Тіл тірегіміз, со?ып т?р?ан ж?регіміз


Бижанов Сенбай Нағашыбайұлы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы
«№ 4 орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Күні: 09.04.2014 ж. Пәні Қазақ әдебиеті Сыныбы 11а
Сабақтың тақырыбы Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романындағы кейіпкерлер
Мақсаты Оқушыларға Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылық жолын бейнефильм арқылы ұғындыру, шығарма мазмұнына қысқаша тоқталу арқылы меңгерту. Отанға деген сүйіспеншілігін ояту.
Оқыту нәтижесі Жазушының өмір жолы арқылы өз пікірін сенімді әрі дәлелді,тұжырымды жеткізе білуге үйренеді. Ізденістерге негізделген жұмыс түрлерін өз бетімен, жаңа технологиялық үрдістерге сай орындай білуге дағдыланады.
Түйінді идеясы Оқушылар іс-әрекеттері арқылы ізденімпаздыққа жетеді. Оқушылар тақырыпты түсіну деңгейін анықтайды және өздіктерінен шешім қабылдайды.
Күтілетін нәтиже Оқушылар Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылық жолындағы мағынасына мән беріп ажыратады. Өз пікірін дәлелді қорғап, топта бірлесе жұмыс жасауға үйренеді, топта өзара бағалау жүргізіп, бағалаудың мәнісін түсінеді, сыни тұрғыдан ойланып, ой-пікірін жүйелі айтады, АКТ-мен жұмыс жасауға дағдыланады.
Әдіс-тәсілдер Диалог, топтық жұмыс, «ЖИГСО» әдісі. Зерттеу.
Пәнаралық байланыс Тарих, қазақ тілі
Уа-қы-ты Ресурстар Сабақтың мазмұны
2 минут Слайд Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау
1.Амандасу. «Құрметті Сара ханым!» Оқушыларды шеңберге тұрғызу арқылы амандастыру. Оқушылар бір-біріне тістерін көрсетпей амандасады. Үш шапалақ
30 минут Таяқ, күйші, ақын-жазушы-лардың кескінде-рі бейнелен-ген суреттер, бейнетас-па, маркер, постер, тест, Қабдеш Жұмаді-ловтің «Тағдыр» романы кітабы 2.Оқушылар күйші, ақын-жазушылардың бейнесін құрастыру арқылы топқа бөлініп, сол ақын-жазушылар туралы қысқаша мағлұмат беруін сұрау.
Топқа бөлу. 1-топ: «Ақындар»
2-топ: «Жазушылар»
3-топ: «Күйшілер»
3.Үй тапсырмасы. «Сиқырлы таяқ» ойыны бойынша Қабдеш Жұмаділовтің өмір жолынан тест арқылы пысықтау.
4.Жаңа сабақ. Бейнетаспадан Қабдеш Жұмаділов туралы көрсетілім көрсету.
Әр топқа жеребе тастау арқылы Қабдеш Жұмаділовтің өмірі, шығармашылығы, «Тағдыр» романындағы кейіпкерлер жөнінде постер қорғату. 1.Оқушылар өздеріне берілген күйші, ақын-жазушылардың кескіндері бейнеленген суреттерді құрастыру арқылы топқа бөлінеді.
2.Қабдеш Жұмаділовтің өмір жолынан «Сиқырлы таяқ» ойыны арқылы оқушылар тест шешеді.
3.Қабдеш Жұмаділовтің өмірі, шығармашылығын бейнетаспадан тыңдау арқылы және жеребе бойынша Қабдеш Жұмаділовтің өмір жолын 1-топ, шығармашылығын 2-топ, «Тағдыр» романындағы кейіпкерлер жөнінде 3-топ постер арқылы қорғайды. Зерттеу жұмыстарын дәлелдеп түсіндіреді. Үш шапалақ
Екі жұлдыз, бір тілек
2 минут Слайд 5.Сергіту сәті.
«Бұғы бағу» тренингі арқылы оқушылардың өмірге деген құштарлығын ояту. Оқушылар «Бұғы бағу» тренингін көріп, өмірге деген құштарлығы оянады. 3 минут Смайлик-тер 6.Кері байланыс. Смайликтер арқылы жүзеге асырамын. Оқушылар өздерінің сабақтан
алған әсерлерін өздері таңдаған смайликтер арқылы көрсетеді. Қосымша тапсырма
Үйге тапсырма
(2 минут) 7.1.Қабдеш Жұмаділов туралы мәнжазба жазу.
