MS Word ба?дарламасымен танысу. Ашы? саба?.
Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word мәтіндік бағдарламасы
Сабақтың мақсаты:
білімділігі: мәтіндік редакторда жұмыс істеуді, терезе элементтерін қолдану тәсілін
меңгерту, құжатты форматтау үлгілерін сабақ барысында қолдануға дағдыландыру;
тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру;
дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
Сабақтың міндеттері:
-студенттердің алған білімдерін іс жүзінде ұштастыруға, логикалық ойлау қабілеттерін, ойын технологияларын арқылы дамыту, компьютерлік сауаттылықтарын арттыру.
-өз жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулуды арттыру, оның қадір-қасиетін ұғынуға, іскерлікке, ұқыптылық тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту сабағы
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, мультимедиялық проектор
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Студенттермен амандасу, түгендеу, сабаққа даярлығын қадағалау
Үй тапсырмасын тексеру:
1) Microsoft Office пакеті құрамы және оны құру мақсаты.
2) Microsoft Office пакетінің негізгі мүмкіндіктері.
3) Microsoft Office тақтасы және оның терезесінің элементтері.
3. Жаңа сабақ
А)Microsoft Office Word (күнделікті — MS Word, WinWord немесе жай ғана Word) — Macintosh компьютерлерінде және Windows, DOS ортасында жұмыс істейтін, қазіргі кезде кең таралған, ең қуатты мәтіндік процессорлардың бірі. Құжаттарды даярлауға, түзетуге, қарап шығуға, баспаға шығаруға арналған Windows ортасының қолданбалы программасы. Оның соңғы нұсқалары шағын баспа жүйесі ретінде кітап, газет- журналдар шығаруда кеңінен қолданылады. Microsoft Office Word дегеніміз компьютерде құжаттар жасауға мүмкіндік беретін бағдарлама болып табылады. Суреттер немесе өң сияқты түрлі-түсті фотосуреттер немесе көрнекі суреттер пайдаланып әдемі мәтін жасау және карталар мен кестелер сияқты деректер қосу үшін Word бағдарламасын пайдалануыңызға болады. Оған қоса, Word бағдарламасы мәтін жасау үшін түрлі көмекші мүмкіндіктерді береді, олардың көмегімен мақалалар немесе есептер сияқты іскери құжаттарды оңай аяқтай аласыз. Сондай-ақ, ашықхат немесе хатқалта мекенжайларын басып шығаруыңызға болады. Word бағдарламасы құжаттар, электрондық кестелер мен көрмелер жасауға және электрондық поштаны басқаруға арналған бағдарламаның бірнеше түрлерін біріктіретін өнімдердің бумасы болып табылатын «Office» бумасының бір бөлігі болып табылады.
Ә)«Microsoft Word бағдарламасына кіріспе» презентациясын іске қосу (1 слайд)
Сонымен қысқаша жазып алайық (3 слайд) —
Microsoft Word іс жүзінде қазіргі мәтіндік процессорлардың барлық қажетті сапаларына ие:
Құжаттарды құру және теру;
Қаріптер жиынын пайдалану арқылы оларды пішімдеу;
Кестелер, графиктер, математикалық формулаларды пайдалану;
Емле ережесін тексеру және сөздерді автоматты тасымалдау;
Іскер хаттарды, келісім шарттарды, есеп беру формаларын және т.с.с. дайындауға Шеберді (Мастерді) жәнеШаблонды пайдалану.
Мәтіндік процессордың кемшіліктері (4 слайд):
Математикалық формулаларды енгізу күрделі;
Растрлық графикаларға арналмаған.
Мәтіндік процессорды бірнеше әдіспен іске қосуға болады (5 слайд):
Негізгі менюден Жіберу – Программалар –Microsoft Office –MS Word командаларын орындау арқылы;
Жұмыс үстеліндегі таңбашамен.
Мicrosoft Office тақтасындағы батырмалармен.
Microsoft Word қосымшасын іске қосқаннан кейін экранда мәтіндік редактордың стандартты терезесі пайда болады (6 слайд).
Онда құжаттың мәтінін бірден теруге болады.
Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, аспаптар панелі, пішімдеу панелі, сызғыш және мәтін енгізілетін терезенің жұмыс беті.(7 слайд)
Терезенің тақырыбында құжат аты мен программаның аты көрсетіледі.
Аспаптар панелінде ең жиі қолданылатын шақыруға арналған батырмалар бар. Қандай да бір батырманың міндетін білу үшін оған маусты орнатсақ біраз уақыттан соң оның астыңғы жағында берілген батырманың қысқаша атауы көрсетілген шағын жақтау пайда болады. Батырманың атауы оның орындайтын функциясын көрсетеді.
Терезедегі екінші панель – бұл Пішімдеу панелі. Онда да мәтінді пішімдеу командаларына жылдам шығу батырмалары бар. Кірістіру нүктесі – жыпықтап тұратын тік сызықша. Ол мәтінді енгізгенде символ қай жерде пайда болатынын көрсетеді. І меңзер – терезенің жұмыс аймағында маустың нұсқағышы І латын әрпінің түрі, ал жұмыс бетінің сыртында маус нұсқағышының кәдімгі стандартты жебе түрінде болады.
Б)Мәтіндік құжат құру
Құжат мәтінін теруді бастамас бұрын, қаріпті, оның өлшемін таңдап алу керек.
Мәтінді енгізгенде жолдың соңында <Enter> пернесін басудың қажеті жоқ. <Enter> пернесін абзац саңында басу керек, сонда көрінбейтін абзац соңының маркері оратылады.
Құжат бетімен орын ауыстыру үшін Word Pad-тағы сияқты меңзер басару пернелері мен арнайы пернелер мернелер үйлесімі қолданылады.
Сонымен қатар құжат бетімен орын ауыстыру үшін көлденең және тік айналдыру жолақтарын пайдалануға болады.
Айналдыру жолағында сырғытпа деп аталатын кішкене шаршылар болады. Маус батырмасын сырғытпада шертіп, оны босатпай, қажетті бағытта орын ауыстыру үшін сырғытпаны жоғары не төмен жылжытыңдар.
Мәтін енгізгенде өздерің оқып үйренген Word Pad мәтіндік редакторының жұмыс әдісі қолданылады.
Егер сендердің мәтінді немесе дұрыс терілмеген символды өшірулерің қажет болса, онда сол пернелерді пайдалануларыңа болады:
<Baskspace> — меңзердің сол жағындағы символды немесе мәтінді өшіруге арналған;
<Delete> — меңзердің оң жағында орналасқан мәтінді немесе символды өшіруге арналған.
Мәтіндік редакторда мәтіннің бүтін блоктарын да өшіруге болады Ол үшін жоюға тиіс блокты белгілеу керек. Мәтінді белгілегеннен кейін <Delete> пернесін басыдар. (Мәтін блогын белгілеу үшін сол әдісті қолданға болады маустың батырмасын блоктың басында шертіңдер де, оны жібермей нұсқағышты блоктың аяғына жылжытыңдар. Немесе<Shift> батырмасын басылу қалпында ұстап, меңзерді Басқару батырмаында шертіңдер.)
Мәтіндік процессор жұмысын дұрыс аяқтау үшін келесі әдістерді орындауға болады:
(8 слайд)
Файл =>Шығу командаларын таңдаңыз;
Alt +F4 батырмалар комбинациясын басыңыз
Microsoft Word бағдарламасының атаулар жолының оң жақтағы жоғарғы жабу батырмасын шертіңіз.
