Тіл дыбыстары та?ырыбында?ы саба? жоспарыны? презентациясы


Ашық сабаққа қош келдіңіздер!Дайындаған: Қуанышбек З.Қ.«№23 ЖББОМ» КММ Айналаға алақанмен,Жылулықты шашайық.Сәттілік тілеп, күлімсіреп,Біз сабақты бастайық! Лексика тарауын қайталайық!1.Мына сөйлемдердегі тура және ауыспалы мағынада тұрған сөздерді табыңдар:Ыстық күн төбемнен өтіп барады. Ыстық сезім бойын биледі. Терең көлді мұз басыпты. Оқушылар терең білім алды.2.Өздерің оқыған бір жұмбақ төрт сөзден құралған. Оның біріншісі – сарай сөзінің синонимі, екіншісі – астында сөзінің антонимі, үшіншісі – ірі сөзінің антонимі, төртінші сөзі –тау жынысты қатты зат. Ол не деген жұмбақ? 3.Синонимдік қатарға кірмейтін сөзді алып таста: аласа, кіші, тәтті; бағалы, қымбат, құнды, дұшпан, маржан; көп, үлкен, мол, қыруар; қатыгез, қас, сұлу, жау;(Үй үстінде ұсақ тас)

4. Берілген суреттерге қарай отырып тұрақты тіркестерге мысалдар келтір: 1. Ағаштарды жарамын,Гүлге келіп қонамын. 2. Ұйықтап жатып көремін,Мезгілді де білемін. Сабақтың тақырыбы:Тіл дыбыстары (Фонетика) Сабақтың мақсаты:Тіл дыбыстары туралы бастауышта алған білімдерін еске түсіре отырып, тіл дыбыстары туралы, дыбыстау мүшелері туралы жалпы түсінік беру Фонетика-(гректің «фоне» деген сөзі негізінде қолданысқа енген) Фоненің мағынасы-дыбыс,үн, дауыс.Фонетика-тіл дыбыстарының жүйесін, жасалуы мен ерекшеліктерін,әр түрлі сипаты мен бір-бірімен тіркесу заңдылықтарын зерттейтін тіл білімінің саласыТіл дыбыстары, біріншіден, адамның дыбыстау мүшелері арқылы пайда болып шығатын дыбыстар, екіншіден, белгілі жүйелік сипаты бар , саны шектеулі ғана дыбыстар, үшіншіден, белгілі ұғымды білдіретін сөз құрайтын ең кіші тілдік бөлшек болып табылады. Сөйтіп, тіл дыбыстары жеке тұрғанда ешбір мағына білдірмей, мәні болмаса да, белгілі бір жүйемен, тәртіппен тіркесуі арқылы бір ұғымның атауы болып табылатын, мағынасы бар сөзді құрайды. Мына сөздерге назар аударыңдар, сөздердің қандай өзгеріске ұшырап тұр?:Бас, тас, жас, қас, лас Ескек, кек, екҚал- лақ, түс- сүт, кел- лек Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелері арқылы жасалады: тыныс жолы мүшелері, ауыз және мұран қуысы мен иек, жақ жатады. Тыныс жолына өкпе мен көмей, желбезек (дауыс шымылдығы), ауыз қуысына тіл, ерін, езу, тіс, таңдай, кішкене тіл жатады. Тіл дыбыстары осы мүшелердің қатысуы арқылы жасалады да, сол мүшелердің ерекшеліктеріне қарай дыбыстардың сипаты анықталады. Адасқан әріптерді орнына қой. Кім жылдам?і, м, б, л, і ,ш, о, б, а, л, қ, а к, р, е, м, т, е, е, с, ұ, з, а, тк, т, е, м, е, т, е, а, л, а, д 235-жаттығу: Метаграммаларды шешіңдер. Өздерің де осылай етіп метаграммалар жазып келіңдер.Үй жұмысы: Назарларыңызға рақмет!