7.2.Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романын оқу. Қорытындылау
(3 минут) 8.«Сіз білесіз бе?...» ойыны арқылы 1-топ 2-топқа, 2-топ 3-топқа, 3-топ 1-топқа Қабдеш Жұмаділовтің өмірі, шығармашылығынан сұрақтар қою арқылы қорытындылайды. Үш шапалақ
3 минут Өзін-өзі бағалау парағы
9.Топ басшыларының бағалауын сұраймын.
Топ басшысының ашық журнал бойынша бағалауы
№ Оқушының аты-жөні Үй тапсырмасын орындауы Постер қор-ғауға атсалыс-уы Сабақ-қа белсе-не
қатыс-уы Қорытын-ды бағалауы
1 2 3 4 5 Шартты белгілер: - өте жоғары,
- жақсы,
- орташа, - төмен Әр топтан бөлінген топ басшылары өзідерінің тобындағы оқушыларды шартты белгі бойынша бағалайды. Топ басшысы қорытып бағалайды.
Не сәтті өтті? Оқушылардың «Сиқырлы таяқ» ойыны арқылы тестке жауап бергендері, жазушының өмірі, шығармашылығы, романдағы кейіпкерлер жөнінде топтасып жұмыс істей білуі. Қорытындылауда «Сіз білесіз бе?...» ойыны арқылы бір-біріне сұрақтар қойғандары. Үндемейтін оқушылардың қызығушылығы арта түсуі.
Не сәтсіз өтті? Постер қорғауда оқушылардың көп ойланып отыруы.
Нені дамыта аласыз?
Нені өзгерткіңіз келеді? 1.Оқушыларды топқа бөліп, постер қорғауда өздерін еркін ұстай отырып, еркін сөйлеулері.
2.Әлі де үндемейтін оқушылардың ойын еркін жеткізуіне көп көңіл бөлуін.

Бижанов Сенбай Нағашыбайұлы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы
«№ 4 орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Күні: 12.04.2014 ж. Пәні Қазақ әдебиеті Сыныбы 11а
Сабақтың тақырыбы Мұхтар Шахановтың «Танакөз», «Ғашықтық ғаламаты» поэмасы
Мақсаты Оқушыларға Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылық жолы және «Танакөз», «Ғашықтық ғаламаты» поэмасы туралы өзіндік мағлұматтарын меңгерту. Балаларды адамгершілікке, шынайы махаббаттылыққа, өмірдегі адамгершілік сезімінің жоғары болуына дәріптеу.
Оқыту нәтижесі Жазушының өмір жолы арқылы өзіндік көзқарасын білдіреді, тұжырымды жеткізе білуге үйренеді. Ізденістерге негізделген жұмыс түрлерін өз бетімен, жаңа технологиялық үрдістерге сай орындай білуге дағдыланады.
Түйінді идеясы Оқушылар өзіндік идеялары арқылы ізденімпаздыққа жетеді. Тақырыпты түсіну деңгейін анықтайды және өздіктерінен шешім қабылдайды.
Күтілетін нәтиже Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылық жолындағы мағынасына мән береді және ажыратады. Өздерінің пікірлерін білдіріп, топта бірлесе жұмыс жасауға үйренеді, топта өзара бағалау жүргізіп, бағалаудың мәнісін түсінеді, сыни тұрғыдан ойланып, ой-пікірін жүйелі айтады, АКТ-мен жұмыс жасауға дағдыланады.
Әдіс-тәсілдер «ЖИГСО» әдісі, диалог, топтық жұмыс.
Пәнаралық байланыс Тарих, қазақ тілі
Уақыты Ресурстар Сабақтың мазмұны
3 минут Слайд, «Капитан» ойыны, «Кім шапшаң?» ойыны, «Артис-тер», «Сыншы-лар», Журанлаистер» сөздері жазылған парақшалар Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау
1.Амандасу.
2. «Капитан» ойыны.
Матростар жүреміз.
