Тіл тірегіміз-со?ып т?р?ан ж?регіміз т?рбие саба?ы
Өткізген: Рысмағанбетова Б.Ж
Науырзым ауданы
Қарамеңді селосы.
Тақырыбы:
«Тіл- тірегіміз соғып тұрған жүрегіміз»
Мақсаты:• Балалардың қазақ тіліне деген ынтасын жандандырып, тілді құрметтеу, өзін құрметтеу, тіл - біздің ертеңіміз, тіршілігіміз, өміріміз екенін түсіндіру.
Өзге де тілді құрметтеуге тәрбиелеу.Қанатты сөздер:• «Ана тілі жоқ жерде ұлт жоқ».Ш. Айтматов• «Үш тұғырлы тіл-болашағымыздың ертеңі»Құрметті балалар Тіл - халықтың жаны, сәні (Язык - душа народа). Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Ендеше, тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үшін үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық тіл, ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» делінген. Тек қазақ жұрты ғана емес, барша қазақстандықтар осы үш тілді өзара ұштастырып, өз орнымен қолдана білулері қажет.
1 бөлім. Аламан бәйге1. «Қазақ хрестоматиясының» авторы Ы. Алтынсарин2. Autumn қай мезгіл? Күз3. «Екінші» сөзі ағылшынша қалай? Second.
4. Отан сөзінің орысша аудармасы? Родина5. Семь қазақ тілінде айтылуы? Жеті.2 бөлім. «Жеті жұрттың тілін біл»(мақал ішіндегі белгілі бір сөздің үш тілде аудармасын айту керек)1.Бала тілі-бал. ( тіл - язык - hanguage)2. Еріншектің ертеңі таусылмас.( ертең - завтра - tomorrow)3. Ақылдың көркі - тіл, тілдің көркі - сөз ( сөз - слова - word)4. Ана тілің - арың бұл, ұятың болып тұр бетте. ( бет - лицо - face)5. Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі - ортақ. (Қол - рука - hand)
3 бөлім. «Мақал - сөздің көркі»1. В гостях хорошо, а дома лучше.
Өз үйің өлең төсегің.East or West, Home is best.2. Не все золото, что блестит.
Жылтырағанның бәрі алтын емесA friend in need is a friend indeed.3. Друзья познатся в беде.
Досыңның қандай екені басыңа іс түскенде білесің.All that glitters is not gold.4. Лучше поздно, чем никогда.
Ештен кеш жақсы.Bad news travels fast.4 бөлім. ҚорытындыМіне, балалар тіл - халықтың байлығы, қазынасы. Тілді таза ұстап, қастерлеп, құрметтеуіміз керек. Мемлекеттік тілді жоғары дәрежеде меңгерейік. Ана тілін қадірлей отырып, өзге тілді білуге ұмытылу - уақыт талабы.