Alt +F4 батырмалар комбинациясын басыңыз
В)Word редакторына тән қосымша элементтер
Терезеде Widows жүесінде кездесуге тиіс стандартты көптеген элементтер бар. Қалып жолында мұнан басқа қара түске боялып белгілі бір режимнің іске қосылып тұрғанын, ал сұр түсті болса — іске қосылмағанын білдіріп тұратын жұмыс режимі индикаторлары бар: ЗАП — макрокомандаларды жазу (записать) режимі іске қосылған екпінді күйде екенін көрсетеді; ИСПР — түзелетулерді (исправления) белгілеу режимі екпінді күйде, олар құжаттың соңғы ңұсқасына қандай өзгерістер енгізілгенін білдіреді; ВДЛ — белгілеулерді кеңейтетін ( Расширить выделения) F8 пернесі екпінді күйде, яғни фрагментті ерекшелеп алып, оны кеңейту режимі іске қосылған, бұл режим ерекшелеу мөлшелерін F8 арқылы кеңейтуге болатынын (бір символға, сөзге, сөйлемге т.б.) көрсетіп тұрады. Ерекшеленген мөлшерді кішірейту — Shift + F8 арқылы, ал ерекшелеуді тоқтату — Esc арқылы орындалады; ЗАМ — символдарды аустыру режимі екпінді күйде, символдарды ығыстырып енгізу режимі орындалса, ол сұр түске боялады. Бір режимнен екіншісіне ауысу — INSERT пернесін басу арқылы жүргізіледі. Сонымен, жоғардағы режимдерді іске қосу немесе қоспау режимдері белгілі бір пернелік командалармен орындалады. Оған қосымша, сол режимді қарама – қарсы күйге ауыстыру қалып жолына жалғаса орналасқан қажетті индикаторға тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шертумен де орындалатынын білген дұрыс. Цифорлық таңбалары бар көлденең және тік жылжу белдеулері мәтін ішіндегі курсор тұрған орынды бағдарлау мүмкіндігін береді.Бірақ бұл жылжу белдеулері Word редакторында бұрынғыдан маңыздырақ қосымша функциялар атқарады. Көлденең орналасқан сызғыш (белдеу) арқылы тышқан көмегімен:
абзац алдындағы жаңа жол басын;
беттің сол жақ және оң жақ шеттерінде қалдырылуға тиіс бос орындар ( поле) аумағын;
мәтін аралықтарындағы кесте бағаналарының енін;
көлденең табуляция позицияларын өзгертуге, олардың жаңа мәнін бекітуге болады.
Тышқан курсорымен осы шамалардың мәндерін өзгерткенде олардың тек сол абзацқа қатысты екенін естен шығармаған абзал. Ал енді тік орналасқан сызғыш, терезенің сол жақ жақтау бойында орналасқан.Оның көмегімен беттің жоғарғы және төменгі жақтарында қалдырылатын бос орындар алмағын және де кестелер жолдары биіктігін өзгертуге болады. Тік сызғышты көрсетпей, алып тастауға болады, онда сіздің мәтіндеріңізде берелетін орын ұлғаяды. Дегенмен ол бейнеленіп тұрса, мәтінді форматтау жұмыстары жылдамырақ орындалады. Қарап шығу режимдерінің батырмалары қалып-күй қатары маңындағы көлденең жылжу алабының сол жақ шетінде орналасады да, олар мыналардан тұрады:
кәдімгі режим батырмасы – бұл қарап шығу режимі келісім бойынша редакторға кіргенде бірден қабылданады. Ол мәтінді форматтау элементтерін қарапйым түрде көрсете отырып, беттерді бөлу шекараларын пунктир – сызықшамен бейнелеп, символдарды тексеру, түзету және қарап шығу процесін жылдам орындайды.
беттерді белгілеу режимі мәтін қағазда қалай орналаса, айнытпай солай бейнелейтін режим болып есептеледі, мұнда форматтау, мәтінді түзету өте ыңғайлы, өйткені қағаз шеттері айқын көрініп тұрады.
құрылым режимі, құжатты толық бейнелемей, теқ тақыраптарын көрсете алады, сол себепті мәтін тақыраптарын бастан аяқ қарап отырып, оны бақылау мүмкіндіктерін береді. Ал оны т үйіндемей, ашылған күйде бейнелесек, өте көлемді мәтін өңделгенде, оның белгілі бір бөліктерін түгелдей аустыруға, көшіруге және оның құрылымын байқап отыруға ыңғайлы режим болып саналады.