Матростар еден жуамыз.Матростар түскі ас ішеміз.Матростар құтқару дөңгелегін жасаймыз. Матростар кеме жасаймыз. (балалар топ-топқа 3-4 оқушыдан бөлінеді, сол топ болып саналады)
3.Үй тапсырмасы. «Кім шапшаң?» ойыны арқылы үй тапсырмасын пысықтау. (Қабдеш Жұмаділовтің өмірі, қызметі, шығармашылық жолы мен «Тағдыр» романынан үзінді сұрау) 1.Оқушылар «Капитан» ойыны арқылы топқа бөлінеді. Жеребе бойынша «Артистер», «Сыншылар», «Журналистер» болып топқа бөлінеді.
2. «Кім шапшаң?» ойыны арқылы бір оқушы бір қаланың атын айтады, екінші оқушы сол қаланың аты бойынша соңғы дыбыстан келген дыбыс арқылы келесі қаланың атауын айту керек. Айта алмай жаңылысқан оқушы үй тапсырмасын айтады.
(Қабдеш Жұмаділовтің өмірі, қызметі, шығармашылық жолы мен «Тағдыр» романынан үзінді айтады) Үш шапалақ
30 минут Маркер, постер, ребус, Мұхтар Шаханов-тың шығармалар жинағы. 4.Жаңа сабақ . Ребус арқылы жаңа сабаққа ену. (шешуі: Мұхтар сөзі шығады)
,,,, , ,, ,,,

,,, ,,,,

5. Әр топқа ребус шешкізу арқылы жаңа сабаққа енгізу. Жеребе тастау арқылы «Артистер», «Сыншылар», «Журналистер» тобына бөліп, Мұхтар Шахановтың өмірі, шығармашылығы және «Танакөз» поэмасы мен «Ғашықтық ғаламаты» өлеңінен постер қорғату. 1.Оқушылар «Капитан» ойыны арқылы топқа бөлініп, әр топ ребус шешу арқылы жаңа сабаққа енеді. Жеребе тастау арқылы «Артистер», «Сыншылар», «Журналистер» тобы болып бөлініп, Мұхтар Шахановтың өмірі, шығармашылығы және «Танакөз» поэмасы мен «Ғашықтық ғаламаты» өлеңінен постер қорғайды. Зерттеу жұмыстарын дәлелдеп түсіндіреді. Үш шапалақ
Екі жұлдыз, бір тілек
2 минут Слайд 6.Сергіту сәті.
«Бәрі өз қолыңда» тренингі арқылы оқушылардың өмірге деген құштарлығын ояту. Оқушылар «Бәрі өз қолыңда» тренингін көріп, өмірге деген құштарлығы оянады. 3 минут Смайликтер 7.Кері байланыс. Смайликтер арқылы жүзеге асырамын. Оқушылар өздерінің сабақтан
алған әсерлерін өздері таңдаған
смайликтер арқылы көрсетеді. Үш шапалақ
Қосымша тапсырма
Үйге тапсырма
(2 минут) 8.1.Мұхтар Шаханов туралы деректер жинау.
8.2.Мұхтар Шахановтың «Танакөз», «Ғашықтық ғаламаты» поэмасынан үзінді жаттау. Қорытындылау
(3 минут) 9.«Атқаума» ойыны бойынша әр топтың оқушылары ойнай отырып, жеңілгені сұрақтарға жауап беру арқылы қорытындылайды. Үш шапалақ
2 минут Өзін-өзі бағалау парағы
10.Топ басшыларының бағалауын сұраймын.
Топ басшысының ашық журнал бойынша бағалауы
№ Оқу-шы-ның аты-жөні «Кім шапшаң?» ойынына атсалысуы, ребус шешуі Постер қорғауға атса-лыс-уы Сабаққа белсене
қатысуы Қорытын-ды баға-лауы
1 2 3 4 5
Шартты белгілер: - өте жоғары,
- жақсы,
- орташа, - төмен
Әр топтан бөлінген топ басшылары өзідерінің тобындағы оқушыларды шартты белгі бойынша бағалайды. Топ басшысы қорытып бағалайды.
Не сәтті өтті? Оқушылар жұптасып жұмыс орындағаны.
