алынған зерттеу нәтижесі көрсеткіштердің өсуі байқалады, яғни жүргізілген ойындардың тиімділігі бар.Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі баланың оқу-танымдық әрекетін басқарудың негізі–ақпараттық технология. Мектеп психологымен бірге жүргізген диагностика нәтижесінде балалардың кейбіреуінің көру арқылы, есту арқылы есте сақтайтындығы анықталды. Көру арқылы есте сақтайтын балалар үшін ақпаратты-коммуникативтік технологияны таңдап алдым. Кибернетиканың атасы Винер «Ақпарат сыртқы әлемге бейімделу арқылы одан алынатын мазмұнды бейнелеу» деген. Оқу-әрекеті – білім мазмұнын білуге ынтасы, құштарлығы және оны қабылдауы. Мектепалды даярлық тобы балаларына суретті көрсету сабаққа деген қызығушылығын туғызбайды, себебі балалар сондай бай ақпарат әлемінде өмір сүруде. Балалардың оқу ақпараттарын меңгеруін күшейту мақсатында интерактивті тақтаны, электронды
10
оқу-ойынжаттығуларын күнделікті пайдалана отырып та сабақтар өткізу керек. Математика сабағынан «Геометриялық пішіндер», ертегі арқылы пішіндерді меңгерту, сауат ашу сабағынан «Г әрпі және дыбысы» т.б. ашық сабақтар өткіздім.Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі-ұлттық ойындарының, әдет-ғұрып салттарының алуан түрлерін кездестіреміз.Ойын баланың күш-қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді.
Зерттеу мақсатым: Ойын технологиясы арқылы 5-6 жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту, сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттерді шешу қажет:
- «сөйлеу тілі», «ойын» ұғымдарының теориялық сипатын анықтау;
11
- Мектепалды даярлық тобында ойын арқылы сөйлеу тілін дамытуды ұйымдастыру жолдарын анықтау және негіздеу Қазіргі талап - әрбір оқушыға сапалы да терең білім беру. Сондықтан да мектептегі оқу процесінің барысы әртүрлі педагогикалық әдіс-тәсілдермен жүйелі түрде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытып, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру. Міне осы жағдайларды ескере отырып, ойын түрлерін төмендегідей жүйеленеді:
Мазмұнды бейнелі ойын: отбасы, балабақша, мектеп, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, темір жол, теңізшілер;
Қимыл қозғалыс ойындары: «Ақ серек, көк серек», «Ұшты-ұшты», «Аңшылар», «Сиқырлы таяқ», «Мысық пен торғайлар», «Бақташы мен қозылар», «Соқыр теке», мысық пен тышқан, .
12
3.Дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта, қуыршақты серуенге дайында, орныңды тап, ойлан тап, түсті лото, тез ретке келтір, көршілер, аралар, дүкен, сен жалғастыр, дәл тауып айт, т.б.
4.Құрылыс ойындары: лото, және басқа констукторларды пайдалану.
5.Рөлді-сюжетті ойындар:ертегі, әңгімелерді рөлдерге бөле отырып орындау,сахналық көрініс көрсету.
Өзімнің іс-тәжірибемнен сабақ үрдісінде пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап көрсетуіме болады.Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын, ойын әрекетінің ең негізгі түрінің бірі- дидактикалық ойындар. Бала ойын ойнай отырып үйренеді.
Ойынның мақсаты: Басталған буынға буын қосып, сөз құрауға, зейінділікке баулу. Мұғалім сөздің басқы буынын айтады, ал оқушылар оны аяқтайды.
Мысалы, ПА-НА, ТА-НА, А-ТА, АЛ-МА. Т.б
13
Ақмола облысы
Жарқайың ауданы
Өмірлік орта мектебі
Математика сабағы
Тақырыбы:
«Геометриялық пішіндер»
Өткізген: даярлық тобының мұғалімі Сыздықова Б.Қ.

