Мектепке дейінгі ?йым педагогыны? имиджін арттыру ма?сатында балаба?шаны? ?діскеріні? негізгі ж?мыс мазм?ны


3920490-47244000 « Мектепке дейінгі ұйым педагогының имиджін және беделін арттыру»
Садырбаева Айман Базарбаевна
«Қуаныш» балалар бақшасы-мектеп
білім беру комплексі» мекемесінің
әдіскері, Семей қаласы

«Ұстаз болу - өз уақытын аямау,
өзгенің бақытын аялау.»
Ж.Ж.Руссо
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа арнаған Жолдауында: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек», – деп білім мен ғылым саласының алдына нақтылы міндеттер қойды. Шындығында да, біз сауатты елге айналуымыз үшін жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуді дұрыс жолға қоюымыз керек.
Ұлы Абайдың «Он сегізінші қара сөзіндегі»: «…Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық» деген. Міне, сол үшін педагогтың жағдайын жасап, олардың біліктілігі мен білімділігін арттыруға, ұстаздың қоғамдағы беделін көтеруге баса көңіл бөлінгені абзал.
Біздегі білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – бәсекеге барынша қабілетті маман дайындау. Ол үшін педагогтың білімі мен біліктілігі оның педагогикалық шеберлігіне ұштасуы керек. Педагогикалық шеберлік дегеніміз – үнемі жетілдіріп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнерінің негізі. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әрбір ізденімпаз педагогтің қолы жетеді. Педагог – өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз мамандығын терең меңгерген, ғылымның тиісті салаларынан хабардар, әсіресе, балалар психологиясының, жас ерекшеліктерінің мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік меңгерген адам болуы тиіс. Сондықтан, педагогтың сапасын ең жоғары деңгейге көтеру – уақыт талабы дейміз. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылық ерекшелігі – оның оқу іс-әрекетін түрлендіріп, қосымша материалдармен байытып, тұлғаның жүрегіне жол таба білуінде.
Тәрбиешінің тұлғалық бейнесі. Тәрбиеші мектепке дейінгі ұйымның оқу- тәрбие үрдісіндегі негізгі тұлға. Оның қызметі мен міндеттері. Тәрбиеші-педагог мамандығының тарихы. Тәрбиеші мамандығының әлеуметтік мәні. Педагогикалық әрекетіне сипаттама. Жеке тұлғалық сапалары. Тәрбиешілердің білімділігі, мәдениеттілігі, шеберлігі, қабілеттілігі, біліктілігі, әдептілігі, балалармен қарым-қатынас стилі, мектепке дейінгі ұйымға тәрбиешіні теориялық және практикалық дайындау.
Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық үрдіс.
Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық үрдістің ерекшелігі. Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық үрдістегі балалар әрекеттерінің (ойын, оқу, еңбек, тұрмыстық) ұйымдастырылу үйлесімділігі. Күн тәртібі. Күн тәртібінің бірінші және екінші жартысын ұйымдастыру. Ертеңгілік қабылдау. Серуен және балалар белсенділігі. Мектеп жасына дейінгі балалардың ұйқысы және тамақтандыру әдістемесі.
Қазіргі заман педагогтың кәсіби іс - әрекетінің табысты болуы көбінесе имиджге байланысты.
Сонымен XXI ғасыр педагог имиджіне тоқталатын болсақ, имидж – ағылшын тілінен аударғанда «бейне», «кейіп» деген мағына береді.
Басқа мамандық иелеріне қарағанда педагог мамандығы ерекше, ол әрдайым үлкен аудитория ішінде және көпшілік көз алдында.
Сонымен имидж – сіздің бойыңыздағы талантыңыздың жарқырап ашылуы, өзіңіз туралы жақсы пікір қалыптастыру жолы, американдық психологтардың пікірінше, тамаша табыс феномені – адамның имиджі мен оның карьерасымен тікелей сабақтас.
Егер олай болмаса, қолдан жасалған имидждің көмегі тимесі анық. Сондықтан да кәсіби мамандығын жан - жақты меңгерген педагог қана жоғары бағаланып, әріптестері мен шәкірттерінің ыстық ықыласына бөленбек. Педагог өзін көрсете білу, ұнау, өзі туралы жақсы пікір қалдырудың маңызы зор.
Тартымды имидж:
- Айналасындағы адамдардың көңілін аулау кепілі;
- Кез келген жұмыста жетістікке жетудің негізгі шарты.
-педагогтың жеке тұлғасына қызықпаса баланың оқу іс әрекетіне қызығушылығы да болмайды.
Себебі, баланың өмірінің жартысы оларға білім ғана беріп қоймай, әлеуметтік және балалық шақтан алған әсерлер мен тәжірибелер үлкен өмірге өтуіне әсер етеді, жеке басы баланың жеке тұлға болып қалыптасуына көмектеседі. Оған ұқыптылық, іскерлік стиль, мәнер, әдеп, күлкі жатады.
158686552070Имидж
0Имидж

3796665191135
283464019621566294034290
-337184135255Сыртқы бейне
00Сыртқы бейне

436816554610Кәсібіне сәйкестік
00Кәсібіне сәйкестік
21869406985Қарым-қатынас
00Қарым-қатынас