Не сәтсіз өтті? Тренинг көру барысында кейбір оқушылардың енжарлық танытқаны.
Нені дамыта аласыз?
Нені өзгерткіңіз келеді? 1)Постер қорғауда өзіндік көзқарастарын қалыптастыру және топ басшыларының шынай бағалауы.
2)Постер қорғауда нақты деректерден мысалдар келтіруін.
Бижанов Сенбай Нағашыбайұлы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы
«№ 4 орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Күні: 16.04.2014 ж. Пәні Қазақ әдебиеті Сыныбы 11а
Сабақтың тақырыбы Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» романы
Мақсаты Әбіш Кеклібаевтың өмірі мен шығармашылық жолы және «Үркер» романы туралы өзіндік мағлұматтарын меңгерту. Сөзжұмбақ арқылы жаңа тақырыпқа ену арқылы өзіндік көзқарастарын қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі Жазушының өзіндік өмірдегі өмір жолын меңгеру арқылы өз пікірлерін сенімді әрі дәлелді жеткізе білуге үйренеді. Өз бетімен жаңа технологиялық үрдістерге сай орындай білуге дағдыланады.
Түйінді идеясы Жұптасу арқылы ізнемпаздыққа жетеді. Оқушылар тақырыпты түсіну деңгейін анықтайды және өздіктерінен шешім қабылдайды.
Күтілетін нәтиже Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылық жолындағы мағынасына мән беріп ажыратады. Өз пікірін дәлелді қорғап, топта бірлесе жұмыс жасауға үйренеді, топта өзара бағалау жүргізеді, сыни тұрғыдан ойланып, ой-пікірін жүйелі айтады, АКТ-мен жұмыс жасауға дағдыланады.
Әдіс-тәсілдер «ББҮ» әдісі, «ЖИГСО» әдісі, диалог, топтық жұмыс, зерттеу.
Пәнаралық байланыс Тарих, қазақ тілі
Уақыты Ресурстар Сабақтың мазмұны
3 минут Слайд, «Мен...» ойыны, «Дауыста, атыңды айтамын» ойыны, орамал, таяқ, сөзжұмбақ Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау
1.Амандасу. «Мен...» ҰБТ-ны жақсы тапсырамын. (топқа бөлу: жазушылар, журналистер, әншілер)
2. І.Үй тапсырмасы. «Дауыста, атыңды айтамын» ойыны. (үй тапсырмасы бойынша Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығы және «Танакөз» поэмасы мен «Ғашықтық ғаламаты» өлеңінен үзіндіні жатқа айту)
3)ІІ. Жаңа сабақ . Әр топқа өз орындарынан сөзжұмбақ шешкізу. Жаңа сабаққа ену.
Сөзжұмбақ
Көлденеңнен
1)Күйші, ақын-жазушы тағы кімдерді білесіңдер? (әнші)
2)Республикалық балалар журналының атауы. («Балдырған» журналы)
3)Түйме сөзінің синонимі? (ілгек)
4)Түйе сүтінен не жасалады? (Шұбат)
Ә н ш і Б а л д ы р ғ а н
І л г е К Ш ұ б а т
4) Әбіш Кекілбаев туралы қысқаша мағлұмат беру. 1)Оқушылар «Мен...» ойыны арқылы топқа бөлінеді. Үш топтан үш оқушы шығып, «Дауыста, атыңды айтамын» ойыны арқылы үй тапсырмасы бойынша Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығы және «Танакөз» поэмасы мен «Ғашықтық ғаламаты» өлеңінен үзіндіні жатқа айтады.
2)Әр топ орындарынан сөзжұмбақ шешеді.
3)Слайд арқылы Әбіш Кекілбаевтың өмір жолынан мағлұмат алады.