Аспаптар тақтасы командалар мен іс — әрікеттерді жылдам орындау үшін ең ыңғайлы жағдай жасайды. Оны пайдалану тышқан қолтетігінің немесе соған ұқсас басқа құрылғының көмегімен жүргізіледі. Аспаптар тақтасының белгілі бір командасын орындау сол командаға сәйкес батырманы тышқанмен шерту арқылы орындалады. Бұл тақтаны әрқашанда пайдалануға болады, өйткені,қалауымыз бойынша, ол құжат терезесінің жоғарғы жағында тұрақты көрініп тұрады. Меню жолының төменгі жағында Стандарты және Форматтау әрікеттерін ғана атқаруға арналған Аспаптар тақтасы орналасқан. Бұл екі тақтадан басқа Word редакторында бірсыпыра әрекеттерді атқаратын тақталар (Сурет салу, Көмек алу және т.б.) бар. Нақты тақталар мен олардың әр түрлі батырмаларының атқаратын қызметі жұмыс барысында түсіндіріледі. Терезенің негізгі элементінің бірі болып, бірнеше мәтіндік құжаттар қатар орналаса алатын терезелерден тұратын, ашық түске боялған жұмыс алмағы (рабочая область) болып саналады.
Г) Жаңа құжатты даярлау
Word іске қосылған соң, экранда 1- құжат (Документі) деген бос Терезе пайда болады. Құжаттың бұлай аталу себебі Word программасы іске кіріскен кезден бастап, бұл сіздің 1-құжатыңыз болып саналады.Келесі құжат 2-нөмірлі, онан кейін 3-нөмірлі т.с.с. болып әрбір келесі құжат нөмірі осылай өсіп отырады. Егер ашылған 1-құжат жабылса да, осы тереземен жұмыс істеп отырғанда (осы сеанс кезінде) даярланған келесі мәтін 2-құжат болып нөмірленеді. Жаңа құжат ашарда Word оны құру үшін белгілі бір шаблонды (нұсқаны) пайдаланады. Нұсқа жаңа құжатты форматтау параметрлерін анықтайды. Бұл параметрлерге шрифтегі таңбалар сызылымы, парақ айналасындағы бос қалдырылатын өрістер (поля) мәні, табуляция символдары және т.б. жатады.Нұсқалардың бұлардан басқа мынадай элементтері болуы мүмкін:
мәтін (мысалы, жоғарғы немесе төменгі колонтитулдар немесе бет нөмірлері);
кестелер (таблицалар);
төртбұрышты жақтаулар (керегелер);
графикалық бейнелер;
кейбір арнайы құралдар (макрокомандалар, батырмалар, айта берсек аспаптар тақтасы) және т.б.
Алдын ала келесім бойынша, жаңадан ашылған құжат «Кәдімгі» нұсқа (шаблон «Обычный») бойынша жасалады.Word редакторын алғаш қы рет компьютерге орналастырғанда оның құрамына мынадай стандартты нұсқалар кіруі тиіс, олар: іс қағаздары, қызмет жазбалары; газет беттері; т.б. типтегі құжат түрлері. Бұл нұсқалар ішінде бірден толтырылуға тиіс стандарты өріс жолдары (Кімге, Кімнен, Дата) мен дайын сөз тіркестері болғандықтан, олар әркімнің уақыттарын тиінді пайдалануды қамтамасыз етеді. Арнаулы нұсқаларды пайдалану дайындалған құжаттарға біркелкі стиль береді.
Д) «Құжат ашу» сұхбат терезесiнiң мүмкіндіктері
«Құжат ашу» терезесінің тек бір функциясы ғана — файлдың аты мен орны белгілі болғанда оны ашу жолын қарастырады. Бірақ бұл сұхбаттасу терезісінің әрбір адамға берер біраз мүмкіндігі баршалық . Сонымен, «Құжат ашу» терезесінің (немесе оның Аспаптар тақтасы) қосымша мүмкіндіктері :
файл іздеуді жүзеге асыр ;
мәтіндік құжат ашу ;
файлды басқа орынға орналастыру;
файлды қиып алу ( алмасу буфері арқылы ) ;
файлдың көшірмесін алу;
жарлықты дйындау ;
файылды жою;
файл атын өзгерту ;
файл қасиеттерін қарап шығу;
файлды ашпай-ақ, оны жылдам қарап шығу;
файылдағы мәліметті тек оқу үшін ашу;
файлды қағазға басып шығару;
бумадағы файлдарды реттеу.