Имидж құрылымы:
- сыртқы бейне;
- қарым - қатынасты пайдалануы;
- «Мен» сезімінің кәсібіне сәйкестігі.
Сыртқы имиджді құраушыларға:
- мимика, - дауыс күші мен тембрі, - костюм, - қимыл, - мәнер.
Айналаңыздағы адамның санасындағы сіздің бейнеңіз туралы көзқарас. Ол сізбен жүздесуден кейінгі сыртқы кейпіңіз бен өз - өзіңізді ұстауыңыздың тәрбиелік мәні мен сөйлесу мәнеріңіз арқылы қалыптаспақ. Сыртқы бейнеміздің үйлесімді әсер қалдыру үшін вербалды және вербалды емес қатынас қажет:
• Мәнерлі сөйлеу
• Көндіре білу
• Стиль мен киім түсінің психологиялық әсерін білу
• Тұрған тұрысқа, мимикаға және мәнерге көңіл бөлу
• Шыдамдылық
• Көргіштік
Педагогтың мәртебесі мен беделі оның жеке имиджіне байланысты.
Жалпы имидждің құрамына төменде көрсетілген элементтерді жатқызуға болады:
- Қызметтік қарым - қатынас этикеті ( корпоративтік ережелерді ұстану)
- визуальді белгілер - бойдың, дене бітімің, шаш үлгісінің үйлесімділігі.
- Өзіне сәйкес стильді анықтайтын элементтер: киім, аяқ киім, аксессуарлар
- тіл табысу білу қабілеті ауызша және жазбаша тілдесу, дауыс ерекшілігі.
Сонымен, педагогтың имиджі мынандай құрамнан тұрады:
Жеке және тұлғалық қасиеттер Коммуникативтік қасиеттер Кәсіби іс - әрекеттің және мінез - құлықтың ерекшеліктері.
Жаңа қоғам педагогтың имиджіне жаңа талаптар қояды, бірақ замандар бойы ұстаздың бойында өзгермейтін мынандай қасиеттер бар:
- балаларды жақсы көру
- мейірімділік
- шынайылық
- тілдесе алу икемділігі
Сонымен, қорытындылай келе педагог имиджін қалыптастыру – өмір талабы. Рухани мәдениеті биік, кәсіби іскерлігі, қабілеті мен ақыл-парасаты жоғары, істің негізгі көзін білетін, жан-жақты жетілген педагогтарды жетілдіру бүгінгі күнде өте маңызды мәселелердің бірі екені жоғарыда айтылып өттік. Қызметтердің сапасын арттыру және оқытуды жақсартуға бағытталған.
Қазіргі реформадағы ең маңыздысы педагогтың беделін арттыру, оның оң имиджін қалыптастыру болып табылады. Мұнда бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын орны ерекше. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде тәрбие жұмысының тиімділігі ата-ана мен балабақша өзара байланысынан көрінеді.

« Ұстаз талантты болса, шәкірті талапты болады»
Халық даналығы
«Егер мұғалім өте беделді болса,онда бұл мұғалімнің әсерінің іздері кейбір адамдардың бойында бүкіл өмір бойы қалып қояды. Міне,сондықтан мұғалімнің өзіне құнтты болуы,өзінің мінезі-құлқы мен іс-әрекеттері, дүние жүзіндегі бірде-бір адамда болмайтындай, ең күшті бақылауда болатынын сезінуі өте маңызды.»
М.И.Калинин

Демек, педагогтің мәртебесін жоғарылату – Қазақстан Республикасындағы Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты бағыттарының бірі. Шын, мәнінде педагогтың мәртебесі тек қана оның жалақысын көтеру емес, ең бірінші ұстаз мәртебесі оның интелектуалды, білімдік, жеке-дара ерекшеліктерінің бағалануымен көтеріледі. Ұстаздың абырой-беделі соған байланысты ақталмақ.
Мәртебе көтеру – педагогтың өз қолында: педагогтың мәртебесінің көтерілуі білімді болуында;педагог өз мәртебесін өзі ғана көтереді, өзі мықты болса, бәрі сыйлайды; барлықтары бірігіп, ойларын бір жерден шығарып, қажетті талабын қоя білсе, сол үшін аянбай еңбек етсе, мәртебесі көтерілмек; мұғалім мәртебесі шәкірт деңгейімен өлшенеді, шәкірті нәтиже көрсетсе, тәрбиешінің мәртебесі биіктейді.
Педагогтың еңбегінің шынайы болмысы, олардың жеке тұлға қалып тастырудағы рөлі мен орны: жеке тұлға қалыптастыру жолындағы жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, туған халқының мәдениеті мен салт дәстүріне құметін қалыптастыру, жеке қабілетін дамыту және әлемдік көзқарасын айқындау секілді еселі еңбектерінің барысы,ғылыми жұмыстарын саралайтын жүйесіндегі жетістіктері.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты // «Ақиқат», №1, 2013 ж.
2. Мұғалім беделі – ел абыройы // «Егемен Қазақстан», 14 тамыз 2010 ж.
3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан білім қоғамы жолында // «Егемен Қазақстан», 5 қыркүйек 2012 ж.
4. Аймауытов Ж. Психология. – Алматы: «Ғылым», 1988 ж.
5. Басты мақсат – білім сапасы // «Мәдени мұра», 2012 ж.
6. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030: Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы: Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Алматы: Білім. 1997.
7. Калюжный А. А. Формирование имиджа учетеля. – М: Владос, 2005, Калюжный А .А. Имидж учителя как социально-психологический феномен. // Вестник НАНРК. – 2006. - №2. – С. 79-84.