Үш шапалақ
30 минут Маркер, постер, «Журналистер», «Жазушы-лар», «Әншілер» сөзі жазылған парақ беті, Әбіш Кекілбаев-тың «Үркер» романы кітабы 3. «Журналистер», «Жазушылар», «Әншілер» тобына бөліп, әр топқа жеребе тастау арқылы Әбіш Кекілбаевтың өмірі, қызметі, шығармашылығы бойынша постер қорғату. 4. «Журналистер», «Жазушылар», «Әншілер» тобына бөлініп, әр топ жеребе арқылы Әбіш Кекілбаевтың өмірі, қызметі, шығармашылығы бойынша постер қорғайды. Зерттеу жұмыстарын дәлелдеп түсіндіреді. Үш шапалақ
Екі жұлдыз, бір тілек
2 минут Слайд 4.Сергіту сәті. «Ақыл жолы» тренингі арқылы оқушылардың өмірге деген құштарлығын ояту. Оқушылар «Ақыл жолы» тренингін көріп, өмірге деген құштарлығы оянады. 3 минут Смайликтер 5.Кері байланыс.Смайликтер арқылы жүзеге асырамын. Оқушылар өздерінің сабақтан
алған әсерлерін өздері таңдаған
смайликтер арқылы көрсетеді. Үш шапалақ
Қосымша тапсырма
Үйге тапсырма
(2 минут) 1.Әбілқайыр туралы деректер жинау.
2.Әбіш Кеклібаевтың өмірі мен шығармашылығы және «Үркер» романын оқу. Қорытындылау
(3 минут) 6.«ББҮ» әдісі арқылы оқушылар өздерінің не меңгергендерін қорытындылайды. Үш шапалақ
2 минут Өзін-өзі бағалау парағы
7.Топ басшыларының бағалауын сұраймын.
Топ басшысының ашық журнал бойынша бағалауы
№ Оқу-шы-ның аты-жөні Үй тапсырмасын орындауы, сөзжұмбақшешуі Постер қорғауға атса-лыс-уы Сабаққа белсене
қатысуы Қорытын-ды баға-лауы
1 2 3 4 5
Шартты белгілер: - өте жоғары, - жақсы,
- орташа, - төмен
Әр топтан бөлінген топ басшылары өзідерінің тобындағы оқушыларды шартты белгі бойынша бағалайды. Топ басшысы қорытып бағалайды.
Не сәтті өтті? Оқаушылар тапсырмаларды орындауда атсалысқаны. Постер қорғауды үйренгені. Тренингті көріп, өмірге деген құштарлығының артқаны.
Не сәтсіз өтті? Екі жұлдыз, бір тілек айтуда оқушылардың ойланыңқырап қалғаны.
Нені дамыта аласыз?
Нені өзгерткіңіз келеді? 1)Оқушыларға постер қорғатуды және өзіндік көзқарастарының қалыптасуын.
2)Екі жұлдыз, бір тілек айтуда оқушылардың өзіндік көзқарастарын қалыптастыруды.

«Қарт пен бала» сахналық қойылым
Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің мәртебесін биіктетуге міндеттіміз. Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы- әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалыптасып отыратын баға жетпес мұра. Өмірде мектеп, мұғалім, оқушы арасындағы байланысты нығайта отырып, мектептегі білім алушы шәкірттерге ұлтымыздың тілін, дінін, дәстүрін дәріптеп, құрмет тұтуға баулып отыру әрбір ұстаз бен ата-ананың міндеті десек.Міне осы орайда әрбір мектептерде 22 тамыз бен 22 қыркүйек аралығында тілдер айлығы аталып өтті. Осы тілдер айлығына «№4 орта мектебі» мемлекеттік мекемесінде де «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» тақырыбында жоспар құрылып, іс-шаралар атқарылды. Іс-шара барысында кітапханашы Ж.Құлбарақова «Тілге құрмет-елге құрмет» тақырыбында кітап көрмесін, орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Р. Елманова, Д. Қырғызбаева, Л. Жиенбаева 4-8-сыныптар арасында «Наш язык богат и могуч» тақырыбында сыныптан тыс шарасын, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері А. Есенқазақова, А. Утемамбетова 5-9-сыныптар арасында «Туған тілде сыры терең жаным бар» тақырыбында алтыбақан, математика пәнінің мұғалімі А.Қалыбаева 10-сыныпқа «Елім менің» тақырыбында математикалық эстафета, физика пәнінің мұғалімі Д. Ақылбекова 10-сыныпқа «Ана тілім-ардағым» тақырыбында ашық тәрбие сағатын, бастауыш сынып мұғалімі М. Ашықбаева 4а-сыныбына «Әл-Фараби туралы аңыз» тақырыбында ашық сабағын, биология пәнінің мұғалімдері Ш. Қаржауова, Д. Сүлейменова 8-9-сыныптар арасында «Ойлы болсаң, озып көр» тақырыбында сайыс, бастауыш сынып мұғалімі