14
Тақырыбы: Геометриялық пішіндер
Сабақтын мақсаты: Балаларды геометриялық пішіндермен таныстыру, биік аласа үлкен кіші ұғымдарын пысықтап өту, түстерді қайталау, балалардын ой өрісін , дүниетанымын тілін дамыту.
Көрнекілік құралдар: геометриялық пішіндер, аңдардын суреттері, саусақ театры, бор, түрлі тісті қағаздар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезені. Балалар шеңберге тұрып, бір біріне жылу тарату арқылы амандасады, қонақтармен сәлемдеседі.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Сәлем, салем, қонақтар.
Біздін топтын сәбилері.
Білімімен қуантар.
15
Біз сәбиміз баламыз,
Үлкеннің тілін аламыз
Қонақтарды көргенде ,
Қуана сәлем аламыз.
Балалар бір бірімен қол алысып сәлемдеседі.
Жаңа сабақ
Балалар, бүгінгі ашық сабақтың тақырыбы: «Геометриялық пішіндер».
Біз геометриялық пішіндерді ертегілердегі жан жануарлар арқылы танитын боламыз. Ал, балалар, мен ертегімді бастаймын. Мұқият тыңдаңдар.
Ертеде шал мен кемпір болыпты. Бір күні шал, кемпіріне: Бүгін маған дәмді бауырсақ пісіріп берші, дейді.
Үйде ұн жоқ. Бауырсақты неден жасаймын? дейді кемпірі.
16
Қаптың түбін қырып, қалған ұннан пісір, дейді шал.
Кемпірі қаптың түбін қағып, бір уыстай ұн жинап алады. Оған қаймақ қосып қамыр илейді, содан сон оны майға қуырып, піскен бауырсақты, терезенін алдына суытып қояды. Суға қойылған бауырсақ терезеден түсіп домалай домалай орманға қарай кетеді.
Балалар, сендердің аналарың үйлеріңде бауырсақ пісіре ме?
Иә.
Түсі қандай?
Сары.
Пішіні қандай?
Дөңгелек.
Бауырсақ неге ұқсайды?
Допқа, шарға.
Дұрыс айтасыңдар. Енді ертегіні әрі қарай тыңдайық.
Бауырсақ домалап келе жатса, алдынан қоян шығыды.
17
Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Мені жемеші, мен саған өлең айтып берейін.
«Мен атадан қаштым, мен әжеден қаштым, енді сенен де қашамын»
Балалар, қоянның түсі қандай?
Ақ.
Пішіні қандай?
Сопақша.
Балалар, бауырсақты қояннан құтқару үшін бәріміз қоянға арнап үй салып берейік. Үйдің қабырғаларын тұрғызу үшін, әуелі пішімдердін қайсысын аламыз? Балалар төрт бұрышты алады.
Дұрыс. Жарайсыңдар. Ал, енді осы пішін қалай аталады?
Төртбұрыш.
Түсі қандай?
Көк.
18
Ал, енді үйдің төбесін жабамыз. Оған қандай геометриялық пішіндер таңдаймыз? Балалар үшбұрышты алады.
Дұрыс, жарайсыңдар. Бұл пішін қалай аталады?
Үшбұрыш
Түсі қандай?
Қызыл.
Ертегімізді жалғастырайық.
Қояннан құтылған бауырсақ домалап келе жатса алдынан қасқыр шығады.
-Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
-Жемеші мен саған өлен айтып беремін
«Атамнан да құтылдым
Әжемнен де құтылдым
Қояннан да құтылдым,
19
Енді сенен де құтылу маған қиын емес».
-Балалар қасқырдың түсі қандай?
-Сұр,қорқынышты
-Пішіні қандай?
-Тік төртбұрыш.
-Қасқыр қайдан шықты?
-Орманнан.
-Орманда нелер өседі?
-Шыршалар.