Негізінен алғанда, «Құжат ашу» сұхбат терезесі кішігірім информациялық іздеу жүйесінің функциясын атқара алады. Жоғарыда көрсетілген барлық іс — әрекеттер «Құжат ашу» сұхбат терезесінің басқару тақтасы мен тышқанның оң жақ батырмасы арқылы ашылатын контекстік жанама менюлер жүйесі көмегімен орындалады. «Құжат ашусұхбат» терезесінің басқару тақтасы көрсетілген, ал төменде батырмалардың атқаратын қызметтері көрсетілген. «Құжат ашу» терезесінің басқару тақтасы батырмаларының атқаратын қызметтерін былай суреттеуге болады (солдан оңға қарай): Бір деңгей жоғары өту — бумалар сатысымен жоғары бір деңгейге өтуді жүзеге асырады. Өз буманды ашу — өзіңнің пайдалануына арналған буманы ашады. Өз бумаңа орналастыру — құжатты өз бумаңа орналастырады. Майда белгілер — бумалар тізімін олардың шартбелгілері (пиктограммалары) мен атын жазу арқылы бейнелейді. Кесте — бумалар тізімі кесте түрінде олардың соңғы өзгертілген мерзіммен бірге бейнеленіледі. Қасиеттерін шыару — экранға осы құжат туралы мағлұматтар шығару: дайындалған, не өзгертулер енгізілген уақыты, көлемі және т.б. Ішкі мазмұнын шығару — құжатты экранда жылдам қарап шығуды жүзеге асырады . Командалар мен режимдер — оқу, қағазға басу, іздеу, сұрыптау командаларының тізімін ашады .
Егер файл туралы кесте көмегімен информация берілген мәліметтер жеткіліксіз деп санасаңыз, Қасиеттерін шығару батырмасын басу қажет . Сол кезде берілетін қосымша мәліметтерден іздеп отырған керекті файылыңыз осы екенін (немесе осы емес екенін) анықтай аламыз. Алдыңғы сабақта файл туралы қосымша информация енгізу керектігі айтылып еді, енді «Құжат ашу» сұхбат терезесі арқылы файл іздегенде сондай информацияның қажеттілігіне көзіңіз толық жетеді. Ішкі мазмұнын шығару батырмасын пайдаланып құжатты ашпай — ақ, оның бас жағынын жылдам қарап шығуға болады. Бұл мүмкіндік іздеу жүйесі арқылы ішкі мәтіні ұқсас бірнеше файл тапқанда өте қажет болады. Табылған файлдар ішінен керегін оқи отырып осылай анықтайды. Ішкі мазмұнын шығару батырмасыарқылы табылған файлдар мәтінінің бас жағын қарап алып барып, тек керектісін ғана терезеге шығаруға болады.
Е)Құжатты сақтау. Құжатты сақтау үшін Файл менюінде Сақтау (Сохранить) командасын таңдау немесе батырмасын шерту қажет.
Құжатты бірінші рет сақтағанда Құжатты сақтау (Сохранение документа) диалогтік терезесі пайда болады.
Бума өрісінде дискіні, ал төмен орналасқан өрістен құжат сақталатын буманы, ал Файл типі (Тип файла) өрісінде құжат сақталатын форматты таңдаңыз.
Файл аты (Имя файла) өрісінде файлдың атын жазып, Сақтау батырмасына басыңыз.
Қайталап сақтау кезінде Құжатты сақтау диалогтік терезесі шықпайды, құжат автоматты түрде сол файлда сақталады.
Құжатты басқа атпен сақтау немесе басқа бумада сақтау үшін Файл менюінен Қалай сақтау керек (Сохранить как) командасын таңдаңыз, содан кейін экранда Құжатты сақтау терезесі пайда болады.
4.Жаңа сабақты бекіту
А)Microsoft Office Word бағдарлама не үшін арналған бағдарлама?
Ә) Мәтіндік процессордың қандай кемшіліктері бар?
Б) Мәтіндік процессор іске қосу және жұмысын дұрыс аяқтау үшін қандай әдістер бар?
В) Жаңа Microsoft Word құжаты қалай құрылады?
Үйге тапсырма.§8.Word мәтіндік бағдарламасы 118-129 беттер
Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
Бағалау.