Информатика 5 класс.Тестовые задание І четверть
5 сынып І тоқсан
1. Ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану
тәсілдері туралы ғылым.
А. Информатика В. Компьютер С. Ақпарат D. Informasion
2. Графикалық ақпараттарды компьютерге енгізу құралы
А. Сканер В. Принтер С. Монитор D. Пернетакта
3. Адам ең көп ақпаратты ненің көмегімен алады?
А. Сезу В. Иіскеу С. Есту D. Көру
4. Ноутбук компьютерлердің қай түріне жатады?
А. Суперкомпьютер В. Кіші компьютер С. Дербес компьютер D. Үлкен компьютер
5. Ақпаратты сақтау үдерісін көрсет:
А. Теледидар көру В. Дәптерге жазу С. Кітап оқу D. Телефонмен сөйлесу
6. Ақпарат компьютерде қандай түрде сақталады?
А. Әріптер В. Мәтіндер С. Сандар D. Нөл мен бірлер
7. Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі:
А. Әріп В. Бит С. Байт D. 1
8. Бір байт - ол:
А. 10 бит В. 18 бит С. 4 бит D. 8 бит
9. Бір символ әдетте . . . кодталады.
А. 1 битпен В. 10 битпен С. 1 байтпен D. Әріппен
10. 1 Кбайт – ол:
А. 100 бит В. 1500 байт С. 1024 байт D. 1000 байт
11. Артығын көрсет:
А. Суперкомпьютер
В. Кіші компьютер
С. Дербес компьютер
D. Үлкен компьют
12. Компьютер құрылғыларының қайсысы жүйелік блок құрамына кірмейді:
А. Процессор В. Дискжетек С. Принтер D. Жедел жады
13. Компьютердің негізгі құрылғылары:
А. Монитор, сканер, жүйелік блок
В. Монитор, пернетақта, жүйелік блок
С. Принтер, монитор, пернетақта
D. Микрофон, модем, монитор
14. Ақпаратты енгізу құрылғысы.
А. Принтер В. Процессор С. Пернетақта D. Компьютердің жады
15. Бас әріптер режимін қосу үшін қолданылатын перне:
А. Alt В. Tab С. NumLock D. CapsLock16. Компьютерде орнатылған барлық программалар нені құрайды?
А. Процессорды
В. Программалық жабдықтаманы
С. Жады құрылғысын
D. Аппараттық жабдықтаманы
17. Компьютердің жұмысын басқаратын басты программа.
А. Операциялық жүйе В. Утилиталар С. Жүктеушілер D. Драйверлер
18. Компьютерге қосылған түрлі құрылғылардың жұмыс істеуі үшін қажетті программалар.
А. Процессорлар В. Утилиталар С. Жүктеушілер D. Драйверлер
19. Қайсысы ақпарат тасығыш емес?
А.Қатты диск В.Лазерлік диск
С. Флеш-жады Д.Процессор
20. Сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.
А. Информатика
В. Ақпарат
С. Компьютер
D. Оқулық.