-Неше шырша тұр, санап көрейік. Біреу, екеу, үшеу,төртеу,бесеу.
-Үш шырша
-Дұрыс айтасыңдар. Ал, кәне кері санайық, бес,төрт,үш,екі,бір.
20
-Балалар, мына шыршаларды мұқият қарайықшы.
Қандай айырмашылықтары мен қандай ұқсастықтары бар? Қане
кім байқайды? Кім көрсетеді? Балалардың біреуі тақтаға шығып көрсетеді.
Балалар : біреуі биік, біреуі аласа.
-Ал ұқсастықтары қандай?
-Жасыл
-Дұрыс айтасыңдар бәрінін де түсі жасыл. Тағы қандай ұқсастықтары бар?Мұқият қарайықшы.
Балалар: Бәрі үшбұрыш.
Дұрыс, бәрінін пішіні бірдей үшбұрыш
Ертегіні ары қарай тындауға күш жинап алайық. Бойымызды жазып жіберейік . - Кәне, бәріміз орнымыздан тұрып, «Биік аласа»ойынын ойнаймыз.
21
Биік- балалар қолдарын жоғары көтереді.
Аласа -қолдарын түсіріп төмен басылып отырады. Осы тәсілді бірнеше рет қайталайды
Балалар, енді ертегімізді жалғастырайық.
Қасқырдан құтылған бауырсақ домалап келе жатса, алдынан қорбандаған аю шығады.
Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін, дейді.
Жемеші, мен саған өлең айтып берем:
Атамнан да құтылдым
Әжемнен де құтылдым
Қасқырдан да құтылдым
Қояннан да құтылдым
Енді сенен құтылу маған қиын емес.
-Балалар оң қолымызды көтеріп ауада саусағымызбен шеңбер сызайық. Балалар ауада саусақтарымен шеңбер сызып көрсетеді.
22
- Балалар, бауырсақты аюдан құтқару үшін, бойымызды бір сергітіп алайық,
Ормандағы аюдың ,
Құлпынайы көп екен.
Теріп -теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Қорбандаған аюдың
Құлпынайы бар екен,
Теріп – теріп алайық,
Орнымызды табайық.
- Сонымен, аюдан құтылған бауырсақ домалап келе жатса.... балалар, осы жерде мен сендерге бір жұмбақ жасырайын. «Өзі ку екен, жүрген жері айқай-шу екен». Бұл не?
-Түлкі
23
-Дұрыс, бауырсақтың алдынан түлкі шығады.
Түлкінің түсі қандай?
- Сары
- Пішіні қандай?
-Үшбұрышты.
- Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін, -дейді түлкі.
- Мені жемеші, мен саған өлең айтып берем.
«Атамнан да құтылдым,
Әжемнен де құтылдым,
Қояннан да құтылдым
Қасқырдан да құтылдым
Аюдан да құтылдым
Енді сенен құтылу маған қиын емес»
Әннің жақсы екен, бірақ мен қартайдым ғой,құлағым естімейді. Менің тұмсығыма шығып
24
әніңді қайта айтып берші. Жақсылап тыңдап алайын,-дейді түлкі.
Мақтанған бауырсақ, ойланбастан түлкінің түмсығына мініп, әндете жөнеледі. Сол ақ екен, қу түлкі оны «ап» деп жеп алады. Қарнын сипап, бір тояды.
- Бүгінгі ертегі осымен аяқталды. Балалар, ертегі ұнады ма? Біз ертегі орманында қандай аңдармен кездестік?
- Қоян, қасқыр, аю, түлкі.
- Балалар, қазір геометриялық пішіндермен ойын ойнайық.
Ортаға бес бала шығады. Еденге бормен бес түрлі геометриялық пішін сызылады. Тәрбиеші әр пішінді атаған сайын, балалар фигураны дұрыс тауып, соның ішіне тұруы керек. Балалар пішіндерді есте сақтап қалуы үшін, 4-5 рет қайталау керек.
Ашық сабаққа жақсы қатысқан балалар мадақталып, барлығына бауырсақ таратылады.
25

Психологиялық сәт

«Биік-аласа» ойыны.

Ұйымдастыру кезеңі

Оқулықпен жұмыс
Ақмола облысы
Жарқайың ауданы
Өмірлік орта мектебі
Тәрбие сағаты:
«ЖАНҰЯ - ҚОРҒАНЫМ
АТА – АНА - ТІРЕГІМ»
Даярлық тобының мұғалімі: Сыздықова Б.Қ.
28
Мақсаты: Ата-ана, тәрбиеші, бала арасындағы ынтымақтыстықты нығайту.
Мұғалім:
Алфавиттің «А» тұрады басында,
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында.
Байқадың ба, «Б» тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде, түсінші.
«А» деген ол-аналар ғой ардақты,
«Ә» деген ол- әкелер ғой ардақты,
«Б» деген ол-балар ғой салмақты,
Алшақ кетпей сондықтан да расында
Тұрады олар алфавиттің басында.
-Құрметті қонақтар, бүгінгі біздің аналар сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
29
Аналарымыздың жауабын, өнерін бағалайтын әділқазылар алқасын сайлап алайық.
Сайыс келесі кезеңдерден тұрады:
1. «Сыңарын тап». Мақалды жалғастыру
2. Логикалық ойын
3. Сауалнама
4. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні»
5. «Менің балам», ойын.Сайыста ата- аналар екі топқа бөлініп, берілген тапсырмаларды орындайды.
Мұғалім:
Бүкіл әлем ана сүтінен нәр алған,
Бүкіл әлем аналардың үмітінен таралған.
Әлемде сен болмасаң осылайша
Бар ма еді, жүрегімде биік мақсат, игі арман.
30
Мақалдар:
Өз үйім.....(өлең төсегім)
Шеше тұрып.....(қыз сөлемейді)
Отан отбасынан....(басталады)
Ананың көңілі....(балада, баланың көңілі далада)
Дені саудың....(жаны сау)
Балапан үяда не көрсе...(ұшқанда соны көреді)
Жеті атасын білмеген....(жетімдіктің атасы)
Қалауын тапса....(қар жанар)
Қөрмес ....(түйені де көрмес)
Судың да....(сұрауы бар)
Мұғалім:
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
31
Білім мен өнер табыспай,
Тәлім-тәрбие табар ма?
2. Логикалық ойын
1.Оның әкесі-менің нағашым, мен қандай туыспын? (Жиен)
2.Оның ағасы маған-жезде, мен кім боламын? (Құдаша, құда бала)
3.Ол бізге күйеу болса, біз оған кім боламыз? (Қайын апа, қайын аға)
3.Сауалнама
1.Балаңыз сізге не туралы сұрақ қояды?
2.Балаңыз үйде немен айналысқанды ұнатады?
3.Жыл мезгілдеріндегі балаңыздың ойнайтын ойнайтын ойындарын атаңыз:
-Қыста,көктемде,жазда,күзде.
324.Баланы мектепке дайындау дегенді қалай түсінесіз?
5.Отбасында балаңызға қандай көркем шығарма оқып бересіз?
6.Балаларға көркем шығарма оқуға күнделікті қанша уақыт бөлесіз?
Өлең: «Тұлпарым»
Мұғалім:
Адам бар ма ана сүтін татпаған?!
Алуан-алуан ауыр сынды аттаған,
Адалдықты, ар-намысты сақтаған,
Мен ананың сонысына мақтанам!
4. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні»
Аналар төменде берілген ертегіні тыңдап, мазмұнын бір ауыз мақалмен қорытады.
Ертеде алты түлкі дос болыпты. Біреуінің құйрығы шолақ екен. Құйрығы ұзын бас түлкі:
33
«Сенің құйрығын жоқ», - келеке қылып, күле беріпті. Сол уақытта шолақ түлкі «Осы бес түлкінің құйрығын шолақ қылып қояйын» деген ойымен түлкілерге: «Біз бір жақсы ойын ойнайық», - деп, оларды алдапорманға келіп, құйрықтарын қарағайға байлап, өзі бір талдын басына шығып алып: «Мына жақта бүркіттер келе жатыр», - дейді де, қаша жөнеледі. Сонда бес түлкі қашамын деп құйрықтарын үзіп, бәрі де шолақ болып қалады. Бесеуі бірдей шолақ болғаннан кейін ешкім мазақ етіп, күлмейтін болыпты.(Ата-аналар бір сөзбен жауап беру керек)
Мұғалім:
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты?
Би билеп, ал біреулер ән салыпты.
Бүгінгі аналар сайысында
Аналар аянбай-ақ тер төгіпті.
Өлең: «Достарым»
5. «Менің балам»
34
Аналардың көздері байлаулы болады, әрқайсысы өз баласын қолынан сипап тауып алуы керек.
Мұғалім: Құрметті аналар! Біздің сайысымызға келіп қатысқандарыңызға көп-көп рахмет! Бүгінгі сайысымызда сіздер сан сауалдың түйініп шешіп, өздеріңіздің бала тәрбиесіндегі тәжірибелеріңіз туралы ой бөлістіңіздер.
«Ұлы жол үйдің табалдырығынан басталады» демекші, сіз бен біз болып, ұрпағымызды тәрбиелей берейік! Өлең: «Айналайын».

Ата-аналарға ән орындауында
35
Жылдың басындағы және екінші тоқсандағы сауат ашу сабағы бойынша оқушылардың білім сапасының өскенін көруге болады. Жылдың басында білім сапасы 43% , ал екінші тоқсанның аяғында 58% көрсетіп, білім сапасының жоғарлағанын байқатты. Яғни, ойын технологиясын сабақтарда пайдалану тиімді деп айтуға болады.
\sҚорыта келгенде:
36
1.Бірінші деңгейдегі мақсат – ойын үрдісінен рахаттану. Егер ойын балаға қуаныш әкелетін болса, онда бала кез-келген белсенділікке дайын болады.
2.Екінші деңгейдің мақсаты – функционалдық. Ол ойын ережесінің сақталуы, көріністер ойнау, рөлдерді орындаумен байланысты.
3.Үшінші деңгей ойынның шығармашылық мақсатын айқындайды. Шешу, табу, қорытындыға жете білу жолындағы іс-әрекетті көрсетеді.
Осы әдістемелер нәтижесінде келесідей қорытындылар анықталынды:
Даярлық тобына жүргізілген психологиялық диагностика қорытындысының салыстырмалы пайыздық көрсеткіштері.
37
(қазан 2014-2015 -2016жыл).
р/с Таным үрдістері Қазан, 2014- ж
Қаңтар 2015ж Қазан 2015ж
Қаңтар 2016ж
Жоғары Орта Төмен Жоғары Орта Төмен
1 Есте сақтау 35 – 55% 35-45% - 45-60% 30-50% -
2 Ойлау 50 – 70% 30-30% - 30-65% 25-35% -
3 Қабылдау 35-45% 45-50% 1% 40-50% 30-40% -
4 Зейін 35- 75% 45-20% 2% 50-65% 30-45% 3%
5 Сөздік қоры 35 – 75% 30-55% 2% 30-60% 40-55% 3%
38
\s
Даярлық тобына жүргізілген психологиялық диагностика қорытындысының көрсеткіші (қазан 2015 жылы)
\s
Графигтік көрсеткіштері (қаңтар, 2016 жыл).
39
Даярлық тобына жүргізілген психологиялық диагностика қорытындысының көрсеткіштері (қазан 2016жыл).
\s\s
40