С. Құлмұратова 2а-сыныбына «Тіл тағдыры-ел тағдыры» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізсе, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Бижанов 5а-сыныбына «Тілдің мерейі-елдің мерейі» атты әдеби кеш өткізді. Әдеби кеш барысында оқушылар белгілі ақындардың тіл туралы жазған өлеңдерінен үзінді оқып, «Әнші дауысы» термесі, «Рух пен тіл», «Анамның тілі-аяулы үні» әндерін орындаса, бір топ оқушылар «Елдің баласы екенсің», «Сырласу», «Қарт пен жігіт» тақырыптарында сахналық қойылымдарын қойып, өздерінің тілге, дінге, ата дәстүрімізге деген құрметтерін көрсете білді. Апталықтың жабылу барысында мұражайшы Ж. Раева, ұйымдастырушы педагог С.Тахаева, тәлімгер Г. Қалабаева
4-9-сыныптар арасында «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» тақырыбында кеш ұйымдастырып өткізді. Әрбір өткізген іс-шара кезінде мұғалімдер де, оқушылар да өздерінің өн бойындағы сезімдері оянып, қазақ халқының ұлттық тіліне, дініне, дәстүріне деген патриоттық сезімдері арта түсті.
Бижанов Сенбай Нағашыбайұлы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы
«№ 4 орта мектебі» ММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мерейің үстем болсын!
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп дана Мұхтар айтқандай, бүгінгі жас ұрпақты қоғам мүддесіне сай білім нәрімен сусындату және оларды елін, жерін, халқын көзінің қарашығындай қорғайтын ұлтжанды, отаншыл азамат етіп тәрбиелеу -әрбір ұстаздың міндеті. Алайда, біліммен қоса тәрбие де бірге жүретіні баршамызға аян. Білім мен тәрбие-егіз ұғым десек. Орыстың ұлы ғұламасы Л.Толостой «Тәрбие мен білім ажырағысыз. Білім бермей тәрбиелеу мүмкін емес, ал білім тәрбие арқылы бойға сіңеді» десе, ұлы ойшыл Әбунасыр әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» деп, жеке тұлғаның қалыптасуына қаншалықты қажет екенін нақты атап өткен. Бұл ұлағатты сөздерге әрбір ұстаздар жауапкершілікпен қарап, осы қасиеттерді жас ұрпақтардың бойына қалыптастыру қажет екендіктерін көрсетеді. Осы тұрғыда «№ 4 орта мектебі» мемлекеттік мекемесіндегі 1а-сыныптың мұғалімі Сарина Ғалия Асылбекқызы жас бүлдіршіндерге тәлім-тәрбие беруде «Көне көз қария-ақылы мол дария» тақырыбында әжелермен кездесу кешін өткізді. Ата-бабаларымыздың асыл сөздерін, нақыл сөздерін, мақал-мәтел, жұмбақтарды, ырым сөздерді жеке тұлғаның бойына дарыта отырып, кездесуге келген әжелеріміз Балмұханова Қалеш, Қосжанова Тотия өздерінің немерелерімен бірге болып, сонау балалық шаққа барып келгендей болды. Себебі, келген әжелерге сыныптың жас бүлдіршіндері өздерінің бойларындағы сауалдарын қойып, бір-бірлерімен мақал-мәтелдің жалғасын табу, жұмбақтар шешу, ырым сөздердің мән-мағынасына тоқталу секілді өзара өзіндік ойларын ортаға салды. Кездесу кешінің соңында жас бүлдіршіндер мектептен кішкене уақыт болса да үйренгендерін ортаға салып, шағын концертін ұйымдастырса, осы концертті тамашалап, тамсанып отырған әжелеріміз үлкен алғыстарын білдіре келіп, жас бүлдіршіндер мен мұғалімі Сарина Ғалия Асылбекқызына ақ батасын берді.
Бижанов Сенбай Нағашыбайұлы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы
«№ 4 орта мектебі» ММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі